ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған



бет14/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
INSERT біржолды нұсқауы
INSERT INTO <кесте_аты >
[ баған_аты [,…n] ]
{VALUES (мән [,…n] ) | }
INTO ұсынысында жаңа жол қосылатын кесте көрсетіледі (мақсатты кесте), ал VALUES ұсынысында жаңа жолға арналған деректер мәні болады. Бағандар тізімі қай мән қандай бағанға енгізілетінін анықтайды. Тізім көрсетілмеуі мүмкін, онда барлық кесте бағандары («счетчик» деп жарияланғандырдан басқасы) деп түсіну керек, мұнда кесте құру кезінде олар нақты тәртіппен орналасуы керек. Егер INSERT инструкциясында өрістердің атауының нақты тізімі көрсетілсе, онда қалдырылған кез-келген бағандар кесте құру кезінде, бағанды жариялау кезінде DEFAULT параметрі қолданылған жағдайлардан басқа NULL мәніне рұқсат ретінде жариялануы тиіс. Мәндер және бағандар тізімі бірдей элемент санынан тұруы керек, ал әрбір мәннің деректер типі сәйкес баған типімен үйлесімді болуы тиіс, әйтпесе қате шығарады.
Жою сұранысы
Реляциялық деректер қорынан жолды жою, осы жолмен көрсетілген объектінің «сыртқы әлемнен» жоғалған кезінде жүзеге асады. Жолды жою мақсаты - деректер қоры нақты өмірдің дәл моделі болып қалуы. Реляциялық деректер қорынан ең аз ақпарат бірлігін жою бір жол болып табылады.
DELETE
FROM <кесте_аты > [ WHERE <таңдау_шарты>]
FROM ұсынысында жоюға қажетті жолдары бар кесте көрсетіледі. WHERE ұсынысында жойылуы тиіс жолдарды сұрыптау критерийі көрсетіледі.
Жаңарту сұранысы
Деректер қорында сақталған ақпаратты жаңарту «сыртқы әлемдегі» сәйкес өзгерістер болғанда қажет. Жаңартудың кіші бірлігі бір жолдағы бір баған мәні болып табылады.
UPDATE <кесте_аты>
SET баған_аты = <өрнек> [,…n]
[WHERE <таңдау_шарты>]
UPDATE инструкциясы бір кестеде таңдалған жолдағы бір немесе бірнеше бағандардың мәнін жаңартады. Инструкцияда өзгертілетін мақсатты кесте көрсетіледі, оған қоса қолданушының кестені толықтыруға, нақты бағанды жаңартуға рұқсаты болуы керек. WHERE ұсынысы жаңартылатын кесте жолдарын іріктейді. SET ұсынысында жаңартылатын бағандар көрсетіліп, оларға жаңа мәндер беріледі.

Негізгі әдебиеттер: 1-5


Қосымша әдебиеттер: 6-17




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет