Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтарды жоспарлау



Дата17.05.2023
өлшемі17,85 Kb.
#94047
түріБағдарламасы
Байланысты:
Нафиса Б.


Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтарды жоспарлау
Инклюзивті сыныпта стандарт талаптарын сақтай отырып, сабақты жоспарлау
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша қызмет және қолдау көрсетуді
қарастырады. Даму бұзылыстары бар балалардың жоғары дәрежелі оқу жетістіктеріне қол
жеткізу үшін түрлі деңгейде оқытуды енгізу; білімді бағалауда жаңа бағыттарды іске
асыру; білім бағдарламаларын меңгеруді нәтижеге бағыттай отырып шешу қажет.
Инклюзивті білім беруді дамыту үшін келесі іс-әрекеттерді жүзеге асырылуы тиіс:
1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша қызмет және қолдау
көрсетуді қарастыратын (жеке) оқу жоспарын құрастыру;
2) оқу мазмұны баланың тәжірибесі, қажеттіліктері және қызығушылықтарына
бағыттала отырып, оның өзіндік дамуына негізделуі керек;
3) күнделікті оқу үрдісінде пайда болатын қиындықтарды анықтап, оларды жеңу
үшін балаға қолдау көрсету; әрбір нақты жағдайды бағалау арқылы баланың жеке даму
ерекшеліктеріне жетекшілік жасау;
4) оқу үрдісінде мұғалім бала ерекшелігіне сәйкес және тиімді технологияларды
қолдануы керек;
5) баланың оқу және қарым-қатынас ұтқырлығына қол жеткізу үшін техникалық
және компенсаторлық көмекші құралдарды қолдану; кедергісіз кеңістікті қамтамасыз ету.
Бұл бағытта басты рөл және жауапкершілік білім беру ұйымының басшыларына
жүктеледі. Олар басқару үрдістерін дамытып, оқу бағдарламаларын, оқыту формаларын
және білім мен дағдыларды бағалау әдістерін жаңартылған білім мазмұнына сай қайта
қараулары қажет; балалардың бір-біріне көмек беруге даярлығын, мектеп пен қоғамның,
ата-аналардың арасында өзара тығыз байланыстар орнатуға ықпал етулері тиіс; бала
дамуына бөгет болатын барлық кедергілерді жоюға тырысулары шарт. Жергілікті атқару
ұйымдары жалпы білім беретін мектептерде инклюзия үрдісінің дамуына
жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытып, инклюзия тәртібінде жұмыс жасайтын
мектептерге барынша қолдау көрсетуге міндетті.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу пәндерін меңгеруін нәтижеге
бағытталған білім беру модельдерін енгізу арқылы шешуге болады. Білім берудің
заманауи парадигмасы күтілетін нәтижелерге негізделеді; оның мазмұны және мақсаттары
құзыреттіліктер түрінде ұсынылады. Оқу үрдісін осылай құру әр баланың тұлғалықдаралық, әлеуметтік және интеллектуалдық өсуін қадағалап, оқу бағдарламасын
меңгерудегі қиындықтарды уақтылы анықтап, жетістіктер деңгейін нақтылауға көмек
береді. Білім беру үрдісін өзгертуді жоспарлауда әуелі оның қаншалықты қажеттігін
анықтау керек. Әрине, өзгерістер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту
үшін жағымды жағдай жасау мақсатымен енгізіледі. Инклюзивті білім беру үрдісінде
қолданылатын оқыту стратегиялары:
- жағдаятты модельдеу және тәжірибелік тапсырмаларды қолдану;
- қадамдық нұсқауларды пайдалану;
- тәжірибеде тексерілген ой-пікірлер мен тұжырымдамаларға сүйену;
- рөлдік ойындарды қолдану;
- көрнекі құралдар қолдану арқылы интербелсенділікті жоғарылату;
- мадақтау мен ынталандырудың түрлі тәсілдерін қолдану және нәтижеге жетудің
көрнекі сызбаларын ұсыну;
- АКТ пайдалану арқылы оқыту тәсілдерін түрлендіру;
- тапсырмаларды аяқтауға қосымша уақыт беру;
- жиі сұрақ қоюға баулу, сұрақтардың күрделілік деңгейіне түрткі болу;
- талқылауға оқушыларды түгел қатыстыру; белсенділікті қолдау, жетелеуші сұрақтар
қою;
- тапсырмаларды орындаудың түрлі тәсілдерін қолдану (ауызша,жазбаша, кесте түзу,
диаграмма құру, модель жасау, бейнелеу, таспаға түсіру және т.б.);
- оқушылардың жекетұлғалық қасиеттері мен қызығушылықтарына сүйену;
- метатанымдық бағытты мәселелік оқытуға тән бағыттармен қатар қолдану (Бұл
мәселені мен басқа қандай жолдармен шеше аламын?);
- өзіндік бақылауды қосу (өзін бақылау, өз қателіктерін түзету, өзін белсендендіру,
мақсат қою);
- бағаланатын креативті тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану (таныстырылым,
көрме);
- тікелей бақылау мен бағалауды оқыту стратегияларына интеграциялау.
Материалды меңгеру стандарттарын түрлендіру. ерекше білім беру қажеттіліктері
бар оқушылардың білім меңгеру стандарттарын түрлендіруде олардың сыныптың өзге
оқушыларымен қатар барлық үрдістерге қатыса алатындығын, бірақ жеке жоспармен
анықталған ұзақ мерзімді мақсаттар мен тікелей міндеттерді орындайтынын есте ұстаған
жөн.
Оқыту нәтижелерін бағалауды түрлендіру тәсілдері: жалпы оқу жоспары шеңберінде
ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушының жеке жоспарының мақсаттарына сәйкес,
жеңілдетілген тапсырмаларды пайдалану; баламалы оқу жоспарынан алынған әлеуметтік
дағды, қоғамдық жұмыс, өндірістік тәжірибе мақсаттары мен міндеттерге байланысты
тапсырмалар таңдау. Бағдарлама бойынша балалардың барлығын бірге оқытуға болады,
бірақ нәтижелерін саралау қажет және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы
нәтижесі жеке жоспардағы мақсат пен міндеттермен сәйкестендірілуі тиіс. Оқу
материалдарын меңгеру стандарттарын түрлендіру қажеттілігі - негізгі оқу жоспарына
ұқсас, жеңілдетілген тапсырмаларды орындау мүмкіндігі болып табылады. Инклюзивті
сыныпта бүкіл оқушыларға арналған тапсырмадан ерекше білім беру қажеттіліктері бар
баланың жеке мүмкіндігіне сай тақырып пен мазмұн бойынша ерекшеленетін тапсырманы
таңдау сирек жағдайда ғана жасалады, өйткені бұл жағдай баланы басқалардан шеттетеді.
Мұндай тапсырмаларды өзіндік жұмыс жасау кезеңіне немесе жеке жобаларды орындау
уақытына қалдыру керек, сонда ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың
басқалардан айырмашылығы анық көрінбейді. Қалыпты сыныпта мұғалім оқушыларға
білімдерді меңгеруге мүмкіндік жасайды, қажет болғанда жаңа оқу материалын
түсіндіруде бағыттайды, бұл – имплицитті бағыт. Ал арнайы сыныпта психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу барысында мұғалім оқушы жүктемесін өзіне аударып, онымен түзету бағытында жұмыс жүргізеді, бұл – эксплицитті бағыт. Инклюзивті сыныпта осы
екі бағыт та іске асырылады. Барлық оқушылар оқытудың интерактивті тәсілдері арқылы
жүргізілетін жұмысқа белсенді қатысулары керек. Мұғалім баланың жаңа материалды
меңгеру стиліне және оның қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқыту үрдісін де, бағдарламаны да баланың қабілеттерімен байланыстыру
қажеттігін түсінетін мұғалім инклюзивті сыныпта жұмысты қалай жүргізу қажет екендігін
біледі. Ол: бағдарламадан оқушы маңызды; оқушылардың даралығын бағалау қажет;
сыныптағы әр бала – оқушы; балалар жеке емес, бірге оқығанда жетістіктерге жетеді;
мұғалім балаларға қолайлы болу үшін бағдарламаға өзгеріс енгізе алады; жұмыстың
нәтижесі – бала меңгерген оқу материалы. Мұғалімге қалыпты сыныптағы баланың оқу
мақсаттары, оның күнделікті сынып жұмысына қатысу сапасы қандай екендігін білу
маңызды. Мақсаттар оқу басымдықтарына тәуелді және мазмұны, талаптары, күтілетін
нәтижелер, меңгеру жылдамдығы мен бағалау критерийлері бойынша түрлендірілуі
мүмкін. ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін жұмыста баланың
әлеуметтік–психологиялық жайлылығын қамтитын технологияларды қолдану арқылы
оның көңіл-күйін, үйде, сыныпта, балабақшада үлкендер және құрдастарымен қарымқатынасында өз-өзін психологиялық тұрғыдан жақсы сезінуін қамтамасыз етуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет