Оқу іс – тәжірибе жұмыс жоспар-кестесі



бет13/13
Дата02.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#97852
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қорытынды
Жоғарыда айтылған мәліметтерді қорытындылай келе , мектептің ішкі тірлігімен танысып , оқытудың жұмыс жоспарын және сынып жетекшінің құжаттарын, пән мұғалімінің күнтізбелік, тақырыптық және сабақтық жоспарларын құрып үйрендік. Сонымен қатар Bilim-land, Kundelik.kz және т.б. платформаларда жұмыс жасау әдістерімен танысып, оқу кабинетінің материалдық жағдайымен, оқу процесінің өткізу әдістерін зерттедік. Bilim-land платформасы мұғалім мен оқушылардың арасында кеңінен қолданылады. Оның ішінде барлық дерлік сынаптардың әрбір пәнге әрбір тақырыпқа арналған бөлімдері бар. Сол жерде оқушылар өзі жеке жұмыс жасап өз деңгейлерін біле алады. Кейбір мектептерде зертханалық жұмыс жасайтын жабдықтар болмаса,олар осы платформа арқылы виртуалды түрде істеп көре алады. Платформадағы әр сынып оқушыларына арналған тақырыптық материалдар және қосымша құралдар оқушының өздігінен оқуына септігін тигізеді. Әр бір тақырыпты түйіндеуге арналған тест тапсырмалары болады. Kundelik.kz мектеп пен ата-ананы тығыз байланыстыратын тиімді платформалардың бірі болып табылады. Бұл платформа қазіргі таңда қағаз жұмыстарын азайтуға септігін тигізуде. Бұл жерге ата-ана, оқушы, мектеп мұғалімдері мен басшылығыда отырып тығыз байланыс орната алады. Әрбір ата-ана өз баласының бағаларын кез-келген жерден көре алатын болса, оқушыларда өз үй жұмыстарын осы платформа арқылы алып отырады. Мектеп басшылығыда әрбір мұғалімнің іс қимылын осы платформаның арқасында еркін тексеріп отырады.
Бұдан бөлек химия курсының мазмұны мен құралысымен таныстық. Орта мектепте химия курсы 7- сыныптан басталады. Сабақ түсінікті әрі қызықты өту үшін зертханалық жұмыстар жасалып, баланың білімін шыңдайды. Әрбір тарау бірнеше тақырыпты қамтиды, бөлімнің соңында бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысы алынып, оқушылардың сабақты қаншалықты деңгейде түсінгені анықтайды.
Химия кабинетінің жабдықтау әдістемесімен толық танысып өттік. Химия кабинетін жабдықтау әдістемесімен таныса келе, қауіпсіздік ережелерін , зертханалық тәжірибелердің өткізілуін сонымен қатар кабинеттердің дұрыс жабдықталуын жете аңғардық . Оқу бөлмесі демонстрациялау , зертханалық жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал – жабдықтарымен , жиһазбен, техникалық құралдармен, көрнекіліктерімен , оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады . Оқу бөлмесі жабдықталуы оқушыларға рухани – танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған , сонымен катар химия кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан.

Студент________________Сағадатова Алтын Жанатқызы


Оқытушы________________Кабиева Айгерим Ерболовна




Оқу іс-тәжірибе жетекшісі________ Нургендирова Айжан Оразкеновна

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет