Оқу бағдарламасы (8 жастан -10 жасқа дейінгі баларға арналған)



бет2/5
Дата20.02.2023
өлшемі34,87 Kb.
#69512
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Мақсаты мен міндеті:
Бағдарламаның мақсаты : шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.


Бағдарламаның міндеттері:

- Шахматтың шығу тарихымен таныстыру;


- Ойын ережелерін үйрету;
- Оқушыларға шахмат ойыны туралы теориялық білім беру, сайыстар өткізу ережелерімен таныстыру.
Жетілдіру:
- Тұлғаның логикалық ойлауын, есте сақтауын, орнықтылығын жаңа басқа да жағымды қасиеттерін жетілдіру;
- Төзімділігін, өз өзіне және қарсыласына сынмен қарауын;
- Логикалық ойлау әлемі мен бейнелеп ойлаудың сұлулығын бойлатып, қоршаған орта туралы елесін кеңейту;
Тәрбиелік:
- Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру;
- Өзін тәртіпке салуға тәрбиелеу;
- Еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге.
- Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.
Болжамды шығармашылық нәтижелер.

«Шахмат» үйірмесінің басты мақсаты оқушының зейіні мен ынтасын дамыту; визуалды-бейнелі ойлауды дамыту; оқушылардың сабақтан тыс уақытында қоғамдық пайдалы және бос уақыттарын ұйымдастыру; оқушыларды әртүрлі іс-шараларға қосу; жағымды коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту; еңбексүйгіштікке, қиындықтарды жеңе білуге, нәтижеге жету жолында табандылыққа тәрбиелеу.


Көзделіп отырған нәтижелер деп келесі дағдыларды атап өтуге болады:
- Жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуында;
- Ойын барысында шахматтық есептер мен этюдтарды шешу барысында қалыптасатын іс әрекеттері.
- Ойынға сараптама жасауымен;
- Арнайы әдебиеттерді оқуымен;
- Үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері.


Оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет