Оқу-әдістемелік және ғылыми кеңесі 2015 жылғы 19 наурыз №8 хаттама


2.3-семинар.  Құжаттама  жасау,  құжаттаманы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата04.02.2017
өлшемі2,09 Mb.
#3419
1   2   3   4   5   6

26

2.3-семинар.  Құжаттама  жасау,  құжаттаманы 

басқару  және  мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын 

жүргізу

   

    І.  Семинардың  жалпы  сипаттамасы:

  Мемлекеттік  тілде 

іс  қағаздарын  жүргізуге  байланысты  Академияда  жүргізілген   

тренинг,  конференция,  бейне-семинарлар,  қашықтықтан  оқыту 

курстары  құжатайналымы  мен  мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын 

жүргізу  мәселелерінің  өзекті  екендігін  анықтады.  Семинар 

тақырыптары  тыңдаушының  ресми  стильде  құжаттама  жасау, 

құжаттаманы  басқару  және  іс  қағаздарын  мемлекеттік  тілде 

жүргізу  мәнерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді. 

             

Мақсаты: 

тыңдаушылардың 

құжаттама 

құрастыру, 

құжаттаманы  басқару  және  іс  қағаздарын  мемлекеттік  тілде 

жүргізу біліктіліктерін арттыру,  кәсіби тілдік қабілеттерін арттырар 

дағдыларын  дамыту.

Міндеттері:

 

 қазақ  тілінде  жазу,  сөз  сөйлеу  мәдениетінің  негіздерімен 



таныстыра отырып, тыңдаушылардың іс қағаздарын жүргізу 

біліктіліктерін  арттыру;

•  мемлекеттік  қызметшінің  (ресми  стильде)  іс  қағаздарын 

стандарттарға  сай  толтыруын  игерту; 

•  мемлекеттік  қызметшілердің  тілдік  тұлғасын  кәсіби  салаға 

сай  қалыптастыру.



 

Білімді  бақылау  түрі:  тест  сұрақтары.

Сағат  саны:  36  сағат.

3-семинар  бағдарламасын  әзірлеген: 

Төленбергенова  Н.Т.  –  Мемлекеттік  және  шет  тілдері 

кафедрасының  профессоры,  п.ғ.к



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

27

ІІ.  Семнардың  тақырыптық  жоспары

Р/с



Семинардың

тақырыптары

Сағат 

саны

Сабақ

түрі

1

Құжаттарды дайындау мен рәсімдеу қағидалары



2

тренинг


2

Құжат деректемелерін ресімдеуге қойылатын 

талаптар

2

тренинг



3

Бұйрықтарды дайындау мен ресімдеу 

ерекшеліктері 

2

тренинг



4

Хаттаманы дайындау мен ресімдеу ерекшеліктері

2

тренинг


5

Құжат жасау  және орфографиялық ережелер

3

тренинг


6

Кіріс құжаттарын өңдеу тәртібі

3

тренинг


7

Шығыс құжаттарын өңдеу тәртібі

3

тренинг


8

Ішкі құжаттардың өту тәртібі

3

тренинг


9

Хаттама, акт, анықтама жазу ерекшеліктері

3

тренинг


10 Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс 

қағаздарын жүргізу

3

тренинг


11 Талдамалық жазбалар: құрылымы, құрастырудың 

әдіс-тәсілдері

4

тренинг


12 Сараптамалық талдау: құрылымы, құрастырудың 

әдіс-тәсілдері

4

тренинг


13 Салалық терминдер: құжат құрастыру барысында 

сұрыптау, қолдану жолдары

4

тренинг


Барлығы:

36

ІІІ.  Семинар  тақырыптарының  мазмұны

1-тақырып.    Құжаттарды  дайындау  мен  рәсімдеу 

қағидалары

Мемлекеттік ұйымдардың нормативтік және құқықтық актілерін 

дайындау  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 

жүзеге  асырылады.  Құжаттар  мемлекеттік  тілде  дайындалады, 

орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады, «Қазақстан 

Республикасындағы  тіл  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

1997  жылғы  11  шілдедегі  Заңында  көзделген  жағдайда  басқа 

тілдер  де  қолданылады. 

Мемлекеттік  тілдегі  өкімдік  құжаттың  және  орыс  тілінде 

немесе  өзге  тілде  жасалатын  теңтүпнұсқалы  өкімдік  құжаттың 

әрқайсысы  жеке  бланкiлерде  (жеке  парақтарда)  басылып 

шығарылады  және  бірыңғай  деректемелермен  ресімделеді.



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

28

2-тақырып.  Құжат  деректемелерін  ресімдеуге 

қойылатын  талаптар

Қазақстан 

Республикасы 

Мемлекеттік 

Елтаңбасының 

ұйымның құжат бланкісіндегі бейнесі Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік  рәміздері  туралы  Қазақстан  Республикасының 

заңнамалық 

актілерінде 

белгіленген 

талаптарға 

сәйкес 


орналастырылады. 

Эмблема,  логотип  немесе  тауар  белгісі  (қызмет  көрсету 

белгісі)  бланкіге  ұйымның  құрылтай  құжаттарына  сәйкес 

орналастырылады. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген 

бланкіге  эмблема,  логотип  немесе  тауар  белгісі  (қызмет  көрсету 

белгісі)  орналастырылмайды.

3-тақырып.  Бұйрықтарды  дайындау  мен  ресімдеу 

ерекшеліктері

Бұйрықтармен құқықтық ақпараттық-анықтамалық сипаттағы, 

сондай-ақ  жедел,  ұйымдастыру  және  ұйым  жұмысының  басқа 

да  мәселелері  жөніндегі  шешімдер  осы  Үлгілік  қағидалардың 

7-8-қосымшаларына  сәйкес  ресімделеді. 

4-тақырып.  Хаттаманы  дайындау  мен  ресімдеу 

ерекшеліктері

Хаттама  кеңес  (отырыс),  жиналыс  кезінде  жазылған, 

баяндама  мен  сөйлеген  сөздерден  ұсынылған  тезистерді, 

анықтамаларды,  шешімдердің  жобалары  мен  хаттама  мәтінінің 

құрылымына  сәйкес  басқа  да  материалдардың  негізінде  осы 

Үлгілік  қағидалардың  9-қосымшасына  сәйкес  жасалады. 

Ұйым  ішінде  жасалған  және  оның  шегінен  шықпайтын 

хаттама  бланкіде    рәсімделмеуі  болады. 



5-тақырып.  Құжат  айналымын  ұйымдастыруға 

қойылатын  жалпы  талаптар

Ұйымда  құжаттың  жасалған  немесе  алынған  сәтінен  бастап 

орындалғанға,  жіберілгенге,  істерді  қалыптастырғанға  және 

ұйымның  мұрағатына  тапсырылғанға  дейінгі  олардың  қозғалысы 

құжат  айналымын  құрайды. 

Құжат айналымының көлемі бір ай, бір тоқсан, бір жыл ішіндегі 

кіріс,  шығыс,  ішкі  құжаттардың  және  олардың  көшірмелерінің 

жалпы  санымен  анықталады. 

Құжаттар  санын  есепке  алудың  бір  бірлігі  ретінде  басып 

шығару  және  көбейту  кезінде  жасалатын  көшірмелерін  есепке 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

29

алмағандағы  құжаттың  өзі  алынады.  Құжаттардың  көбейтілген 

көшірмелері  жеке  есептеледі. 

6-тақырып.  Кіріс  құжаттарын  өңдеу  тәртібі

Ұйымға  қағаз  тасығышта  келіп  түсетін  құжаттар  бастапқы 

өңдеуден  өтеді,  алдын  ала  қаралады,  тіркеледі,  басшылық 

қарайды  және  орындаушыға  жіберіледі.  Құжатты  қабылдауды, 

бастапқы  өңдеуді  және  алдын  ала  қарауды  БҚҚ  қызметі 

орталықтандырып  жүзеге  асырады.  Кіріс  құжаттарын  бастапқы 

өңдеу  салымдарды  жеткізудің  дұрыстығын  және  тұтастығын 

тексеру,  ұйымға  құжаттардың  келіп  түсу  фактісін  тіркеу  және 

оларды  мақсаты  бойынша  беруге  дайындау  болып  табылады.

Құжаттар  салынған  конверттерді  БҚҚ  қызметі  ашады, 

құжаттардың мақсаты бойынша жеткізу дұрыстығы, қамтамасының 

бүтіндігі  тексеріледі. 



7-тақырып.  Шығыс  құжаттарын  өңдеу  тәртібі

Құжаттар  жолдауға  толық  ресімделіп  беріледі.  Құжатты 

жолдауға  қабылдайтын  БҚҚ  қызметі  оның  дұрыс  ресімделгенін, 

негізгі құжатта көрсетілген қосымшалардың бар болуын тексеруге 

міндетті.  Дұрыс  ресімделмеген  құжаттар  орындаушыларға 

қайтарылады. 

Қол  қойылған  құжаттар  тіркеледі  және  адресатқа 

(адресаттарға)  қол  қойылған  (бекітілген)  күні  немесе  келесі 

жұмыс  күнінен  кешіктірілмей,  жеделхаттар  мен  телефакстер 

кідірмей  жіберіледі.

Орындалған  құжаттардың  түпнұсқалары,  оның  ішінде 

олардың  электрондық  түпнұсқалары  негізгі  орындаушылары 

болып  табылатын  және  істер  номенклатурасына  сәйкес 

істерді  қалыптастыратын  құрылымдық  бөлімшелерге  немесе 

ведомстволық 

бағынысты 

ұйымдарға 

беріледі. 

Бірлесіп 

орындаушыларға  орындалған  құжаттардың  көшірмелері  немесе 

олардың  электрондық  нұсқасы  беріледі. 

8-тақырып.  Ішкі  құжаттардың  өту  тәртібі

 

Ішкі  құжаттардың  оларды  дайындау  мен  ресімдеу 



сатыларында  өтуі  шығыс  құжаттарының  өтуіне,  ал  орындалу 

сатысында  кіріс  құжаттарының  өтуіне  сәйкес  болуы  тиіс. 

Құрылымдық  бөлімшелер  арасында  ішкі  құжаттарды  беру 

құрылымдық бөлімшелерде басқаруды құжаттамалық қамтамасыз 

етуге жауапты лауазымды тұлғалар жүзеге асырады. Құжаттарды 

ТБН-ға  тиісті  белгілерімен  береді.



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

30

 

Ішкі құжаттардың құрамына ұйымның ведомстволық бағынысты 



ұйымдармен немесе керісінше хат алмасу процесінде жинақталған 

құжаттар,  сондай-ақ  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын 

атқарушы  органдар  өзара  және  тиісті  әкімдіктермен  хат  алмасу 

кірмейді.



9-тақырып.  Хаттама,  акт,  анықтама  жазу 

ерекшеліктері

«Мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  ұйымдарда  құжаттама 

жасау  және  құжаттаманы  басқарудың  үлгілік  қағидаларын 

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  

21  желтоқсандағы  №1570  қаулысына  сәйкес  әзірленген  

ережелерді  негізге  алып,  хаттама,  акт,  анықтама  мәтіндерін  

кәсіби  қызметтеріне  сай  әзірлеу  жұмыстарын  ұйымдастыру.   

10-тақырып.  Ресми  жазылым  және  мемлекеттік  тілде 

іс  қағаздарын  жүргізу

Мемлекеттік  органдарда  сақтау  мерзімдері  көрсетілген 

құжаттардың  тізбесі  бар.  Сол  тізбенің  негізінде  әр  тыңдаушы 

өзінің  қызметіне  қажетті  құжаттардың  мәтінін  дұрыс  құрастыруды 

игереді.  Тренингтерде  іс  қағаздарының  мәтінін  дұрыс  құрастыру 

біліктіліктері  меңгертіледі.



11-тақырып.  Талдамалық  жазбалар:  құрылымы, 

құрастырудың  әдіс-тәсілдері

Талдамалық жазу жұмыстарын модель-үлгі арқылы құрастыру 

игертіледі.  Модель-үлгілер  белгілі  тақырып  бойынша  мемлекеттік 

қызметшінің  логикалық  ойының  жүйелі  түрде  баяндалуын, 

тақырыпты  сипаттау,  бағалау,  дәлелдеу,  кемшіліктерін  көре  білу, 

тақырып  төңірегінде  көзқарасын  білдіру,  нәтижелер  шығару 

дағдыларын  қалыптастырып,  жазылымға  бағыттайды. 

12-тақырып.  Сараптамалық  талдау:  құрылымы, 

құрастырудың  әдіс-тәсілдері 

Белгілі  құжатты  (бағдарлама,  есеп,  мақала,  баяндама  

және  т.б.)  талқылау  арқылы  сараптама  жасаудың  жалпылама 

әдіс-тәсілдері  ұсынылады. 

Тренинг  барысында  белгілі  құжаттың  өзектілігін  анықтау, 

ағымдағы жағдайын  сипаттау, жетістіктерін атап өту, проблемаларын 

(кемшіліктерін)  көрсету,  проблемалар  (кемшіліктер)  бойынша 

ұсыныстар беру, олардың жүзеге асырылуын талдаудың жазылымы 

игертіледі.


Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

31

13-тақырып.  Салалық  терминдер:  құжат  құрастыру 

барысында  сұрыптау,  қолдану  жолдары

Тыңдаушылардың  атқарып  отырған  кәсіби  саласына  сай 

терминдерді игеру жұмыстары жүргізіледі. Семинар сабақтарында 

терминдер  нормативтік  құқықтық  базадан  алынады. 



Ұсынылатын  әдебиеттер  тізімі

Міндетті  әдебиеттер  тізімі

1.  Қазақстан  Республикасының  «Ұлттық  мұрағат  қоры  және 

мұрағаттар  туралы»  1998  жылғы  22  желтоқсандағы  Заңы.

2.  Қазақстан  Республикасының  «Электрондық  құжат  және 

электрондық  цифрлық  қолтаңба  туралы»  2003  жылғы  

7  қаңтардағы  Заңы.

3.  Қазақстан  Республикасының  «Ұлттық  мұрағат  қоры  және 

мұрағаттар  туралы»  1998  жылғы  22  желтоқсандағы  Заңы.

4.  «Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

актілері 

мен 

тапсырмаларының  орындалуын  бақылауды  жүзеге  асыру  және  



Президентінің  нормативтік  құқықтық  жарлықтарына  мониторинг 

жүргізу  ережесін  бекіту  туралы»  2010  жылғы  27  сәуірдегі  №976  

Жарлық.

5.  «Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің    Регламенті  туралы»  



2002  жылғы  10  желтоқсандағы    №1300    Қаулы  .

6.  «Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 

ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың 

үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы  туралы»  2011  жылғы  

21  желтоқсандағы    №1570    Қаулы  .

7.  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы 

Тілдер    туралы»  1997  жылғы  11  шілдедегі  Заңы.

8.  Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған 

бағдарламасы. 

9.  Сыздық  Р.  Қазақ  тілінің  анықтағышы.  –  Астана:  Елорда,  2000.

10. Сыздық Р. Орфографиялық сөздік. – Алматы: Тіл білімі институты, 

2007.


11. Құрманбайұлы Ш. Орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер 

мен  атаулар  сөздігі.  –  Алматы:  Сөздік-словарь,  2004.  –  352  б.

12. Құрманбайұлы  Ш.  Терминдер  сөздігі  (бекітілген  терминдер).  –

Алматы:  Зият-Пресс,  2007.

13. Төленбергенова Н.Т. Іскерлік қазақ тілі. – Астана: ҚР Президентінің 

жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы,  2009.  –  115  б.   

14. Төленбергенова  Н.Т.  Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  

жүргізу.  –  Астана:  ҚР  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 

басқару  академиясы,    2008.  –  114  б. 


Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

32

Қосымша  әдебиеттер  тізімі: 

15. Қазақша-орысша,  орысша-қазақша  терминологиялық  сөздік. 

Іс  жүргізу  және  мұрағат  ісі,  28-том,  «Қазақпарат»  баспа 

корпорациясы  –  Алматы,  2014.

16. Төленбергенова  Н.Т.  Мемлекеттік  қызметшінің  ресми  тілдік 

тұлғасы:  дискурстық  әдістеме.  Монография.  –  Астана:  

ҚР  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы, 

2010.  –  202  б. 

17. Айтмұхаметова  Қ.Ө.  Сөз  мәдениеті  және  риторика.  Оқу  

құралы.  –  Астана:  ҚР  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 

басқару  академиясы,  2011.  –  135  б. 

18. Ақтанова  Л.П.  Мемлекеттік  қызметшілерге  арналған  мәтіндер 

жинағы.  –  Астана:  ҚР  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 

басқару  академиясы,  2010.  –  134  б. 



Электронды  сайттар:

19. http://www.24.kz/zhanalyktar/sotsium/item/astana-mеmlеkеttіk-tіl

20. http://zhetysu.gov.kz/

21. http://e-kitaptar.com

22. http://mtdi.kz/tusindirme-sozdik

23. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/sozdikter/sinonimdik-sozdik

24. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/sozdikter/orfografia

25. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/audarma-matinder/iskagaz-ylgileri

26. www.lib.apa.kz  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының  электронды 

кітапханасы.

27.   http://www.kazneb.kz  Қазақстан  Ұлттық    электронды 

кітапханасы.

Мерзімді  баспасөз  материалдары:

28.  «Егемен  Қазақстан»  газеті.

29.  «Қазақ  әдебиеті»  газеті.

30.  «Ана  тілі»  газеті.

31.  «Мемлекеттік  басқару  және  мемлекеттік  қызмет»  журналы.

32.  «Дипломатия  жаршысы»  журналы.

33. «Заңгер»  журналы. 


Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

33

2.4-семинар.  Персоналды  басқару  және 

мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу

І.  Семинардың  жалпы  сипаттамасы. 

Тыңдаушылардың 

тілдік  біліктілігін

  арттыруға  бағытталған  семинар  дәріс,  дәріс-

сұхбат,  тренинг,  практикалық  сабақтар  түрінде  жүргізіледі. 

Семинар тақырыптары тыңдаушыларға кәсіби қызметтерінде  

тілдік  озық  технологияларды  практикалық  тұрғыдан  кеңінен 

қолдануға  мүмкіндік  береді.

Мақсаты:  тыңдаушылардың  персоналды  басқару  және 

іс  қағаздарын  мемлекеттік  тілде  жүргізудің  өзекті  мәселелері 

бойынша  біліктіліктерін  арттыру,  кәсіби  тілдік  қабілеттерін 

арттырар  дағдыларды  игерту.



Міндеттері:

•  қазақ  тілінде  жазу,  сөз  сөйлеу  мәдениетінің  негіздерімен 

таныстыра отырып, тыңдаушылардың іс қағаздарын жүргізу 

біліктіліктерін  арттыру;

•  мемлекеттік  қызметшілерге  (ресми  стильде)  типтік  ережеге 

сай  іс  қағаздарын  толтыруды  игерту; 

•  мемлекеттік  қызметшілердің  тілдік  тұлғасын  кәсіби  салаға 

сай  қалыптастыру  жолдарымен  таныстыру.



Контингент:    персоналды  басқару  қызметінің  мамандары.

Білімді  бақылау  түрі:  тест  сұрақтары.

Сағат  саны:  36  сағат.

4-семинар  бағдарламасын  әзірлеген: 

Төленбергенова  Н.Т.  –  Мемлекеттік  және  шет  тілдері 

кафедрасының  профессоры,  п.ғ.к.



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

34

ІІ.  Семинардың  тақырыптық    жоспары 

Р/с



Семинардың тақырыптары

Сағат 

саны

Сабақ

түрі

1

Персоналды басқарудың өзекті мәселелері



3

тренинг


2

Персоналды басқарудың бұйрықтарын дайындау 

мен ресімдеу ерекшеліктері

3

тренинг



3

Жеке іс парақтарын дайындау мен ресімдеу 

ерекшеліктері

3

тренинг



4

Хаттама дайындау мен ресімдеу ерекшеліктері

3

тренинг


5

Өтініштер: түрлері, құрастыру ерекшеліктері

3

тренинг


6

Персоналды басқарудың өзекті мәселелері» 

тақырыбына 15 сөйлемдік  баяндама

3

тренинг



7

Ауызша, жазбаша  аударма: түрлері, құрылымы, 

әдіс-тәсілдері 

3

тренинг



8

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу: 

нормативтік құқықтық актілері, негізгі бағыттары 

3

тренинг



9

Қызметтік хат пен жазба: түрлері, мәтін 

құрастырудың практикалық жолдары 

3

тренинг



10 Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс 

қағаздарын жүргізу

3

тренинг


11 Талдамалық жазбалар: құрылымы, құрастырудың 

әдіс-тәсілдері

3

тренинг


12 Сараптамалық талдау: құрылымы, құрастырудың 

әдіс-тәсілдері

3

тренинг


Барлығы:

36

ІІІ.  Семинар  тақырыптарының  мазмұны

1-тақырып.  Персоналды  басқарудың  өзекті  мәселелері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  персоналды 

басқаруға  қатысты  құжаттары,  персоналды  басқарудың  өзекті 

мәселелеріне арналған аналитикалық, сараптамалық материалдар, 

халықаралық  тәжірибе  негізінде  жүргізіледі.



2-тақырып.  Персоналды  басқарудың   

бұйрықтарын  әзірлеу

Бұйрықтармен  құқықтық  сипаттағы,  сондай-ақ  жедел, 

ұйымдастыру,  кадр  бойынша  (жұмысқа  қабылдау,  ауыстыру, 

міндеттерді қатар атқару, жұмыстан босату; аттестаттау, біліктілігін 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

35

арттыру,  атақ  беру;  тегін  ауыстыру;  көтермелеу,  марапаттау, 

тәртіптік  жаза  қолдану;  еңбекақы  төлеу,  сыйақы  беру,  түрлі 

төлемдер;  қызметкерлер  демалысының  барлық  түрлері;  негізгі 

қызмет  бейіні  бойынша  кезекшіліктер,  іссапарлар)  және  ұйым 

жұмысының  басқа  да  мәселелері  жөніндегі  шешімдер  осы  Үлгілік 

қағидалардың  7-8-қосымшаларына  сәйкес  ресімделеді. 

3-тақырып.  Жеке  іс  парақтарын  дайындау  мен 

ресімдеу  ерекшеліктері

Кадрлар  жөніндегі  жеке  іс  парағы  –  жұмысқа  қабылдану, 

сайланбалы  оргаңдарға  сайлану  кезінде,  сондай-ақ  ұйымдар, 

мекемелер  мен  ведомстволар  талап  еткен  басқа  жағдайларда 

толтырылатын  арнаулы  бланк  түріндегі  ресми  құжат.  Жеке 

іс  парағында  көрсетілетін  мәліметтер  еңбек  кітапшасында, 

өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, 

жеке  адамның  азаматтық  хал-жағдайы,  кәсібі  мен  мамандығы, 

қоғамдық  қызметі  мен  еңбек  жолы  толық  көрсетіледі. 

4-тақырып.  Хаттама  дайындау  мен  ресімдеу 

ерекшеліктері

Хаттама  кеңес  (отырыс),  жиналыс  кезінде  жазылған, 

баяндама  мен  сөйлеген  сөздерден  ұсынылған  тезистерді, 

анықтамаларды,  шешімдердің  жобалары  мен  хаттама  мәтінінің 

құрылымына  сәйкес  басқа  да  материалдардың  негізінде  осы 

Үлгілік  қағидалардың  9-қосымшасына  сәйкес  жасалады. 

Ұйым  ішінде  жасалған  және  оның  шегінен  шықпайтын 

хаттама  бланкіде    рәсімделмеуі  болады. 



5-тақырып.  Өтініштер:  түрлері,  құрастыру 

ерекшеліктері 

Қызметке  қабылдау,  босату,  жыл  сайынғы  ақылы 

демалыс,  жалақысыз  демалыс  т.б.  өтініштердің  мәтіндерін 

құрастыру  жұмыстары  орындалады.  Өтініштердің  құрылымы, 

лексико-грамматикалық  құрамы  игертіледі.  Бекітілген  үлгілерге 

сүйене  отырып  әр  тыңдаушыға  қажетті  өтініштердің  мәтіндері 

құрастырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет