Басқарушы нұсқаулар. Орындалу бағытын басқару тілі - Transact-SQL операторларының орындалу бағытын бақылайтын арнайы сөздерден, операторлар блоктарынан және сақталу процедураларынан тұрады. Егер орындалу бағытын басқаратын тіл қолданылмаса, Transact-SQL жеке операторлары орналасқан тәртіпте тізбектей орындалады. Орындалу бағытын басқару тілі байланысқан операторлардың бірігуін, олардың өзара тәуелділігі болуына мүмкіндік береді. Орындалу бағытын басқаратын тілдің бір операторы бірден бірнеше сақталу процедуралары мен пакеттерге жатқызылмайды. Пакет – бұл қосымша бір уақытта SQL Server-ге орындауға жіберетін, Transact-SQL бір немесе бірнеше операторларынан тұратын топ. SQL Server пакет операторларын біріңғай орындалатын бірлікке (орындалу жоспары) компиляциялайды. SQL Server сценарийі бір немесе бірнеше пакеттерден тұрады. Пакеттің соңы GO командасымен белгіленеді. Егер сценарийде бірде-бір GO командасы болмаса, онда ол бір пакет ретінде орындалады.
Егер Transact-SQL анықталған бір әрекетті орындауды талап етсе, онда орындалу бағытын басқару тілінің кілтті сөздері пайдалы болады. Осы кілтті сөздерді атайық:
SQL тілінің функциялары.Функциялар – анық аты бар және жиі қолданылатын алгоритмдерді жүзеге асыратын шағын программа. Өрнектерді есептеу кезінде қолданылатын мән функцияның орындалу нәтижесі болады. Функция айнымалыларға рұқсат етілген кез-келген типтің мәндерін қайтара алады. SQL екі типті функцияны қолдайды:
Орнатылған функциялар үш типті болады: жол жиынтығын алатын функциялар, агрегатты және скалярлы функциялар.
Жол жиынтығын алатын функцияларды кестеге сілтеу сияқты операторларға қолдануға болады.