Зерттеудің негіздемесі-тәжірибелік әрекет жөнінде шешім қабылдау, пікір түю немесе баға беру үшін белгілі білім, ереже не анықтама негізінде ойлау процесі ретінде болады. З.Н. бөліктері:
1) зерттеу тақырыбының маңыздылығы;
мәселедегі қарама-қайшылық;
зерттеу проблемасы;
зерттеу мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық негізі.
Реферат- құжаттың, кітаптың, ғылыми басылымның мазмұнының қысқаша баяндамасы. Р.құжаттың библиографиялық мазмұндауынан, кілттік сөздерден, реферативті бөлігінен тұратын. Реферативті бөлігінде бастапқы құжаттың мазмұнының мәнді элементтері, негізгі идеялары, қорытындылары беріледі.
Тезис-1) ой желісі, пікір дәлелдеуді талап етеді;
2) мақаланың, баяндаманың, шығарманың ғылыми немесе тәжірибелік идеясын қысқаша баяндайтын ой желісі.
Глоссарий 9 Педагогикалық шығармашылық- бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәжірибені жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық жұртшылықтың игілігіне айналдыру. Шығармашылық топтың зерттейтін мәселелері: оқу уақытын дұрыс пайдалануды зерттеу және талдау; мұғалім уақытының бюджеті; педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары мен тәсілдері, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынас; ынтымақтастық, шығармашылық, ізденушілік т.б.
Педагогикалық шеберлік –кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін жеке адамның қасиеттерінің кешені.
Педагогикалық қабілет- жеке адамның қабілетінің түрі. Ол педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуына септігін тигізетін, психикалық үрдістердің өту ерекшелігін көрсетеді. Олар: коммуникативтілік; перцептивтік, яғни кәсіптік қырағылық, педагогикалық интуиция динамізмі; эмоциональдықт ұрақтылық; креативтілік, яғни шығармашылыққа қабілетілік.
Шығармашылық-бұл шартты ұғым, яғни ол бұрында болмаған, жасалынбаған жаңа да ғана көрінісін таппай, салыстырмалы жаңаны ашуда да көрініс табады.