4 – тоқсан – қаңтар, ақпан айларында ашық сабақ, ата-аналар жанкүйер болып қатысады. Балалар арасында ең үздік шахмат ойыншысын анықтау мақсатында сайыс өткізіледі. Жыл қорытындысы бойынша қалалық, облыстық сайыстарда жетістікке жеткен балаларды марапаттау салтанаты.
Айлар реті
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
2
1-тоқсан 1-халық әні
3-тоқсан соңында 1-күй
4-тоқсан ортасында 1-күй
4-тоқсан соңында 2-күй
Сабақ өткізу үшін қажетті балалардың жеке құрал-жабдықтары мен киім- кешегі туралы мәліметтер. Өнім беруші тарапынан ұсынылатын құрал-жабдықтар:
Мұғалімге арналған ноутбук, интерактивті тақта, оқушы тақтасы
МФУ -1 шт
Оқушы үстелі 2 оқушыға 1 шт және орындық әрбір оқушыға
Үлестірме материалдары
Көрнекілік материалдар (баспадан шығарылған және цифрлық нұсқада)
Әдебиеттер, web-сілтемелер, видеоматериалдар
Өнім беруші бекіткен шығармашылық үйірмеге қатысу регламенті. «Бекітемін»
«НиКоНа» ЖШС директоры
____________ Жолдасова Г. Т.
«_____» _____________ 2023ж.
Үйірмеге қатысу регламенті
Жалпы ережелер
Осы «НиКоНа» ЖШС үйірмелеріне қатысу регламенті (бұдан әрі-Регламент) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі №265 бұйрығына және басқа заңнамаларына сәйкес әзірленген.
Үйірмеге қатысу «Мәдениет және спорт министрінің 20211 жылғы 15 қыркүйектегі №265 бұйрығына сәйкес» және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарсы келмейтін негізде жүзеге асырылады.
Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Оператор-облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру рәсімін басқаруды орындауға уәкілеттік берілген оның құрылымдық бөлімшесі;
Өнім беруші- «НиКоНа» ЖШС
Көрсетілетін қызметтің нәтижесі ретінде Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысанда сертификат беріледі.
Мәдениет және спорт министрінің 20211 жылғы 15 қыркүйектегі №265 бұйрығына сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда және тағы да басқа талаптар орындалмаған жағдайды қызмет көрсетуден бас тартылады.
Мемлекеттік қызметті көресетуге қойылатын талаптар
Аталған өнім беруші қызмет кқрсету орны: Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Гоголь көшесі, 91 үй. Сабақтардың өтуі демалыс және мейрам күндерін қоспағанда дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18:00-ге дейін(түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпарат https://darabala.kz/ интернет ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8 702 611 33 27 байланыс телефоны арқылы білуге болады.
Үйірме бір жылдың барлық айларында жұмыс жасайды. Мемлекеттік және діни мейрамдармен сәйкес келген сабақтар басқа күнге оқушылардың заңды өкілдерін алдын ала ескерту арқылы ауыстырылады.
Үйірмеге қатысушы мен оның заңды өкілінің міндеттері:
Үйімеге қатысушының заңды өкілі өнім берушімен келісім-шартқа қол қояды.
Үйірмеге қатысушы «Ішкі ережелерді» қатаң сақтайды.
Санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды мұқият орындайды.
Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес уақыттан 10 минут ерте келіп, сырт киімін және таза аяқ киімін киіп, мұғалімді аудиторияда күтеді.
Оқушы стационарлық ем қабылдаған жағдайда немесе төтенше жағдайда кез келген жолмен (телефон, телеграф және т.б.) өнім берушіні үш күн ішінде ескерту керек және ережелерге сәйкес анықтама қағазын ұсынады.
Ата-аналар немесе оқушының заңды өкілі алдын ала келісілген сабақ кестесінің уақытына сәйкес оқушыларды уақытылы алып кетеді.
Бағалы, құнды заттарды алып келуге тыйым салынады. Жоғалған жағдайда мекеме әкімшілігі жауап бермейді.
Сабақ барысында смарт телефондарын қолдануға тыйым салынады. Тек мұғалім рұқсатымен немесе ұсынысымен қолданады.
Ата-аналар немесе оқушының заңды өкілі әр айдың 5 жұлдызына дейін darabala.kz сайтында жіберілген табельге қол қоюға міндетті.
Өзінің және өзге оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін іс-әрекеттерді жасамау.
Оқушы және оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы әрекеттермен айналыспайды және Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі №265 бұйрығына сәйкес ережелерді орындайды.