ҚЫПШАҚ-БҰЛҒАР ТІЛДЕРІ:
Башқұрт тілі
Башқұрт (башқорт; этникалық топтары: айли, барын, бурзян, дуван, қатай, қыпшақ, кошсо, кувакан, сальут/хальют, сарт, табин, там’ян, тунгаур, тюбелес т.б.) – түркі тілдері қыпшақ тобы қыпшақ-бұлғар топшасының тілі. Шамамен 1,5 миллион башқұрттың 900 мыңға жуығы Башқұртстанда, қалғаны Татарстанда, Чувашияда, Қазақстанда, Ресейде, Украинада тұрады.
Ерекшеліктері:
Фонетикасы бойынша: ä/ә дауыстарының болуы (äлäм «әләм/әлем», йäй «жаз», йäш «жас»);
өзге түркі тілдеріндегі е, и, ү, ө дыбыстарының орнына и, е, ө, ү, дыбыстарының жұмсалуы: биш «бес»,белем «білім», көн «күн», күк «көк»;
с дыбысының орнына көмей (фарингал) һ – ның жұмсалуы: һонъғы «соңғы», қыһ «қыз»;
ш орнына с дыбысының жұмсалуы: санъғы «шаңғы»;
д орнында тіс аралық з̣ жұмсалуы: барз̣ынъ «бардың», өйз̣ä «үйде».
Морфологиясындағы ерекшеліктер: еди көмекші етістігі ине түрінде жұмсалады: барһа ине «барса еді»;
нақ өткен шақ аффиксі -з̣ы болымсыздық аффиксінен кейін -ны формасында қолданылады: тапманым “таппадым»;
міндеттілік/тиістілік (долженствовательное накл.) райының -аһы бар формасының қолданылуы: бараһым бар «баруым керек/барарым бар/баруға тиіспін»;
ниет мәнін білдіретін рай тұлғасы -мақсы: бармақсымын «бармақпын/бармақшымын».
Башқұрт тілінің екі диалектісі бар: шығыс (тау, кувакин) және оңтүстік (луговой, юрматин).
Башқұрттардың әдеби тілі кеңес кезеңіне дейін татар жазба тілінің күшті ықпалында болып, 1920 жж. – шығыс диалектісінің негізінде, содан кейін – екі диалектінің де негізінде дамыған. Башқұрт және татар тіл-әдебиет дәстүрінің тұтастығы кейін сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |