Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны: 25
|
Қатыспағандар саны: 0
|
|
Бөлім
8-сабақ
|
Адам жанының құпиясы
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятының сюжеттік желісі
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
9.1.1.1 Түсіну және жауап беру: Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.
|
|
Сабақ мақсаты
|
Хикаяттың мазмұнына шолу жасап, сюжеттік желісін анықтайды. Хикаяттың сюжетіне композициялық талдау жасайды. Хикаяттың құрылымдық ерекшелігіне мән беріп, оған өзіндік көзқарасын білдіреді.
|
|
Бағалау критерийлері
|
-Хикаяттың сюжеттік желісін анықтайды.
-Хикаяттың сюжетіне композициялық талдау жасайды.
-Хикаят мазмұнына өз көзқарасын білдіреді.
|
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Хикаяттың мазмұнымен толық танысып, сюжеттік желісі арқылы композициялық талдау жасайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Байлардың малға мінетін ер-тоқымы, жер-ошақ, обаның белесі, сүрлеу, жаппас, т.б.
Әдебиет теориясы: Жазушы, жанр, проза, әңгіме, хикаят, пролог, эпилог, сюжеттік желі, композиция
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Проза және хикаят дегеніміз не?
2. Поэзиялық шығармалардан айырмашылығы қандай деп ойлайсыңдар?
3. Бейімбет Майлин кім?
4. Бейімбет Майлиннің қандай еңбектері бар?
5. Бейімбет Майлиннің ақындығы, жазушылығы, драматургиясы жайлы естігендерің бар ма?
6. Шығармада қандай оқиға баяндалады?
7. Шығарманы автор кімнің атынан баяндап жатыр?
8. Шығарманы баяндаушы кім?
9. Шығармадағы оқиға қай кезеңді суреттейді?
Не себепті........ Сіз қалай ойлайсыз?
|
|
Құндылықтарға баулу
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият: Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық
|
|
Пәнаралық
байланыс
|
Қазақстан тарихы, қазақ тілі
|
|
Алдыңғы оқу
|
Проза және хикаяттың поэзиялық шығармалардан айырмашылығын сұрау, адам жанының құпиясы тақырыбына қатысты қандай шығармалар оқығанын сұрау
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |