Кабинет бөлмесін таңдап алу.Кабинет бөлмесін таңдап алу барысында, оқушы пен мұғалімнің қабілеттілігін арттыруда, санитарлық- гигиеналық факторларды сақтауға кері әсерін тигізбеу үшін барлық жағдайларға көңіл бөлу керек.Бөлменің көлемін таңдаған кезде оқушының жұмыс жағдайында көрушілік ерекшелігін, организімге қажетті ауаның болуын, сонымен қатар жабдықтарды қолайлы жерге орналастыруына көп көңіл бөлген жөн. Тіктөртбұрышты терезелерді оны ұзына бойына қабырғасына орналасқан бөлме формасы мақсатына пайдалану сәйкестігін туғызады. Терезелердің бұлай орналасуы студенттердің жұмыс орнына бір жағынан жарық түсіруін қамтамасыз етеді және 30оС-35оС көру бұрышын сақтайды. Қарау бұрышы кабинет тақтасының жағдайындағы горизонтальды қарау сызығының арасындағы бұрыш деп түсінеміз.Егер айтылған бұрыш 30оС аз болатын болса, тақтада орналасқан бетінің көріну жағдайы нашарлатады және студенттің (көру, қарау) мүмкіншілігін туғызады. Қажетті көру бұрышын тұрғызу үшін, бірінші столдың тақтадан екі метр қашықтықта орналасу керек.Бөлменің тым енді болуы да жарамайды, терезеден тым қашықта орналасқан столдарға табиғи жарықтың түспеуінен оқушыларға қолайсыз жағдай туады, ал тақтадан 10м артық қашықтықта орналасса оқушының көру әсері төмендейді. Қарастырылған бөлменің көлемі кабинеттің гигиеналық талаптарын қанағаттандарады, егер жалпы көлемі 66 м2 құрса, биіктігі 3 м- ден кем болмауы керек. Әр оқушыға кем дегенде 1,5-2,4 м2 қарастырылады.
Тапсырмалар: