Оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттары: Төл дыбыстарды меңгерту


Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына арналған жаттығулар



бет3/3
Дата22.07.2023
өлшемі120,26 Kb.
#104626
түріБағдарламасы
1   2   3

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына арналған жаттығулар

«Асықпай айт» диктанты. Оқушылар бірнеше жұпқа бөлінеді. Әр жұпқа екі түрлі қысқа мәтін беріледі. Мәтінде ықпал түрлеріне байланысты үлгілер болуы керек. Оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады. Қолдарына қағаз, қалам алады, парталарды ыңғайлап қоюға болады. 1-оқушылар бір мезетте өз жұбына мәтінді оқиды. Бір қалыпты дауыспен. 2-жұптар да осылай жасайды. Оқушылар жазып алған мәтіндерін тексеріп, тыныс белгілерін қояды. Кейін тұпнұсқа мәтінмен тексереді.

Жүгірме диктанты. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ өзіне хатшы сайлайды не кезек-кезек жазады. Мұғалім сыныптың сыртына әр топқа арнап мәтіндер іледі. Мәтін сөзі 80-нен аспау керек. Ықпал түрлеріне байланысты үлгілерді қосады. Мұғалім команда берген кезде әр топтан бір-бір оқушы шығып, өз мәтіндерін оқып, бір-бір сөйлемнен өз тобының хатшысына айтып береді. Ол оқушыдан соң топтағы басқа оқушы барып мәтіндегі сөйлемдерді тобына айтып береді. Хатшы жазып отырады. Тапсырма аяқталған соң оқушылар сыныптың сыртында ілінген мәтінмен салыстырады. Ең бірінші аяқтаған топ және ең қатесіз жазған топ жеңімпаз атанады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет