Оқу-әдістемелік кешеніні


Брошюра -кезендік емес кітаптық басылым, оның көлемі 4 беттен артық та, 48 беттен кем емес. Диссертация-



бет13/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
Брошюра -кезендік емес кітаптық басылым, оның көлемі 4 беттен артық та, 48 беттен кем емес.
Диссертация-ғылыми дәреже алуға ұсынылған және диссертанттың көпшілік алдында қорғайтын ғылыми жұмыс. Д. зерттеудің нәтижесі ғылымға және практикаға үлес қосып, ғылымның алдыңғы шебі болады.
Диссертацияның авторефераты-ғылыми дәреже алуға ұсынылған, автордың өзінің зерттеу жұмысына құрған рефераты болатын, брошюра түріндегі ғылыми басылым.
Зерттеудің елтану тәсілдері—жеке бір немесе бірнеше шетелдің білім беру жүесін зерттеуді қамтиды.
Зерттеудің тарихи тәсілі-білім берудің бір елде, сол сияқты бір аймақта немесе дүние жүзінде дамуына тарихи талдау жасаудың өте қажеттілігін білдіреді. Тарихи зерттеу қазіргі құбылыстың түптамырын анықтау, терең түсіну үшін қажет. Құбылыстың хронологиялық шегін анықтау белгілі шамамен ғана мөлшерленеді. Өткен мен бүгінгінің шегі тез өзгеріске түседі, көбінесе білім берудің дамуының жаңа кезені қарастырлады. Кей жағдайда жаңа тенденциялар оларға жан-жақты және объективті талдау жасауға мүмкіндік беретіндей денгейді қолданылмай жатады. Ондай жағдайда белгілі мәселеге өткенді шолу өте пайдалы болады.
Зерттеудің этномәдениет тәсілі-халыққа білім берудің, мәдениеттін, жеке елде, аймақта немесе жалпы дүние жүзінде дамуының жалпы заңдылықтарымен қатар ұлттық ерекшеліктерін де анықтауды көздейді.
Зерттеудің индукциялық тәсілі /жекеден жалпыға қарай/- салыстырмалы педагогикалық зерттеуді деректерді жинаудан бастап, оны жүйелеп талдау және оған теориялық түсініктеме беру болып табылады.
Зерттеудің дедукциялық тәсілі /жалпыдан жекеге қарай/- мәселені талдау, болжау және соны дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын деректер жинауды білдіреді.
Зерттеудің экономикалық тәсілі /білім берудің экономикасы/- білім беру жүйесі дамуының экономикалық жайын: ғылыми-техникалық прогресс және экономика, маман жұмыс күшін толтыру; білім беруге қаражат жұмсаудың сандық мөлшері, ұлттық және мемкеттік есебі және т.б. анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет