Оқу-әдістемелік кешеніні


Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары



бет49/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61
Байланысты:
Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі

Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары
Мақсаты: Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдарын айқындау.
Жоспары:

  1. Тәрбие сағатын ұйымдастыру әдіс-тәсілдері, формалары

  2. Пікірталас, әңгіме

  3. Саяси хабарлама, газетпен жұмыс жасай білу

  4. Саяси ұйымдар мен клубтар

Тәрбие сағатын ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдері мен жолдары бар. Оларға пікірталас, әңгіме, саяси хабарлама, газетпен жұмыс жасай білу, газет оқуға үйрету, саяси үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциясы, тақырыптық конференция, баспасөз конференциясы, конкурстар және т.б.

    • Пікірталас.

Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікірталас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс – бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады.
Пікірталас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас кезінде оқушылардың көзқарастары кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылық пен пайымдауға үйретеді.
Пікірталастың мақсаты – оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету.
Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты - алдын-ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастыру. Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, оның мақсатын түсіндіреді, одан әрі қарай пікір алмасу басталады. Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол – дәлелді ой пікірдің айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалуы, оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі.

    • Әңгіме.

Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып – адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық, жомарттылық және қатыгездік, біреуге шын жүректен жақылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақчсы ұғынуға, өмір тәжірибеіңн дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлерімен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда ең алдымен адамгершілік ұғымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен бірге әңгіме барыында адамгершілік ұғымдардың мәнін түсінуге нәтижелі мүмкіндік туғызатын нақтылы мысалдар, деректерді келтірген дұрыс. Осы тұрғыда әңгімені үнемі өсиет айту, үгіт-наихатқа айналдырып жібермеу керек. Ол үшін жеткіншектермен әңгімені өткізгенде адамгершілік мазмұнды жағдаят формасында ұйымдастырған жөн.

    • Саяси хабарлама

Бұл саяси білім берудің аса маңызды және кең тараған формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі және шет елдердегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуға көмектеседі. Сонымен бірге ол ұлттық патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Мектеп тәжірибесінде саяси хабарларға шолу, тақырыптық, жедел хабар әдістері көптеп қолданылады.
Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі.

    • Газетпен жұмыс жасай білу

Балалар газеті оларға өз замандастарының өмірі мен істерін жеткізе отырып, оларды өте маңызды саяси оқиғалармен белгілі бір дәрежеде таныстыра алады.
Балалар газеттен алған әсерлері мен ой-түйіндерін өз сыныбының жұмысына пайдаланып, басқа балалардың жақы істерін қабылдап, өздері жайлы немесе көкейде жүрген ойларын айтып, газетке үн қосқаны абзал.

    • Саяси үйірмелер мен клубтар

Мұның міндеті сабақта, газет, радио, көгілдір экран арқылы алған білімдері мен көзқарастарын кеңейтуге, шыңдауға көмектесу. Саяи үйірмелер мен клубтар әдетте жоғары сынып оқушылары арасында қолданылады. Ондағы жұмыстың формалары мен әдістері әр алуан. Мұнда дәрістер мен баяндамалар тыңдалып, пікір алысу жұмыстары жүргізіледі. Оның жұмысына мектеп оқушыларымен қатар мектеп мұғалімдері мен қоғамдық негіздегі баяндамашылар қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет