Бүйректің несеп түзу қызметі организмнің жасуша сыртылық сұйығының ( қанның) осмостық қысымын, су – минеральдық баланысын, қышқыл – негіздік тепетеңдігін реттеумен тығыз байланысты.
Натрий тұзын көп мөлшерде қабылдағанда немесе суды жоғалтқанда қанның осмостық қысымы жоғарылайды да, осморецептор тітіркендіріледі. Хабар гипоталамусқа жеткізіп вазопрессиннің бөлінуі қамтамасыз етіледі де, судың қайта сорылуы жоғарылайды. Сонымен қатар шөл сезімі дамып,альдостеронның бөлінуі тоқталып, натрийдің кері сорылуы тежеледі. Осы процесстердің нәтижесінде қан айналым жүйесіндегі қысым және көлем қалпына келтіріледі.
Суды шектен жоғары қабылдағанда қанның көлемі жоғарылайды да волюморецептор тітіркендіріліп вазопрессиннің бөлінуі тежеліп, альдостеронның бөлінуі қамтамасыз етіледі.
Бүйрек қышқыл негіздік тепетеңдікті реттеу арқылы несеппен қышқылдық заттардың бөлінуін және организм үшін сілтілік қордың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қышқыл аниондары натрий катиондарымен нейтрализденеді, сондықтан олар натрий тұздары түрінде бөлініп шығарылады. ( Na 2 HPO4 , Na HCO3, Na Cl және органикалық қышқылдардың натрий тұздары түрінде).
Бүйректен бөлінген ренин қан плазмасының ақуызынан полипептид ангиотензин І бөліп шығарады. Карбокси катепсиннің ( карбокспептидазаның) әсерінен Ангиотензин ІІ түзіледі. Оның әсерінен қан тамырының салалы тегіс бұлшық етінің жиырылуы және альдостеронның бөлінуі нәтижесінде қан қысымы жоғарылатылады.
Карбоксикатепсиннің ренин - ангиотензиндік жүйе мен калликреин – кининдік жүйеде алатын орны жоғары: Біріншісінде ангиотензин ІІ – нің түзілуін екіншісінде брадикиннің ыдырауын қамтамасыз етеді. ( Брадикинин қан тамырларының саңылауын кеңітеді).