Оқу және оқУ-Әдістемелік әдебиеттерді баспаға дайындау туралы ережесі



бет6/9
Дата02.05.2023
өлшемі40,3 Kb.
#89194
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Болашақ жоғары колледжі УМЛ ОҚУ ЖӘНЕ ОҚУ (копия)

"____________________" атты оқу құралының қолжазбасын “Болашақ” жоғары колледжі Ғылыми кеңесінің "Оқу құралы ретінде қолдануға рұқсат етілді" деген грифіне лайық деп есептейді деп көрсетілуі қажет.
Егер “Болаашақ” жоғары колледжінің Ғылыми кеңесінің грифін тағайындауға оқу процесінде табысты сынақтан өткізілген қолжазбаның екінші басылымы ұсынылса, онда кафедра мәжілісі хаттамасының көшірмесінде қолжазбаның оқу процесінде қолданылу нәтижелері туралы ынталандырушы баға берілуі керек, ал қаулысында автор _________________ "____________________" атты оқу құралының қолжазбасын “Болашақ” жоғары колледжі, Ғылыми кеңесінің "Оқу құралы ретінде ұсынылады" деп көрсетілуі қажет;
- жоғары мектептің оқу-әдістемелік кеңесінің аталмыш оқу құралын баспадан шығаруға ұсынысы туралы оң шешімі;
- институттың оқу-әдістемелік кеңесінің аталмыш оқу құралын баспадан шығаруға ұсынысы туралы оң шешімі (секцияда оқу-әдістемелік әдебиеттің рецензиялануы мен жоспарлануын қарастырумен қатар);
Институттың әдістемелік кеңесінің хаттамасы көшірмесінің қаулысында "Болашақ” жоғары колледжінің Ғылыми кеңесінде автор _________________ "____________________" атты оқу құралының қолжазбасына ОҚМПИ Ғылыми кеңесінің ____________________ мамандықтың студенттері үшін "____________________" пәні бойынша оқу құралы ретінде қолдануға рұқсат етіледі (ұсынылады)" деген грифті тағайындау туралы ұсыныспен шығу" деп көрсетілуі қажет;
- сәйкес саладағы танымал мамандардың мөрмен бекітілген 3 рецензиясы (бір ішкі және екі сыртқы);
- қазақ (орыс) тіліндегі қысқаша аннотация;
- толығымен мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқулықтың макеті.
5.7.7 Институт оқу құралдарын (іргелі және энциклопедиялық сөздіктерден басқа) ҚР БҒМ -нің оқу грифінсіз және РОӘК - нің грифінсіз, яғни өз грифімен (ол институттың атауы болып табылады) және ұсыныстар нұсқауымен (аталмыш құрал қандай мамандықтың немесе жоғары мектептің студенттеріне арналған) шығару құқығына ие. Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің өзіндік басылымдары меншікті баспаханаларда немесе сырттағы баспаларда шығарылуы мүмкін. Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің өзіндік басылымдары көлемі 5 б.т.-тан кем емес оқу және оқу-әдістемелік құралдарын қамтиды. Әдістемелік әдебиеттердің өзіндік басылымдары көлемі 5 б.т.-қа дейінгі оқу пәндерін игеру, зерделеу, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша әдістемелік ұсыныстарды, нұсқауларды және құралдарды қамтиды. Мамандықтың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу деңгейін анықтауда оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің өзіндік басылымдарының барлық түрлері ескеріледі. Мұнда ІSВN-і бар оқу әдебиеттердің өзіндік басылымдары (оқулықтар, оқу құралдары) ескеріледі.
Колледждің оқу-әдістемелік кеңесінде оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттері қарастырылуы үшін автор мынадай құжаттарды дайындауы керек:
- жоғары мектептің Ғылыми кеңесінің аталмыш оқулық немесе оқу, оқу-әдістемелік әдебиетін баспадан шығару туралы оң шешімі (кафедраның қаулысын ескеру негізінде);
- оқулық үшін сәйкес саладағы танымал мамандардың 4 рецензиясы: 1 ішкі және 3 сыртқы (4 рецензияның ең кемі 3-уін ғылым докторлары беруі керек);
- оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттері үшін сәйкес саладағы танымал мамандардың 3 рецензиясы: 1 сыртқы және 2 ішкі (3 рецензияның ең кемі 1-уін ғылым докторы беруі керек);
- қағаз және электронды (CD-ROM) нұсқасындағы басылымның қолжазбасы.
Басылымның қолжазбалары А4 форматында ұсынылып, келесі параметрлерге сәйкес келуі керек:

  1. жиектері: жоғарғы, төменгі, оң жағы - 2см, сол жағы - 3 см.

  2. қатар аралық интервалы - 1;

  3. парақтарды нөмірлеуді жұп және тақ парақтарды ескеру негізінде үшінші беттің ортасынан немесе жанынан бастау қажет;

  4. парақтарды нөмірлеу қолжазба терілген шрифтпен терілуі қажет;

  5. табуляция -1 см;

  6. негізгі шрифт Times New Roman қаріп түрімен, 14 кегльмен, ал қазақ және орыс тілдеріндегі қосалқы шрифт 12 кегльмен енгізіледі;

  7. тараулар мен бөлімдер бас әріптермен, ал бөлімдер мен параграфтар - кіші әріптермен теріледі. Тақырыптар айшықты шрифтпен ерекшеленеді.

5.7.8 Оқу басылымдарының келесі ұсыныс грифтері болуы керек:
- Институттың оқу-әдістемелік кеңесінің;
- Жоғары мектептің оқу-әдістемелік кеңесінің
Гриф мынадай сөздермен басталуы мүмкін:
1)"Оқу процесінде қолдану үшін.... оқу басылымы ретінде... ұсынылады";
2) "Оқу процесінде қолдану үшін.... оқу басылымы ретінде... жіберіледі";
3) "Оқу процесінде қолдану үшін.... рұқсат етіледі".
Ұсыныс түріндегі грифті беру туралы шешім мыналарға сәйкес қабылданады:
- Ғылыми кеңес институттың оқу-әдістемелік кеңесінің ұсынысы бойынша қабылдайды;
- институттың оқу-әдістемелік кеңесі жоғары мектептің әдістемелік кеңесінің ұсынысы бойынша қабылдайды;
- жоғары мектептің оқу-әдістемелік кеңесі кафедраның әдістемелік комиссиясының ұсынысы бойынша қабылдайды.
Грифте "ұсынылады" деген сөздің болуын аталмыш кітапты оқу процесінде қолдануға нұсқау ретінде түсіну қажет. Егер грифте "жіберіледі" деген сөз болса, ол оның бірінші басылым ретінде шығарылғандығын айғақтайды. "Қолдануға рұқсат етілді" деген сөздер негізгі емес ақпарат жиынтығын қамтитын оқу кітаптарына тағайындалады және бұл кітаптар студенттердің басым көпшілігі үшін міндетті емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет