Оқу және оқУ-Әдістемелік әдебиеттерді баспаға дайындау туралы ережесі



бет5/9
Дата02.05.2023
өлшемі40,3 Kb.
#89194
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Болашақ жоғары колледжі УМЛ ОҚУ ЖӘНЕ ОҚУ (копия)

Оқу-әдістемелік құрал - оқу материалымен бірге оқу пәнін (оның тарауларын, бөлімдерін) оқыту немесе тәрбие әдістемесі бойынша ұсыныстарды қамтитын басылым.
5.7.1 Әдетте, оқу құралы пәннің (курстың) теориялық материалын мазмұндауға арналады, өйткені практикалық сұрақтар (зертханалық жұмыстар және практикумдар) көбіне басқа басылымдарда - арнайы әдістемелік әзірлемелерде және зертханалық сабақтарға, практикумдарға, семинарларға ұсыныстарда қарастырылып, мазмұндалады.
Оқу құралдары түрінде пәннің (курстың) оқу бағдарламаларына және оқу құралының мәртебесіне сәйкес келмейтін монографияларды, очерктерді және т.б. жұмыстарды баспадан шығаруға рұқсат берілмейді.
Оқу құралы төлтума материал бойынша жазылып, осылайша авторлық деген атаққа ие болады. Ол студенттер үшін қолданылуы әдістемелік тұрғыдан тиімді материал болып табылса, басқа авторлардың басылымдарының негізінде де құрылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оқу құралында бастапқы әдебиеттер тізімі және құрастырушылардың фамилияларымен бірге белгілі бір кафедраның (ұжымның) атауы көрсетіледі.
5.7.2 Оқу құралының ISBN кітап өнімдерін халықаралық стандарттау белгісі және сәйкес нөмірі болуы керек.
5.7.3 Оқу құралы әртүрлі оқу орындарының белгілі бір мамандықтарының студенттеріне арналуы мүмкін. Бұл жағдайда ол оқулық сияқты ҚР БҒМ -нің немесе РОӘК-нің арнайы оқу грифіне ие болады.
5.7.4 РОӘК-нің грифі мемлекеттік компонент, сонымен қатар таңдау компонентінің пәндері және мамандандыру пәндері бойынша оқу басылымдарына тағайындалуы мүмкін. РОӘК-нің грифі аталмыш оқу басылымы сәйкес МЖМБС -тың, пән бағдарламасының талаптарына және оқу басылымдарын экспертизадан өткізу бойынша РОӘК-нің бекіткен басқа да талаптарына жауап беретіндігін айғақтайды. Оқу басылымына гриф тағайындау ұсынысы туралы мәселені шешу үшін автор (авторлар) оқу басылымының қолжазбасын (қағаз және электронды тасымалдаушыларда) келесі қажетті құжаттармен бірге қарастыруға ұсынады:

  1. оқу құралына РОӘК -тің грифін тағайындау сұранысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат;

  2. рецензенттердің қызмет ететін ұйымдарының мөрі басылған 3 рецензия-біреуі ішкі, екеуі сыртқы (3 рецензияның ең кемі 2-уін ғылым докторлары беруі керек);

  3. кафедра меңгерушісінің қолы қойылып, мөрі басылған, басылымға ұсыну туралы кафедра мәжілісі хаттамасының көшірмесі;

  4. жоғары мектеп директорының қолы қойылып, мөрі басылған, басылымға ұсыну туралы жоғары мектеп кеңесі мәжілісінің хаттамасынан көшірме;

  5. ЖОО кеңесі ғалым-хатшысының қолы қойылып, мөрі басылған, басылымға ұсыну туралы ЖОО Кеңесі мәжілісінің хаттамасынан көшірме.

5.7.5 Қолжазбаның немесе дайын басылымның көлемі 5 б.т.-тан кем болмауы керек.
5.7.6 Оқу құралына РОӘК-нің грифін тағайындауға ұсыныс туралы мәселені институттың Ғылыми кеңесінде қарастыру үшін автор келесі құжаттарды дайындауы керек:
-ректордың атына өтініш;
-кафедра мәжілісінің оң шешімі.
Оның қаулысында кафедра, автор ______________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет