Қазіргі білім
жүйесіндегі тілдік құзыреттілік – қазақ тілін оқытудың виртуальды
жүйесін жетілдіру, Қазақстандағы мультилингвизм: тіл саясаты
және мемлекеттік тілді жаңғырту мәселесі, мемлекеттік тілді
меңгертудегі қажетті оқулықтары мен оқу құралдарындағы
жаттығулардың түрі және берілу жолдары, модульдік оқыту және
қазіргі инновациялық әдістер, мемлекеттік тілде іс қағаздарын
оқытудың модульдік технологиясы сияқты мәселелері осы
пікірталас курсы арқылы жан-жақты ғылыми талдауға түседі.
4-тақырып. Тілдік команда және пікірталас
(командалық пікірталас)
Топқа бөлінген команда өз сұрақтарына тынымсыз жауап
іздейді. Әр топ өз идеясымен бөліседі. Сол проблема бойынша
өз көзқарастарының қалыптасуына, пікірлерін қарсыластарының
көзқарастарымен салыстыруға, өз пікірін қорғауға үйретеді, сол
проблеманы өздігінен терең зерттеуге итермелейді. Пікірталас –
жастардың білімдерін жан-жақты жетілдіріп, мәдени деңгейлерін
көтереді, басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олардың
пікірлерімен санасуға үйретеді, шешендік өнерге баулиды.
5-тақырып. Пікірталас және дискуссия (ойталқы,
ойбөліс), диалог, келіссөз
Ойталқы – «ой жүгірту» деген мағынаны білдіреді. Ойталқы
ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде
көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Сөз жарысына қатысқандар
белгілі бір пікірге тоқталады. Ойбөліс – баяндамаларды
талқылағанда, хабарламалар жасағанда, жиналыстар мен
конференцияларда орын алады. Диалог – екі не бірнеше
адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі
ерекше форма. Ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге
әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар,
бағыттардың өзара байланысы арқылы жүзеге асырылатын
прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сонымен бірге
өзінің идеяларын дамытады және байытады, оны анықтайды,
түзейді, жақсартады.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
55
6-тақырып. Пікірталас жүргізудің технологиясы.
Ереже. Кодекс. Нормалар. Негізгі элементтер.
Пікірталас форматтары
Пікірталас жүргізудің технологиясын тереңдете оқыту мен
оның маңызын мынадай жолдармен қарастыру: қарама-қарсы
ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету; әлеуметтік
тілдің дағдыларын қалыпастыру; дебаттың құндылығы
арқылы қоғамда ой-сана алуандығын туғызу; еркін саяси
көзқарастардың бәсекелестігін туғызу; пікірталас түрлері,
оның мәні; пікірталас әдісі арқылы шешендікке алып келу;
белсенді сөйлеуді ойлай сөйлеумен ұштастыру; тыңдаушы
дербестігін дамыту.
Пікірталастың командалық және жеке түрі бар. Командалық
түріне – британдық, американдық (Карл-Поппер, Парламенттік,
Линкольн-Дуглас пікірталастары) форматтары жатса, жеке
түріне – импровизациялық сөйлеу мен авторлық орындау жатады.
7-тақырып. Пікірталастың британдық,
американдық форматтары
Пікірталастың британдық түрі – Британ Парламентіндегі
дебаттар қағидаларына сәйкес жасалынған. Бір жағы үкімет,
ал екінші жағы лояльді оппозиция болып табылатын екі
команда өзекті тақырып бойынша заң нормасын талқылайды.
Американдық формат – бұл парламенттік тұрпаттағы дәйектердің,
тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы
екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция
қаралуға ұсынылған қарарды талқылайды.
8-тақырып. Британдық формат: Парламенттік
пікірталас, регламентпен спикерлер
Британдық формат – ХХ ғасырдың басында Ұлыбританияда
Американдық Линкольн-Дуглас
және Полиси пікірталастарынан
бөлек пайда болған пікірталас форматы. Қазіргі кезде басқа
пікірталас форматтарына база болып табылады. Британдық
форматта 2 жақтаушы және 2 даттаушы команда қатысады.
9-тақырып. Спикерлердің сөз сөйлеу тәртібі және
олардың ұстанымдары
Әр командадан 2 спикер ойынға қатысады, олардың
әрқайсысының міндеті әділқазыны өз сөздеріне сендіру. Ойын
соңына қарай әр команда бірінші, екінші, үшінші және соңғы
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
56
төртінші орындарға ие болады. Палата спикері (Спикер мырза
немесе спикер ханым) пікірталас барысында әділқазылық қызмет
атқарады. Әдетте, парламенттік пікірталасқа қатысушылар өз
позицияларын бекемдеп, күшейте түсу үшін практикалық және
философиялық дәйектерді кеңінен қолданады. Пікірталасқа
қатысушылар қарсыластың жекелеген пікіріне қарсылық
түріндегі өзінің қысқа түсініктемелерімен (ұзақтығы 15 секундтан
аспайтын) сөз сөйлеушіні бөле алады. Сұрақтар алғашқы төрт
сөз сөйлеу барысында алғашқы немесе соңғы минутта қойылады.
10-тақырып. Пікірталастың қолданылу формалары:
білім беру, саясат, азаматтық қоғам, бизнес
Пікірталастың қолданылуы білім беру, саясат, азаматтық
қоғам, бизнес салаларында кеңінен көрініс тапқан. Мәселен:
Пікірталастың Карл-Поппер форматымен мектептің жоғары
сынып оқушылары ойнаса, Американдық парламенттік форматы
(АПФ) көбіне ЖОО студенттері арасында кең таралған, кейде
«студенттік» деп те аталып жүр. Оппозиция тобының көшбасшысы
және оппозиция тобының мүшесі. Ал саяси пікірталаста белгілі
бір нақты мәселені қарастырады.
Азаматтық қоғам – саяси өкіметке
тәуелсіз қызмет істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті
әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке
адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Сондықтан
пікірталастың бұл түрі – адамның азаматтық ұстанымын
қалыптастырып, сыни көзқарасты дамытатын интеллектуалды
ойынның түрі болып табылады.
11-тақырып. Линкольн-Дуглас пікірталасы.
Пікірталастағы қарарлар: тыңдау мен тұжырымдау,
талдау мен интерпретация
Бұл формат Авраам Линкольн мен Стивен Дуглас
арасындағы өткізілген әйгілі пікірталас қағидаларына сәйкес
жасалған. Қатысушылар тақырыпта бар құндылықтарды және
соған байланысты қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік,
моральдық және эстетикалық позицияларды көтереді. Пікірталаста
«иә» немесе «жоқ» деген негіз түзуші қағидалар туралы
болғанымен, позициялардың практикалық жағы талқыланбайды.
Линкольн-Дуглас пікірталастарындағы дәлелдеулер философиялық
және әдеби сипатқа ие. Мысалы, «Мәдени көптүрлілік ортақ
мәдениетке қарағанда маңыздырақ» деген сияқты тақырыпты
негізге алу.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
57
12-тақырып. Саяси пікірталас. Аргумент, негізгі
элементтері
Саяси форматта нақты проблема бар және үкімет тобы оны
шешуі керек. Оны шешу үшін үкімет тобы бірнеше тетіктерін
ұсынады. Үкімет тобы премьер-министрінің жұмысы барлық
ұсынылған тетіктердің презентациясын жасайды. Ол – сәлемдесу,
қарармен таныстыру. Айтылатын ойлар барлық қауымға
түсінікті болуы үшін қолданатын терминдік сөздерге анықтама
(диффиниция немесе «кілт сөз») беріледі. Мысал: инфляция –
ақшаның құнсыздануы және т.б. Келесі кезең – қарардың өзектілігін
анықтау. Мәселен, неге бұл тақырып өзекті болып отыр және не
үшін қарастыруымыз қажет?
13-тақырып. Көпшілік алдында пікірталасты теріске
шығару
«Терістеу стратегиясы». Мұнда пікірталасқа қатысушылар
контраргументті табу мен терістеу желісін құрастыруға үйренеді.
Суреттеу: шеберхана оқығанды талқылау және оны әрі қарай
бөлшектеп сынау жаттығулары түрінде құрылады. Даттау кейсінің
құрылымы. Терістеу уақыты. Терістеудің 3 деңгейі: қарарды
интерпретациялау, критериді терістеу, аргументтер тізбегін
терістеу. Терістеу стратегиялары. Контраргументтер ұсыну.
Даттау кейсінің үлгісі.
14-тақырып. Жақтаушы және терістеуші жақтың
кейсін құрудың әдіс-тәсілдері
Жақтаушы жақтың кейсі: шешіммен келіседі, шешімнің
шарттарын анықтайды. Мақсатты немесе түсініктемелерді
нақты белгілейді. Қысқаша жақтаушы команданың көзқарасы
жөнінде дәлелдеме береді. 1. Аргумент, 2. Аргумент,
3. Аргумент өзінің оң бағытын нақты дәлелдеп, қорытындылайды.
Даттаушы немесе терістеуші жақтың кейсі: шешіммен келіспейді;
альтернативті түсініктемелер, (дефиниция), өлшемдер ұсынады.
Әрбір оң аргументке қарсы контраргумент келтіреді. Оны
нақты дәлелдермен (фактілермен) бекітеді.
15-тақырып. Американдық парламенттік формат
(АПФ) – бұл парламенттік тұрпаттағы дәйектердің,
тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы
екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция
қаралуға ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
58
таңдап алынады. Пікірсайыс барысын палата спикері басқарады.
Ол сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін атқарады. Егер
раундта бірнеше адам төрешілік етсе, онда олардың арасынан
бір палата спикерін таңдап алады.
16-тақырып. Дәлелдемелер мен қолдау жасай білудің
әдістері
«Қолдауды дайындау». Пікірталаста сөз мәдениеті мен сөз
тазалығын сақтай отырып, сөз сөйлеуге арналған мәтіндерді
әзірлеп, қолдауларды (жақтауды) табуға арналған жаттығу
жұмыстарын орындатады. Тыңдаушыларға дәйексөз жиынтығы
ұсынылады, қандай да бір мәселелерге қатысты кейс
құрастырылады. Қандай бір сөзге, сөйлеуінің қорытындысына не
қолданылатынын, аргументіне не қажет екенін көрсетеді.
17-тақырып. Дефинициялар (анықтамалар) – негізгі
ұғымдарды анықтау
Пікірталас шеңберін белгілеп алу үшін қарардағы негізгі
ұғымдарды анықтау. Анықтамаларға қажетті шектеулер қою.
Анықтамалар – қарарды зерттеу бағытын анықтау құралы.
Практикалық бөліммен энциклопедиялық сөздіктермен жұмыс
істеу. Анықтамаларды сараптау.
18-тақырып. Сендірудің вербалды және бейвербалды
құралдары
Қолдың қимылын, ым-ишараларды маңызды пункттерді
ерекше көрсету үшін қолдану қажет, бірақ оларды тым артық
пайдалану – артық іс-әрекет. Бұл артық ым-ишаралар сізді басқа
қырыңыздан (жағымсыз) көрсетуі мүмкін. Әрбір ымның мақсаты
болғаны жөн. Ым-ишара да аудитория, көпшілік алдында
еркін болуы қажет, бірақ тоқтаусыз жалғасын табуы дұрыс
емес. Ым-ишара жасау кезінде қолдарыңыз пайдаланылмаса
еркін тұрыңыз. Кейде пікірсайысшылар қобалжуларын қолдың
қозғалысы арқылы білдірмеуге тырысады. Мына әрекеттерден
аулақ болыңыз: жалбарынып тұрған қолдар, бүкіл сөз сөйлеу
барысында алдыңызда бір-бірін қатты айқастырып алған қолдар;
шашты, галстукты не киімді ұстай беретін қолдар; трибунаға
(мінберге) жабысып алған қолдар; жабықтықтың үнемі ым-
ишаралары және «секірмелі доптың» ымдары; қалтаңыздағы
қолдар.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
59
19-тақырып. Карл Поппер форматындағы пікірталас
Карл
Поппер
форматындағы
пікірталас
–
парламенттік
дебаттардың
бір
түрі.
Жаңадан
ойнай
бастаған
ойыншыларға
ыңғайлы,
түсінікті
болып
саналады. Формат Карл Поппердің есімімен аталған.
Ойында екі, даттаушы және жақтаушы, команда ойнайды.
Форматтың басқа форматтардан негізгі айырмашылығы –
бастапқы екі спикерге сөздерінен соң қарама қарсы командадан
сұрақ қойылады. Әр командада қарсыластың сөздерінен соң
дайындалуға 8 минут уақыт беріледі. Олар сол 8 минутты
раундтардың арасына рационалды бөлуі тиіс. Осы артықшылығы
үшін бұл формат жаңа пікірталас ойнына қатысушыларға өте
ыңғайлы болып саналады.
20-тақырып. Пікірталастағы төреліктің стильдері
және шешім қабылдау әдістері
Пікірталастағы төреліктің тиімді әдістері. Төрешілерді оқыту.
Пікірталастағы төрешілер жұмысының спецификасы. Төреліктің
стильдері мен әдістері. Пікірталастан кейінгі төрешілердің
жұмысы және шешім қабылдаудың әдістемесі. Түсініктеменің
тиімді әдістері бойынша жұмыс жүргізу. Пікірталастан кейін
қандай шешім қабылдауға болады: үйренушілердің тілдік сыни
ойлауы; материал мазмұнын дифференциациялау; үйренушінің
тәжірибелік икемділігін түйіндеп қалыптастыру.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
60
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Міндетті әдебиеттер тізімі:
1. Айтмұхаметова Қ. Ө. Сөз мәдениеті және риторика. Оқу
құралы. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы, 2011. – 135 б.
2. Ботавина Р. Н. Этика деловых отношений. Учебное пособие. –
М.: «Финансы и статистика», 2005. – 208 с.
3. Дәулетбекова Ж., Рай Қ., Есмағанбетова Ш. Сөз мәдениеті және
шешендік. – Алматы: «Мектеп», 2007. – 224 б.
4. Калинкина Е.Д. Формат дебата Карла Поппера с элементами
политического кейса // Методическое пособие.
5. Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен
қысқарған сөздер. Астана, 2009. «1С-Сервис» ЖШС. – 256 б.
6. Поппер К.Р. Открытое общество и его враги. Т. 1: Чары
Платона.пер. с англ. под ред. В. Н. Садовского. М.: Феникс,
Международный фонд «Культурная инициатива», 1992. –
448 с.
7. Төленбергенова Н.Т. Мемлекеттік қызметшінің ресми тілдік
тұлғасы: дискурстық әдістеме. Монография. – Астана:
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы,
2010. – 202 б.
8. Төленбергенова Н. Т. Іскерлік қазақ тілі. – Астана: ҚР Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2009. – 115 б.
9. Төленбергенова Н. Т. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын
жүргізу. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы, 2008. – 114 б.
10. Оразалиева Э. Н. Мемлекеттік қызмет және сөйлеу мәдениеті.
Оқу құралы. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы, 2010. – 178 б.
11. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Парламенттің бесінші шақырылымының төртінші сессиясының
ашылуында сөйлеген сөзі.
12. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы
Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзі.
13. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде
сөйлеген сөзі.
14. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
15. Ақтанова Л. П. Мемлекеттік қызметшілерге арналған мәтіндер
жинағы. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы, 2010. – 134 б.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
61
16. Ақтанова Л. П. Ресми жаттығулар жинағы. Оқу құралы
(Мемлекеттік қызметшілерге арналған). – ҚР Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2011. – 160 б.
17. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана. 2000. – 526 б.
18. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Дайк–Пресс»,
2008. – 968 б.
19. Орфографиялық сөздік. – Алматы: «Дәуір», 2013. – 720 б.
20. Орфоэпиялық сөздік. – Алматы: «Арыс», 2007. – 800 б.
Электронды сайттар:
21. http://www.24.kz/zhanalyktar/sotsium/item/astana-mеmlеkеttіk-tіl
22. http://zhetysu.gov.kz/
23. http://e-kitaptar.com
24. http://mtdi.kz/tusindirme-sozdik
25. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/sozdikter/sinonimdik-sozdik
26. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/sozdikter/orfografia
27. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/audarma-matinder/iskagaz-ylgileri
28. www.lib.apa.kz Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электронды
кітапханасы.
29. http://www.kazneb.kz Казақстан Ұлттық электронды кітапханасы.
Нормативтік құқықтық база:
30. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
Тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы.
31. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған
бағдарламасы.
Мерзімді баспасөз материалдары:
32. «Егемен Қазақстан» газеті.
33. «Қазақ әдебиеті» газеті.
34. «Ана тілі» газеті.
35. «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналы.
36. «Дипломатия жаршысы» журналы.
37. Заңгер» журналы.
Достарыңызбен бөлісу: |