Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша – асыл сөз, арабша – әдебиет, еуропаша – литература... Ахмет Байтұрсынұлы
Көркем әдебиет дегеніміз не? – белгілі бір ұлттың тілінде көрініс тапқан сол ұлттың автопортреті ????
Белгілі бір ұлттың, халықтың сөз өнерінің туу, дамуын, бүгінгі кезеңге дейінгі бел-белестерін, қай кезеңде қандай ақын-жыраулар, қаламгерлер болды, олар қандай әдеби мұра қалдырды деген мәселелерді анықтайтын сала
Әдебиет тарихы
Өз тұсындағы, кезеңіндегі әдеби процесс - әдеби даму ерекшеліктерін қарастыратын сала
Әдебиет сыны
Сюжеттің өрбу элементтері:
Сюжеттің басталуы
Сюжеттік байланыс
Сюжеттік даму
Шарықтау шегі
Шешім
Әдебиет теориясы зерттейтін мәселелердің үшінші циклы
жалпы көркемдік дамудың тарихилық сипаты, әр дәуірдегі бағыттары, бағдарлары мен әдістері, жанрлар өзгешіліктері және жанрлық түрлер поэтикасы саралана тексеріледі.
Әдебиет теориясы зерттейтін мәселелердің екінші циклы
көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, көркем бейне, тип және характер, сюжет пен композиция, өлең және қара сөз құрылысы, әдеби тіл және стиль мәселелері.
«Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, қиыннан қиыстырып тұратын» не? Сюжеттік-композициялық құрылымы
Әдістік тұрғыдан бөлінген образдардың түрлерін белгілеңіз.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ.
жасалу тәсілдеріне қарай, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т.б.
Әдеби тек тарапынан бөлінген образдардың түрлерін белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |