Сөздегі екпінді анықтау. Оқушыларға бірнеше бөліктен тұратын және ішінде буын санына байланысты сандар жазылған кесте таратылады. Оқушылар сөздер ұсынылады не оқылады. Оқушылар кесте бойынша буын санын анықтап, екпін түскен буынның санын белгілейді.
Сөйлемдегі екпін. Оқушыларға бірнеше сөйлемдер таратылады. Оқушылар сөйлемдегі сөз санына байланысты екпін түскен сөзді алдына ала берілген сандар бойынша анықтап белгілеп отырады. Мысалы: Мен мектепке барамын. – 1/2/3
Логикалық екпінді анықтау. Оқушыларға шағын мәтін ұсынылады. Оқушылар мәнмәтінге қарап, логикалық екпінді өздері ажырату қажет. Кейін оқушылармен талқылап, дұрыс нұсқасы ұсынылады. Оқушылар екпін қойылған сөздерді ерекше интонациямен оқиды.
Екпінді хормен қайталау. Сөйлемді не сөзді оқыған кезде алдымен мұғалім өзі ауызша қайталап, кейін оқушылар қайталайды. Оқушылар екпінді дұрыс қою үшін мұғалім қолмен буын санына байланысты екпінді көрсетеді.
1-2
1-2-3
1-2-3-4
А-на
А-на-шым
А-на-шы-ма
Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына арналған жаттығулар
Оқушыларға сөз ішінде және сөз аралығында кездесетін ықпал түрлерінің себебін схема түрінде көрсету, сынып қабырғаларына үлгілерін ілу.
Тыңдалым материалдарын ұсыну арқылы сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтарының үлгілерін тыңдату: өлең шумақтары, диалог, монолог, сөз тіркестері, сөйлемдер, т.б. Алдын ала ұсынылған сөз тіркестері немесе сөйлемдер арқылы оқушыларға ықпалдарды анықтау тапсырмаларын ұсыну.
Диктант түрлері. «Дауыстап айт» диктанты. Оқушылар бірінші және екінші нөмір бойынша бірнеше жұпқа бөлінеді. Оқушыларға алдын ала ықпал түрлері кездесетін сөз тіркестері, сөйлемдер таратылады. Бірінші нөмірлер сыныптың бір қабырғасына, екінші нөмірлері қарама-қарсы қабырғаға барып тұрады. «Дауыстап айт» деген команда берілген кезде екінші нөмірлі оқушылар бір мезетте сөздерін қатты айқайлап оқиды. Ал олардың жұптары сөздерін жазып алады. Уақыт аяқталған соң, екінші нөмірлі оқушылар оқиды, оларды жұптары не айтқандарын жазып алады. Тапсырма біткен соң жұптар бір-бірінің жазып алған жұмыстарын тексереді. Тапсырма мақсаты: өзіңе қажетті дауысты ажыратып, қажетті ақпаратты ала білу.