Дискуссия. Бұл мұғалімдерді қазіргі білім беру проблемаларын белсенді талқылауға тарту, күнделікті идеялар мен ғылым арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтау, теориялық білімді шындықты игеру үшін теориялық мәселелерді ұжымдық талқылау екендігін жетекшіміз түсіндіріп берді. Әдістемелік диалог.Көбінесе ол дөңгелек үстел түрінде өткір педагогикалық және ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау және іс-шаралар жоспарын құру үшін өткізіледі екен. Қатысушылар талқылау тақырыбымен алдын-ала танысып, тіпті теориялық үй тапсырмаларын алатындығымен таныстық.
Миға шабуыл. Бұл практикалық дағдыларды дамытуға, шығармашылық ойлауға, педагогикалық теория мен практиканың жекелеген мәселелері бойынша дұрыс көзқарасты дамытуға ықпал ететін әдістемелік әдістердің бірі екендігін білдік.
|
05.06.2022
|
05.06.2022
|
|
8
|
Әртүрлі сабақтан тыс танымдық іс-шараларды жүзеге асыру жоспарларымен таныстық. Сонымен қоса оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтан тыс түрлі жұмыстар атқарылатынын білдік. Оларға түрлі үйірмелер, апталықтар, интелектуалды ойындар, жане т.б жатады. Оқушылардың қай тараптан жақсы білетіндігі, қай пәнге икемділігі бар, қай тақырыпқа назар көбірек салу керек деген сияқты сұрақтар осы іс-шаралар барысында белгілі болады екен . Сондықтан мектеп қабырғасында химия пәнін мейлінше жетік білу болашағымыздың кепілі деп айтсақта болады. Бұл пән әр түрлі практикалық жұмыстармен қызықты болғандықтан, сабақтан тыс іс-шараларға химия пәнінен үйірме жұмыстары жатады. Үйірме барысында әр түрлі химиялық іс-тәжірибе жұмыстарын мұғалімнің қадағалауы бойынша атқарып отырады. Күнделікті пайдаланылып жүрген заттарымыздың химиямен тығыз байланысты болатынын көзбен көрген оқушылардың бұл пәнге қызығушылықтары арта түседі деп жетекшіміз өзінің ойымен бөлісті.
|
06.06.2022
|
06.06.2022
|
|
9
|
Орта мектеп химия курсының мазмұны мен құрылысымен таныстық. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады екен .Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керектігін білдік. Химия ғылымының, даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты, негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай қайталау міндет емес. Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағынасын біртіндеп ашып, дамытуға тура келетіндігін білдік. 7сыныптан -11 сыныпқа дейінгі химияның оқу-бағдарламасының жоспарларымен таныстық.
|
07.06.2022
|
07.06.2022
|
|
10
|
Химия кабинеті. Химия кабинетін жабдықтау әдістемесімен таныстық. Нургендирова А.О. химия кабинетімен және лаборанттар бөлмесімен толықтай таныстырып шықты. Химия кабинеті – химия сабақтарын өткізуге, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарды дайындауға, өткізуге, сонымен қатар оқу бағдарламасына және тәрбие жұмысы бойынша мектеп жоспарына сәйкес химиядан сабақ және әртүрлі зертханалық жұмыстарды өткізуге арналған орын.
Ережеге сәйкес химия кабинеті 2 бөлмеден тұруы шарт:
1)Сабақ және басқа да іс – шаралар өткізуге арналған сынып бөлмесі;
2)Лаборанттар бөлмесі - химиялық ыдыстар, реактивтер, оқу құралдары, дидактикалық материалдар сақталатын бөлме; Мектептегі химия кабинетінде міндетті түрде су құбырымен, электроэнергиямен, оқу – әдістемелік әдебиеттер және кестелерді сақтауға арналған сөрелермен, өрт сөндіру құралдарымен және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған заттармен толық қамтамасыз етілуі қажет екендігін білдік. Лаборанттар бөлмесі химия кабинеті жақын тұспа – тұс орналасуы керек екен. Оның 2 есігі: 1-коридорға, 2- химия кабинетіне бағытталып орналасуы қажет. Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы: Дидактикалық, көрнекі, тарату, анықтама материалдары жеткілікті көлемде болуы тиіс және пән бойынша бағдарламалық материалдарды орындауды қамтамасыз ету қажет.
Химия кабинетін басқа пәндер бойынша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізу мақсатында қолдануға болмайды.
|
08.06.2022
|
08.06.2022
|
|
11
|
Іс-тәжірибені қорытындыладық. Іс-тәжірибе бойынша есеп жаздық. Есепте он күн бойы жоспарланып жасалған жұмыстарымызбен бөлістік.Теориялық білімдерімізді тәжірибе жүзінде байқап көрдік . Жасаған қорытындымызды жетекшіміз өз деңгейінде бағалады . Биология пәнінің мұғалімі Темиролова Гүлбақыт оқу іс – тәжірибемізді «өте жақсы» деп бағалады . Оқу іс – тәжірибеден өткеннен кейін барлығымыз үшін кызықты нәрселерді байқадық.Ұстаздық мамандыққа көзқарсымыз өзгерді. Білімімізді шыңдай білдік.
|
09.06.2022
|
09.06.2022
|
|
12
|
Іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша есеп бердік.Оқу іс – тәжірибеден алған білімімізді қорытындылап , практикамызды аяқтадық . Мектеппен және мектептегі жетекшімізбен қимай қоштастық.Практика – бізге үлкен сабақ болды .
|
10.06.2022
|
10.06.2022
|
|
1. Оқу іс-тәжірибесінің мақсаты – оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдетуді қосатын, бастапқы кәсіби құзіреттерді меңгеру, зерттеу қызметінің бірінші дағдыларын алу, іскерлік келіссөздер жүргізу қабілетін алу, оқудың мамандығына сәйкес практикалық қабілет пен жұмыс дағдыларын меңгеруі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |