ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған


Тұрақтылар. Өрнектер. Айнымалылар



бет5/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Тұрақтылар. Өрнектер. Айнымалылар. SQL-дің кейбір инструкцияларында сан, жол немесе күн мәндерін айкын көрсету керек. SQL-де сандық тұрақтылар, жолдық тұрақтылар, күн және уақыт тұрақтылары және атауланған тұрақтылар қолданылады. Сандық тұрақтылар:
- бүтін және ондық тұрақтылар (дәл сандық литералдар), (мысалға: 22, -389, 900.0, +476);
- қалқыма үтірлі тұрақтыларға (жуық сандық литералдар) (мысалға: 1.5E2, -7.12349E1, 0.065439E12) бөлінеді.
Стандарт бойынша SQL-де жолдық тұрақтылар бір тырнақшаға алынуы керек, мысалы, ‘New York’, ‘Қарағанды’. Реляциялық ДҚБЖ-де күн, уақыт және уақыт аралықтарының мәндері жолдық тұрақтылар түрінде көрсетіледі, бұл тұрақтылардың форматы түрлі ДҚБЖ-де бір-бірінен ерекшеленеді. SQL-дегі мүмкін болатын күн тұрақтыларын келтірейік:
March 25. 1999 Mar 25 1999 3/25/1999 3-25-1999 1999 Mar 15
уақыт тұрақтылары: 15:30:25 3:30:25 PM 3:30:25 pm 3 PM.
Арнайы атауланған тұрақтылар ДҚБЖ-ның өзінде сақталатын мәндерді қайтарады. Атауланған тұрақтыны SQL-дің кез-келген нұсқауында сол типтегі әдеттегі қолданушылық тұрақтыны қолдануға рұқсат етеді. SQL2 стандартына келесі атауланған тұрақтылар кіреді: CURRENT_DATE, USER, CURRENT_TIME, CURRENT_TIMESTAMP, SESSION_USER және SYSTEM_USER. Кейбір ДҚБЖ жүйелік мәндерге рұқсат орнатылған функция арқылы қамтамасыз етіледі.
Қатыспаушы мәндер. Деректер қоры шынайы әлем моделін тілдіреді, сондықтан деректің жеке элементтері онда жоқ болады немесе барлық мәнге келе бермейтін болады. NULL қатыспаушы мәндер түсінігінің көмегімен SQL қатыспаушы мәндерді өңдейді. Егер кесте өрісінде NULL-мәні көрсетілсе, онда ол нақты жолда деректердің анықталған элементі жоқ немесе өріс мәні берілген жолға сәйкес келмейді дегенді білдіреді. NULL өріс мәні болса, онда деректер қорының программасы берілген жолда (жазба) қандай да бір мәннің жоқтығын арнайы түрде белгілейді. Деректер қоры кез-келген мән ретінде айтатын бұл өріске «нөл» немесе «бос орын» мәнін жай жазбайды, себебі NULL деректер типіне ие емес. NULL кез-келген типтегі өріске орналаса алады. Ол барлық коммерциялық ДҚБЖ жүзеге асырылған және көптеген жағдайларда ДҚБЖ жеке өңдеуді талап ететін NULL мәні стандарттың бөлігі болып табылады.
Өрнектер. Өрнектер идентификаторлар комбинацияларын, функцияларды, логикалық және арифметикалық операциялар белгілерін, тұрақтыларды және басқа да объектілерді білдіреді. Өрнектер командалардағы, сақтау процедурасындағы немесе сұраныстағы аргумент ретінде қолданылуы мүмкін.
Өрнектер операндалардан (деректердің өзіндік) және операторлардан (операндаларға қолданылатын операциялар белгісінен) тұрады. Операндалар ретінде тұрақтылар, айнымалылар, баған аттары, функциялар, ішкі сұраныстар қолданыла алады. Операторлар – жақшаларды пайдалану арқылы жаңа өрнекті құру үшін бір немесе бірнеше өрнектерге жасалатын операциялар белгілері. Операторлар арасынан унарлы операторларды, меншіктеу операторларын, арифметикалық операторларды, жолдық операторларды, салыстыру операторларын, логикалық операторларды, биттік операторларды бөліп алуға болады.
Айнымалылар. SQL Server ортасында командалар арасында деректерді берудің бірнеше тәсілдері бар. Олардың бірі – жергілікті айнымалылар арқылы деректерді беру. Айнымалы анықталған мәні бар объектіні білдіреді. Кез-келген айнымалыны қолданбас бұрын оны жариялау керек. Айнымалыны жариялау DECLARE командасы арқылы орындалады, оның форматы осындай:
DECLARE {@айнымалы аты} [,…n]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет