Оқу іс – тәжірибе жұмыс жоспар-кестесі



бет7/13
Дата02.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#97852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Практика 1

МІНЕЗДЕМЕ
Сағадатова Алтын Жанатқызы IT және жаратылыстану жоғары мектебі «6В01504 – Химия мұғалімдерін даярлау » білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушысы «Оқу іс-тәжірибе» атты практикадан 30.05.2022ж – 10.06.2022ж күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінен өтті.
Іс - тәжірибе барысында студент практика міндеттерін толығымен орындады және оқу іс- тәжірибе жетекшісі берген тапсырмаларды уақытылы орындап көзге түсті. Күнделікті берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, жауапкершілікпен атқарды.
Студент оқу іс-тәжірибеден өту барысында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Бірінші күннен бастап өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Өз саласынан бөлек компьютерлік бағдарламаларды да жақсы меңгергендігін көрсетті. Берілген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындап, өзінің жауапты екенін көрсетті. Химия сабағының, сыныптан тыс іс-шаралардың, тәрбие жұмыстарының жоспарын құруды меңгерді. Сабақтың әр түрлі әдіс-тәсілдерімен, көрнекіліктерімен жұмыс істей алатындығын көрсете білді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыса алды.
Практикант Сағадатова Алтынның кемшіліктерін байқамадық, уақытылы келіп, талапқа сай киініп, ескертусіз емін-еркін жүріп тұрды, болашақта білікті де, білімді, үлгілі ұстаз болатынына сенеміз.
Қорытынды баға________

Практика жетекшісі _______Нургендирова Айжан Оразкеновна


Кіріспе
Мен, Сағадатова Алтын Жанатқызы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің ІТ және ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ 6В01504 Химия білім беру бағдарламасының 1 курс күндізгі білім алушысы «30» мамыр 2022 ж.- «10»маусым 2022 ж. уақыт аралығында «Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінде іс-тәжірибеден өттім. Білім мекемесі 1410 оқушыны 123 мұғалім оқытып отырған үлкен мекеме болып табылады. Мектепте оқушыларды жақсы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Әр бір кабинет өз пәні үшін барлық құрал жабдықтарымен жабдықталған. Химия кабинетінде арнайы эксперемент жұмыстары үшін барлық заттар бар. Барлық қауіпсіздік жұмыстары қарастырылған. Жалпы мектептің білім жүйесі 11 жылдық қазіргі цифраландыру кезеңіне сәйкес қарастырылған. Іс-тәжірибе барысында оқу мекемесінің негізгі құжаттарымен және сынып жетекшінің құжаттарымен танысып , мектеп қызметін регламенттейтін құжаттарды, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып үйрендік. «Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің» химия кабинетімен танысып , оқу құрал-жабдықтарына шолу жасадық.
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ЕСЕП
ЕСЕБІ
Алғашқы оқу іс – тәжірибесінің күнінде мектеппен және мектеп ұжымымен таныстық. Мектептегі жетекшіміз Нургендирова Айжан Оразкеновнаның жетекшілігімен алдағы күнгі жоспармен танысып , атқарылатын жұмыстарды атап айтты .





Оқу мекемесінің негізгі құжаттарымен таныстық. Олар : Мектептің оқу-педагогикалық құжаттары бұйрықтар , мектептің педагогикалық кеңесінің хаттамалары , оқушылардың жеке іс қағаздарынан , факультативтік сабақ , оқушылардың үлгерімі туралы табелдерді есепке алу , жалпы орта білім туралы аттестаттарды беру және бланкілерді есепке алу, «Жекелеген пәндерді оқып-үйренудегі ерекше табыстары үшін » мақтау грамотасын және «Үздік табыстары үшін» мақтау қағазын беруді есепке алу кітаптарынан және т.б. тұратындығын білдік.



Сынып жетекшісі мұғалімдер мен оқушылардың , мұғалімдер мен ата – аналардың байланысын ұйымдастырып , тəрбие жұмысын тиімді жүргізудің жолын ойластырады. Оқушылардың білімі мен қабілетін, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды сабақтан тыс түрлі бағыттағы тəрбие шараларына қатыстыратын жан екенін , жетекшіміз Нургендирова Айжан Оразкеновна мен мектеп мұғалімдері Темиролова Гүлбақыт , Кистаубаева Нұргүл , Балуанғали Сая апайларымыздың жасаған жұмыстарынан байқадық. Оқушыларына білгендерін үйретіп , бойларындағы дарынды дамытуға қолдарынан келгенше көмектерін аямады . Кейіннен , сынып жетекшінің міндетерімен танысып , қандай құжаттардың болу керектігін білдік . Құжаттарда қандай ақпараттар көрсетіліп , қандай басымдықтармен жазылатынын үйрендік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет