Оқу-әдістемелік кешеніні



бет15/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Шығармашылық ойлау-ойлаудың түрлерінің бірі, субъективті жаңа өнімді және оны жасаудағы танымдық іс-әрекеттің жаңа дүниелерінің құрылуымен сипатталады. Бұл жаңа пайда болған дүниелер мотивацияға, мақсаттарға, бағалауларға, мәндерге қатысы бар.
Глоссарий
10
Вербалдық қарым-қатынас – сөздік қарым – қатынас, оның процесінде белгі жүйе ретінде сөз қолданылады.
Қарым-қатынас /общение/ - субъектілердің өзара әрекеті, онда рационалдық және эмоционалдық ақпаратпен, іс-әрекетпен, тәжірибемен, біліммен. іскерлік пен дағдымен, іс-әрекет нәтижесімен алмасу жүзеге асырылады. Жеке адамның және топтың дамуының қажетті шарты.
Қызығу - жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай тандамалы қатынасы. Қ.түрлері: материалдық, рухани, қоғамдық.
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік- психологиялық қарым-қатынасының тәсілі. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары: жеке адамды тану, апарат алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, рөлдермен алмасу, бірге әсерлену, өздігінен нығаю, беку.
ДӘРІС САБАҚТАРЫ


Дәріс № 1


Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Мақсаты: тәрбиелеу технологиясы және мұғалімнің педагогикалық шеберлігі арасындағы байланысты көрсету.
Жоспары:

  1. «Жалпы білім беретін мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі» курсының пәні мен міндеттері, оның маңызы.

  2. Тәрбие және тәрбиелік жұмыс.

  3. Тәрбие ұғымының оқытудан айырмашылығы.

  4. Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері.

Тәрбие жұмысының әдістемесі – түрлі оқу-тәрбие мекемелерде, балалар бірлестіктері мен ұйымдарда тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың ерекшелектерін зерттейтін, білім немесе тәрбие мекемелерінде тәрбие жүйесін құруға және оның тиімділігін арттыруға, нақты тәрбиелік әдістемелер немесе технологияларды қолдануға бағытталған ұсыныстарды беретін тәрбие теориясының бөлімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет