Оқырмандар конференцияы мектеп оқушыларының оқудан тыс кездерінде қызықты әдеби-көркем шығармалары мен ғылыми көпшілік әдебиеттерін оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.
Конференцияның негізгі мақсаты кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру.
Дайындық барысында оқушылардың өзара пікір алмасуы, жазба жұмыстарының жүргізуінің өзі – конференцияның бастамасы, ал оны өткізу кезеңі – қорытындысы болып табылады. Конференцияны өткізу барысында сынып жетекшісі кіріспе сөз сөйлеп оның жұмысын бастайды. Онда таңдап алынған кітап жайлы, оның мақсаты, маңыздылығын айта келе қатынасып отырған қонақтарды таныстырып өтеді. Оқушылардың назарын нақтылы мәселелерге аударып, оны талқылауға бағыт-бағдар береді.
Конференция соңында сынып жетекшісі қорытынды сөз сөйлеп, оның жұмысына баға береді.
Тақырыптық конференция
Тақырыптық конференция – белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отыра, көкейкесті мәселелерді шешуге арналады. Оның ауқымы кең. Ондағы қаралатын мәселелер өмірдің кез-келген саласына арналады.
Конференцияның тақырыбын таңдаудың маңызы ерекше. Ол оқушылардың тілегімен сәйкес, әрі оларды қызықтыратын болуы керек.
Тақырыптық конференция, оның мақатына сай көкейкесті сұрақтарды әзірлеп, алдын-ала оқушыларға оны ұсынудың да маңызы ерекше. Конференция өтізу қарсаңында арнайы көрме ұйымдастырылады, алдын-ала баяндама әзірленеді, хабарлама ілінеді.
Жүргізуші сөз сөйлеп, мақсатын хабарлайды. Баяндамалар оқылады, кейде пікірталасқа ұласады. Конференция соңында сынып жетекшісі немесе жүргізуші қорытынды сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға баға береді.
Қызықты кездеулер
Тәрбие мен оқуды өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыспен тығыз байланыстыру – мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп оқушыларының атақты адамдармен кездесуі тәрбиенің маңызды да қажетті саласы. Әсіресе қызықты кездеулермен өткізген тәрбие сағаты нәтижелі болады.
Сынып жетекшісі кездесуді дайындау барысында тәрбиелік жағдай туғызады: алдын ала шақырылған қонақпен әңгімелеседі, оған тәрбие сағатының мақсатын, оның идеялық бағытын, сынып ұжымының ерекшеліктерін түсіндіреді, оқушылар алдында сөйлейтін сөзінің мазмұны мен формасы жөнінде кеңес береді.
Баспасөз конференциясы
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының бұл формасы оқушылар үшін өте ұнамды әрі қызықты болып келеді. Ол әрбір оқушыны ынып ұжымының алдында ғана емес, сонымен бірге бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін білдіріп, сөз саптауына дағдыландырады. Соған орай конференцияны ойын түрінде өтізген дұрыс. Оған қатысушы әрбір оқушы тілші, белгілі бір саланың қызметері, қоғамдық және саяси партиялар мүшесі секілді рөлдерді атқарады. Соның барысында оқушылар баспасөз конференциясының қатысушыларына үлкен ілтипат білдіріп, көп нәрседен хабардар болады.