ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ
Дәрілерге аллергиялық серпіліс кезінде иммунологиялық механизмдердің барлық 4 түрі қатысуы мүмкін.
1 түрі: Реагинді
2 түрі: Цитотоксикалық
3 түрі: Иммунды кешенді
4 түрі: Баяу-жоғары сезімталдық
Клиникалық көріністері: бронх демікпесінің ұстамалары, есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок, аллергиялық ринит және конъюктивит, атопиялық дерматиттің өршуі. Дәріге аллергиялық серпілістер белгілі бір ағзаны зақымдаумен немесе толық ағзаны зақымдаумен жүреді. Оларға жатады: анафилактикалық шок, Лайелла синдромы, Стивенс-Джонсон синдромы, сарысулық ауру және т.б. Бұл серпілістерді көбінесе пенициллин және оның аналогтары, басқада антибиотиктер, сарысулық препараттарды парентеральды енгізгенде, жергілікті анестетиктер (көбінесе новокаин, лидокаин), НҚҚП, витаминдер (әсіресе В тобы), сульфаниламидті препараттар т.б.
Стивенс-Джонс синдромы. Бастапқы кезінде жедел респираторлық инфекция симптомына ұқсас жүреді. Стивенс-Джонс синдромы бірден дене қызуының жоғарлауымен, басының, буындарының ауырсынуымен басталады. Терінің зақымдалуы қызбадан кейін 4-6 күннен кейін басталады. Көбінесе шырышты қабықтар зақымдалады (диагностикалық триада-конъюктива, ауыз қуысының, жыныс мүшелерінің шырышты қабаттары), аяқ-қолдарының әсіресе, қол, табан терісінің көпформалы (ұсақ және үлкен) экссудативті эритема түрінде зақымдалуы болады. Никольский симптомы теріс. Зақымдалған тері коэффиценті 30-40 %.
Сарысулық ауру түріндегі серпілістер: Дәрілік сарысулық серпілістердің клиникасы көбінде шынайы сары сулық ауру клиникасымен ұқсас болады. Бұл серпілістер көбінесе гетерологиялық сарысуларды енгізгенде дамиды (жиі жылқының) жәнеде көптеген дәрілік препараттар, вакциналар шақырады. Симптомдары басқа аллергиялық серпілістерге қарағанда препаратты енгізгеннен кейін 1-3 аптадан соң дамиды (антиденелердің жиналуымен синтезіне байланысты). Дене қызуының 390С-қа дейін жоғарлауы, теріде полиморфты бөртпелер, ангионевротикалық Квинке ісінуі, артралгиялар (көбінесе ірі буындардың зақымдалуымен), миалгиялар, лимфоаденопатиялар. Симптомдардың ұзақтығы 7-10 күннен бірнеше аптаға созылады. Ауыр түрінде жүйелі васкулит, гломерулонефрит, полирадикулонейропатия дамуы мүмкін.
Клиникалық-зертханалық зерттеулерге: ЖҚА, ЖЗА, қан сарысуында комплементтің С3, С4 компоненттерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |