ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған



бет17/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Іскерлі ережелер. Деректер қорындағы ақпараттарды өңдеу іскерлік ережелермен шектелуі мүмкін және осы өңдеулермен көрсетілетін операцияға бағынады.
SQL1 стандартында анықталған, іскерлі ережелердің жүзеге асырылуын деректер қорына рұқсат беруді жүзеге асыруға қолданбалы программа жауап береді. Оның көптеген кемшіліктері бар: жарыса істеу, жеткіліксіз келісім, сүйемелдеу қиындығы мен күрделілігі және деректер қорының тұтастығының өзіне жауапкершілік жүктеуі. 1986 жылы ДҚБЖ Sybase триггер ұғымы енгізілген, яғни реляциялық деректер қорына іскерлік ережені қосу қадамы болды.
Деректер арасындағы басқа арасалмақ. Деректер қоры моделдейтін сыртқы әлем жағдайы деректер қорында қосымша шектеулер беруі мүмкін.
Қайшылық емес. Көптеген нақты іскер операциялар деректер қорында бірнеше өзгерістерді бір уақытта шақырады. Транзакция өңдеу механизмі деректердің қайшылық емес шартының орындалуын қамтамасыз етеді.

Негізгі әдебиеттер: 1-5


Қосымша әдебиеттер: 6-17


10 Ұсынулар. Ұсынулардың анықтамасы. Ұсынуларды құру. Ұсынулардың түрлері. Ұсынуларды жаңарту
Кестелер деректер қорының құрылымын және ондағы ақпараттардың ұйымдастырылуын анықтайды. Бірақ SQL ұсынулар көмегімен деректерге басқаша қарауға мұрсат береді. Ұсыну атауы бар таңдау сұранысы деректер қорында сақталады.
Ұсынулар (немесе көрсетулер - VIEW) уақытша, туынды (виртуалды) кестелер және деректер қорының объектісі болып есептеледі. Объектіде ақпарат әруақытта сақталмайды, тек «көңіл бөлгенде» ғана құрылады, яғни өзінің дербес деректері жоқ. Ұсынулар өзімен өзі бола алмайды, бір немесе бірнеше кестелер терминдерімен анықталады. Ұсынулар деректермен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін шешеді және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ұсынулардың мазмұны басқа кестелерден сұраныстар жасау арқылы таңдалады және кестедегі мәні өзгергенде ұсынулардың деректері аутоматты түрде өзгереді. Ұсынулар – қандай-да бір бұйрықтар көмегімен орындалатын сұраныс. Яғни, олар сұраныстарда және DML сөйлемдерінде қолданылады.
DML (Data Manipulation Language) – деректерді манипуляциялау тілі, яғни
INSERT – жолдарды енгізу;
UPDATE – жолды жаңарту;
DELETE – жолдарды жою.
Қолданушы шын мәнінде кестемен жұмыс істеп отырғандай болады. Бұдан былай негізгі кестелерді базалық кестелер деп түсінеміз.
Ұсынулар дегеніміз – сақталуы үшін дискілі жадыны қажет етпейтін, дәстүрлі кестелерге ұқсас, деректер қорында сақталатын сұраныс. Ұсынуларды сақтау үшін тек оперативті жады қолданылады.
Ұсынулар бірнеше себептерге байланысты қолданылады:

  • олар деректер қорын қолданатын әртүрлі қолданушылар оны әртүрлі көреді;

  • қолданушыларға кестедегі кейбір жолдар мен бағандарды ғана көруге рұқсат бере отырып, олардың көмегімен деректерге рұқсатты шектеуге болады;

  • әрбір қолданушыға оған қолайлы түрде сақталған деректер құрылымын көрсете отырып, деректер қорына рұқсатты жеңілдетеді.

Ұсынулардың негізгі жетістіктері:
Қауіпсіздік. Әрбір қолданушыға оған білуге болатын ақпараттан тұратын біраз ұсынуға рұқсат беруге болады. Осылайша, сақталған ақпаратқа қолданушылардың рұқсатын шектеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет