Оқу бағдарламасын құрастырушылар



бет2/11
Дата13.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#92871
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
О у ба дарламасын растырушылар

Пәнді оқытудың мақсаты:«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негіздерімен таныстыру,болашақ педагог тұлғасының рухани-адамгершілік өзгеруіне, ішкі әлеуетінің ашылуына ықпал ету.
Пәнді оқытудың міндеттері:
1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздерін меңгерту.
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының түйінді идеяларына сәйкес, студенттердің біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру біліктіліктерін қалыптастыру.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жете түсінуге, өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын дамытуға ықпал ету.
4. Болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін, яғни ізгілік, ой, сөз және істің бірлігінде өмір сүруге ұмтылу, балаларға сүйіспеншілік, мәңгілік пен уақытшаны, ақиқат пен жалғанды ажырату, жағымды ойлауқабілетіне тәрбиелеу.
Пәнді оқытуда күтілетін нәтижелер: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздерінің мазмұнын біледі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларына сәйкес, студенттердің біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға арналған практикалық дайындығы дамиды. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жете түсініп, өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.
Білу керек:«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздерін; өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдірудің аксиологиялық негіздерін; рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын интеграциялаудың теориясы мен тәжірибесін.
Дағдылар: болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттері, яғни ізгілік, ой, сөз және істің бірлігінде өмір сүруге дағдылану.
Меңгеруі:адамзаттың мәдени мұрасын жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде талдау жасау; жағымды ойлау, ой, сөз және істің бірлігінде өмір сүру, эмоцияларын бақылау және т.б., яғни өзінің мінезін жетілдіру жұмыстарын жасау;
Білім алушының пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: педагогикалық тұрғыдағы дүниетанымның, ойлаудың ізгілік бағыттылығының, мінез-құлық пен іс-әрекеттің қалыптасуы;өзін-өзі танудың философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздерінің, әлемдік мәдени мұра мен ұлттық ізгілік идеялардың тарихи өзара байланысы туралы білімдері;«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының метапәндік мәнін түсінуі; ішкі белсенділігі мен дербестігін көрсете білуі, өз шешімдеріне жауапкершілік, өзін-өзі тануға, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға қабілетінің болуы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет