Оқу бағдарламасы (8 жастан -10 жасқа дейінгі баларға арналған)



бет1/5
Дата20.02.2023
өлшемі34,87 Kb.
#69512
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Шахмат оку бағдарламасы 10 жаска дейінгі




Товарищество с ограниченной ответственностью «НиКоНа»
«Бекітілді»
ТОО «НиКоНа» директоры
_____________ Жолдасова Г.Т.
«______» ____________2023ж.
«Шахмат» секциясының
оқу бағдарламасы
(8 жастан -10 жасқа дейінгі баларға арналған)

Ақтөбе, 2023ж.



Алғы сөз.

Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойлдарын шоғырландыруына, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.


Шахмат - екі тұлғаның көрнекі түрде сайысу түрі. Ол бізге адамның шығармашылық дәрежесін анықтауға қажет. Шахмат ойнаушының үнемі жетілуінен, жүйелі түрде дайындық сағаттарын жүргізуден кейін нәтиже күтуге болады. Сонымен қатар шахматты үйретудегі жаттықтырушының шығармашылық деңгейінің жоғары болуы қажет.
Бағдарлама 8-10 жас аралығындағы балаларға арналған.
Бағдарламаның тиімділігі - уақыт талабымен сәйкес. Жеке тұлғаны жетілдіру қиын мәселе болғандықтан, шахматты үйретудің құрылымы мен мазмұны мақсатқа бағытталған мінез қалыптастыруға тәрбиелейді. Сабақтан тыс білім беру жүйесінде шахматты үйрету жүйесі оқушылардың жеке қабілеттіліктерін айқындап, жетілдіре отырып оның тұлға ретінде жалпы жетілуі мен тәрбиесіне бағытталады.
Бағдарламаның ерекшелігі балаға даралап білім беруге бағытталғандығында. Ол бағдарламаға енгізілген және екі негізгі бағыт алады. Алдымен әр шахмат ойнаушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеуде, екіншіден әр тәрбиеленушінің өмірге көзқарасы, жағдаяттарды шеше білуі есепке алынады. Баланың жеке қасиеттерін табиғи, физикалық және психологиялық қасиеттерін білуді талап етеді.
Бағдарламаның жаңалығы мұғалімнің сабақтарда қолданатын, балалардың жеке және жалпы логикалық ерекшеліктерін жетілдіретін дидактикалық материалдарын (карточкалар, шахматтық этюдтар және тапсырмалар) әзірлеуінде, зерттеу әдісін қолдануында (шахматтың шығу тарихы туралы рефераттар мен баяндамалар жазуында), мектептің материалдық жағдайын ескере отырып оқу-тақырыптық жоспарын құруда.
Шахмат – бұл спорт, ғылым және өнер.
Шахмат ой-сананың белсенділігін қалайтындықтан, бұл ойын кез-келген адамды тереңге жетелеп, сананы тапқырлыққа баулиды. Ой және сананың үйлесімді дамуы, уақытты ұтымды пайдалану, шешім таба білу т.т. сияқты адамға өте қажет қасиеттерді бала санасына орнықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет