Тәрбие- жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие- адамның рухани дамуы және оны қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлаудың мақсатты бағытталған үрдісі.
Тәрбие әлеуметтік бақыланатын әлеуметтену ретінде - бұл адамдардың қоғамда біртіндеп бейімделуіне, оның әлеуметтенуі жүретін топ немесе ұйымның мақсатының спецификасына сәйкес адамның бөлінуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретін саналы және мақсатты түрде адамды өсіру. Тәрбие қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайымен, этникалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерімен тығыз байланысты нақты тарихи құбылыс. Әрбір адам, әсіресе балалық шағында, жастық шағында әлеуметтенудің обьектісі ретінде танылады. Тәрбие әлеуметтік институт ретінде қоғам мүшелерін саналы түрде әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруына қажетті жағдай жасау үшін пайда болды.
Технология(грекше techne-шеберлік, іскерлік; lodos- сөз, ілім) - объектінің күйін, қасиетін, формасын өңдеудің, жасаудың, өзгертудің әдістерінің жиынтығы.
Тәрбие технологиясы - нақты тәрбиелік нәтижеге бірізділікпен, белгілі тәсілмен қол жеткізуде қолданылатын іс-шаралар жиынтығы.
Бүгінгі таңдағы тәрбие тұжырымдамалары философиялық ілімдер және психологиялық теориялар негізінде жасалуда. Олар: психоаналитикалық теория. (А.Гезелл, З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Эриксон), когнитивті теория (Ж.Пиаже, Д.Дьюи), іс-әрекет теориясы (Д.Локк, Д.Уотсон, Б.Скиннер), биологиялық (генетикалық) теория (К.Лоренц, Д.Кеннел), әлеуметтік-синергетикалық теория (Л.С.Выготский, П.А.Флоренский), гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс және т.б.). Гуманистік педагогиканың басты құндылығы - өз өмірінің, тарихтың, мәдениеттің субъектісі ретіндегі адам.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің ұстанымдары:
- баланы сол күйінде қабылдау, оған тұрақты жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру;
- әрбір баланың бойында жеке абырой сезімін және оны құрметтеуді көрсету;
- тұлғаның ешкімге ұқсағысы келмеу құқығын ұғыну және оны тану,
- өз еркімен таңдау құқығын беру;
- баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын бағалау;
- әрбір баланы «сезіну» (эмпатия) қабілетіне ие болу, бала тұрғысына ену іскерлігі;
- баланың жеке-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін (жүйке жүйесінің типі, темпераменті, қабылдау, ойлау және есте сақтау ерекшеліктері, қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері, мотивтері, бағытталуы, ұжымдағы мәртебесі, өзін-өзі бағалуы, мен-концепциясының қалыптасу деңгейі, белсенділігі және т.б) есепке алу.
Тәрбие үрдісінің нәтижелілігіне педагогтың шеберлігі, оның тұлғалық ерекшеліктері, тәрбиешінің тәрбиеленушілерге қатынасы ерекше әсер етеді. Тәрбие технологиясына спецификалық қасиеттер тән. Олар: мақсат қою; тәрбиелеу кезеңін қайта өндіру мүмкіндігі; кері байланыс; бағалау және бақылау; түзету. Педагогикалық технологияларды құру - өте күрделі үрдіс. Жалпы педагогикалық үрдіс бірнеше кезеңдерден тұрады: педагогикалық технологияның басты идеясын таңдау және негіздеу, технологияның мақсаттық тұжырымдамасын жасау және міндеттерді жобалау; тәрбиенің мазмұнын жобалау; тәрбиенің мазмұнын, әдістерін, формаларын интеграциялау; оқу-тәрбие үрдісінде технологияны іске асыру құралдар жүйесін құрастыру, оқушылардың жетістіктерін, тәрбиелілік деңгейін, тұлғаның қасиеттерін бақылау және бағалау жүйесін жасау.
Тәрбие технологияларының тиімділігі олар жүзеге асырылатын педагогикалық жағдайларға да тәуелді. Олар: педагогтың жеке ерекшеліктері (эрудиция, тұлғаның қайталанбастығы, мәдениеті, қызығушылықтары және т.с.с.), тәрбиеленушілерге көзқарасы (педагогикалық такт, оптимизм), педагогтың кәсібилік деңгейі (тәрбие заңдылықтарын, бала психологиясын білуі, диагностикалау әдістерін меңгеруі) және материалдық жағдайлар (сыныптың күйі, құрал-жабдықтардың жеткілікті саны және т.б.)
Тәрбие технологиясының сипаты балаға деген көзқарасқа тәуелді болып табылады. Сол арқылы технологияның түрі таңдалады: ынтымақтастық, еркін тәрбиелеу, авторитарлы немесе тұлғалық бағдарлы.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды. Жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы ақпарат құралдары, баспа орындары т.б.
Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшіліктері бар:
Тәрбие үрдісі көп факторлы үрдіс, ол тек мектепте ғана емес, отбасында, мектептен тыс мекемелерде, қоғамық орындарда іске асырылады. Оқушылардың санасының, тәртібінің қалыптасуына әдебиет, өнер, телехабарлар, компьютерлік технология, бейнефильмдер әсер етеді. Қазіргі кезде балаларға әсер етуші хабарлар өте көп, оның кейбір жағымсыз әсерлері де болатындығын ескеруіміз керек.
Тәрбие ұзақ мерзімге созылатын үрдіс. Ол бала өмірге келгеннен басталып, өмір бойы жалғасады. Адам есейген шағында да тәрбиеленіп, тіпті, қайта тәрбиеленуі мүмкін.
Тәрбие үрдісінде бірнеше қайталау болады. Мысалы, адамның бір сапалық қасиетін қалыптастыруға қайта-қайта оралуға тура келеді. Бұл жай қайталау емес, жас ерекшелігіне қарай баланың білімін, тәрбиесін, тереңдету.
Нәтижесі өте елеусіз.
Болашаққа бағытталған үрдіс. Тәрбие беруде тек бүгінгі күн міндеттерін ғана емес, алдағы мақсаттарды да ескеруіміз керек.
Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі үрдіс. Озық педагогикалық, психологиялық ойларды ұтымды әдіс-тәсілмен қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана сезімі, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру. Ұлттық ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау. Олардың қабылдауын дамытуға жан-жақты жағдай жасау. Мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметтпен қарау және оны жүзеге асыруға ынталы болу. Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою. Сонымен қатар басқа ұлттық өкілдерін, жастардың өзара сыйластық, достық негізде өмір сүруіне ықпал жасау.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар бар:
Тәрбиенің мазмұны оның жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі: адамгершілік,имандылық, ізгілік, елжандылық.
Үздіксіз тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие.
Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының барлық буынында ана тілін пайдалану.
Педагогикалық жағдайды зерттей отырып, педагогика тәрбиенің заңдылықтарын ашады. Заңдылық - педагогикада ғылыми нормативтік реттеуші қызметін атқара отырып, тәрбиенің заңдылықтарын ескеріп, принциптерді қалыптастырады (принцип - негізгі талаптар).
Адамның дамуы екі өзара байланысты үрдісті - оқытуды және тәрбиелеуді ұйымдастыруды талап етеді. Бұл екі үрдістің әр түрлі міндеттері бар, сондықтан бір бірімен қиылысса да, кейде уақыт бойынша қатар келсе де олар бір бірінен ұйымдастырудың әдістері және формасы жағынан үлкен айырмашылықтары бар.
Тәрбие үрдісі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің дәл сол тиімді өзара әрекеті (ынтымақтастығы).
Тұтастық педагогикалық үрдісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Сондықтан педагогикалық үрдіс бөлімінде берілген білімдер жиынтығы тәрбие үрдісіне де тікелей қатысты. Тәрбие үрдісінде бір мезгілде сананы қалыптастырудың, сезімдерді дамытудың, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыпқа түсірудің маңызы зор. Бұған тәрбиеленушілердің интеллектуалдық өрісіне (олардың санасына), эмоциялық өрісіне (олардың эмоциялары мен сезімдеріне) және еріктік өрісіне (олардың әрекеттеріне, мінез-құлқына) жүйелі және жоспарлы ықпал еткен кезде қол жетеді. Егер осы компоненттердің біреуі түсіп қалатын болса, тәрбие өз мақсатына жете алмайды, ол біржақты сипатқа ие болады. Сондықтан тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі - тұлғаға жан-жақты ықпал жасау, санаға, сезім мен мінез-құлыққа бір мезгілде әсер ету.