Ведалар – Ежелгі Үнді халқының қасиетті мәтіндер жинағы, веда «дәріс», «білім» деген мағына береді.
Валюнтаризм – дүниенің негізі ерік-жігер деп санайтын көзқарас.
Верификация принципі – шындықты жасаймын деген мағына береді, позитивизмдегі кез-келген теорияның фактілер арқылы расталуын талап ету.
Герменевтика – Қазіргі заман философиясындағы бағыт, негізін қалаған Гадамер, негізгі мәселесі – қолжазба, мәтіндерді талқылау, түсіндіру.
Гносеология – таным туралы ілім.
Гилозоизм – дүние түгел жанды деп санайтын көзқарас.
Гуманизм – адамгершілік, адамға құрмет туралы көзқарастар жүйесі.
Дао – Ежелгі Қытай философиясындағы даосизм бағытындағы дүниенің түпнегізі, «жол», «тағдыр», «заң» деген мағына береді.
Дүниеге көзқарас (дүниетаным) – тұтас дүние және ондағы адамның орны туралы түсініктер жүйесі.
Дхарма – Ежелгі Үнді философиясындағы заң, тәртіп, борыш дегенді білдіретін ұғым, Үнді мифологиясындағы заң мен әділет құдайы.
Диалектика – жалпы даму туралы ілім, грек тілінен аударғанда «әнгіме айту өнері, дауласу» деп аталады. Болмыс пен танымның қалыптасуы мен дамуы туралы философиялық ілім және осы ілімге негізделген ойлау әдісі. Философия тарихында диалектиканың бірнеше түсініктері берілген: болмыстың үнемі қалыптасуы және құбылмалылығы туралы ілім (Гераклит); диалог өнері, пікірталас арқылы шындыққа жету (Сократ), абсолют идеяның даму заңдылығы (Гегель), материалистік диалектика (Маркс); негізгі заңдары мен категорияларын алғаш тұжырымдаған Г.Гегель.
Детерминизм – құбылыстардың себепке тәуелділігі туралы көзқарас, детерминант – себеп.
Деизм – Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды деп санайтын ағартушылық көзқарас.
Дедукция – ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы.
Дуализм – дүниенің бір-біріне тәуелсіз материалдық, идеалдық қос бастамасы бар екенін мойындайтын көзқарас.
Жэнь – Ежелгі Қытай философиясындағы конфуцийлық бағыттың адамды сүю, құрметтеу дегенді білдіретін ұғымы, текті адамның бес жақсы қасиетінің бірі.
Жерұйық – қазақ философиясындағы төл категориялардың бірі, Қорқытқа қатысты мәнгі өмірі бар жер дегенді білдірсе, Асанқайғыға қатысты географиялық жағдайы өмір сүруге аса қолайлы жер дегенді білдіреді.