Дауыс жаттығулары
Мұғалімнің шеберлігіне, өз әдісіне қарай ортақ дауыс жаттығуы жүргізіледі.
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
1-сыныптың үйге берілген шығармашылығына дәптерден тексеру жүргізіледі.
Бұл кезде 3- сыныпқа жаңа тақырып бойынша "Махамбеттің термесі" күй табақтан немесе үй тапсырмадан тыңдатылады, сонан соң оқулықтан "Жалынды ақын - Махамбет" тақырыбын оқып, термені жаттау өз бетінше жүргізіледі.
1-сыныпта табиғатқа байланысты көрнекілікті пайдалану арқылы "Алатау" халық әні үн таспадан немесе мүғалімнің орындауында тыңдатылып, талданады. Содан соң "Тау" суретін салуға тапсырма беріледі.
1-сыныпта жаңа үйретілітін ән - "Солдат болам мен ертең" әні бойынша көрнекілікпен жұмыс жүргізіледі.1-сынып"Алатауға" байланысты сурет салып жатқан кезде, 3-сыныпқа ән үйретіледі. Сонан соң олар әннің сөзін дәптерлеріне жазып болғанша 1-сыныпқа жаңағы салған суреттен алған әсеріне байланыстыра отырып жаңа ән "Сурет сабағымен" таныстырып, ән үйретіледі.
Екі сыныпта да үйретілген әндерді қорытындылау бірінен кейін бірі кезектесіп айтқызылады. 1-сынып әнді қайталау кезінде 3-сынып тыңдайды. 3-сынып қайталау кезінде 1-сынып тыңдайды
Достарыңызбен бөлісу: |