Несептің құрамы және оның құрамының өзгерістерге ұшырауы Несептің түзілу жылдамдығы және оның құрамы диурезге, бұлшық еттің активтілігіне, ас қорытуға, күн райына, эмоциональдық жағдайға және тағы басқа факторларға байланысты. Сондықтан анализ жасау үшін несептің тәуліктік порциясынан алынады.
Несептің тәуліктік көлемі 600-2500 мл аралығында болады. 2500 мл асқанын матологияның белгісін көрсетеді.
Несептің түсі, оның құрамындағы пигменттерге тәуелді. Несеп сақталғанда уробилиногеннің тотығуы нәтижесінде қаралау түске енеді. Ерекше қара түс билирубиннің, порфириндердің немесе гомогентизин қышқылының шектен жоғары мөлшерде екендігін көрсетеді. Сонымен қатар несептің түсінің өзгеруі кейбір дәрілік препараттарды және тағамдық бояуларды қабылдағанда да байқалады.
Нефронның әр бөлігінде несептің түзілу механизмі.
Бірінші несеп қан ультрафильтрациялану арқылы түзіледі. Бірінші несепте молекулалық салмағы 50 000 жоғары ақуыздан басқа қан плазмасының барлық компоненттері болады.
Проксимальдық түтікшеде реабсорбцияланатын заттар үш топқа бөлінеді: жақсы реабсорбцияланушы, нашар реабсорбцияланушы, реабсорбцияланбайтын. Жақсы реабсорбцияланатын затқа жатады: Na+, Сl-, H2O, глюкоза және басқа моносахаридтер, аминқышқылдары, Ca2+, Mg2+, бейорганикалық фосфоттар, гидрокорбонаттар, төменгі молекулалық ақуыздар. Глюкоза мен ақуыз толық реабсорбцияланады, амин қышқылдар 99 %, H2O – 96 %, Na+ және Cl- 70% , басқа заттардың жартысы реабсорбцияланады.
Глюкоза және аминқышқылдары натрий катионымен бірге Na+ - градиентінің энергиясын қолданып тасымалданады( екінші активті тасымалдау). Тасымалдаушы Атфазаның қатысуымен Са2+ және Мg2+ катиондары реабсорбцияланады. Ақуыз эндоцитоз жолымен реабсорбцияланады.
Нашар реабсорбцияланатын заттарға мочевина және несеп қышқылы жатады. Олар жасуша аралық сұйыққа жәй диффузия арқылы өтеді.
Реабсорбцияланбайтын затқа креатин,маннит, полисахарин инулин жатады.
Дистальдық түтікшеде бірінші несепте қалған Na+ мен Cl- - 29 % реабсорбцияланады ( проксимальді және дистальді түтікшелерде Na+ мен Cl- - 99 % реабсорбцияланады). Na+ катионының дистальдық түтікше де реабсорбциялануының өзіне тән ерекшелігі бар: Біріншеден Na+ қайта сорылуы суға тәуелді болмайды. Яғни Na+ катионының құрғақ қайта сорылуы жүреді, Na+ ілесіп Cl- пассивті өтеді.
Екіншіден дистальдық түтікшенің эпителиясына енген Na+ несепке секреттелімейтін катиондарымен ( H+, K +, NH4+) алмастырылады.
Na+ дистальді түтікшеде реабсорбцияланудың үшінші ерекшелігіне, осы процесстің альдостеронның қатысуымен реттелуі жатады.
Жинаушы трубкада ( түтікшеде) су реабсорбцияланып ақырғы несеп түзіледі. Судың кері сорылуы вазопрессиннің әсерімен реттеледі.