Оқу және оқУ-Әдістемелік әдебиеттерді баспаға дайындау туралы ережесі


Оқулықтар мен оқу(оқу-әдістемелік) құралдарды дайындауға қойылатын талаптар



бет4/9
Дата02.05.2023
өлшемі40,3 Kb.
#89194
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Болашақ жоғары колледжі УМЛ ОҚУ ЖӘНЕ ОҚУ (копия)

5 Оқулықтар мен оқу(оқу-әдістемелік) құралдарды дайындауға қойылатын талаптар
5.1 Баспаға шығару үшін қабылданған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің қолжазбаларына оқулықтар, оқу құралдары, лекция мәтіндері, әдістемелік әзірлемелер, ұсыныстар мен нұсқаулар, жадынамалар мен анықтамалық құралдар және оқу-әдістемелік құжаттаманың басқа түрлері жатады.
5.2 Қолда бар басылымдардың қайталануын болдырмау және аталмыш басылымды дайындаудың мақсатқа сәйкестілігін анықтау мақсатында оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің қолжазбаларын дайындаудың алдында тиянақты авторлық библиографиялық ізденіс пен студенттердің аталмыш пән, мамандық (мамандандыру) бойынша қамтамасыз етілуіне талдау жасау жүзеге асырылуы қажет.
Оқулықтар, оқу құралдары және лекция мәтіндері оларға ұқсас басылымдар болмаған немесе олар ескірген жағдайда дайындалуы қажет. Барлық жағдайда оқу әдебиетінің барлық түрлері типтік оқу бағдарламаларына сәйкес болып, аталмыш пәнді оқыту бойынша кемінде 3 жылдық тәжірибенің негізінде жазылуы қажет;
5.3 Оқу әдебиетінің қолжазбалары қолданылатын терминологияның, ұғымдық-категориялық ақпараттың ерекшеліктерін ашумен қатар анық, нақты, бейнелік және эмоциялық тілмен жазылуы қажет. Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттің тілі мен стилі жалпы ғылыми лексика мен фразеологияға сәйкес болуы керек. Қолданылған ұғымдық ақпарат терминологиядағы және белгілердегі бірегейлікпен жалпы қабылданған болуы тиіс. Басылымның тілі студенттерді жоғары жалпы және кәсіби сөз мәдениетіне тәрбиелеуі керек. Материал ынталандырушы (білімге қызығушылық туындату, олардың теориялық және практикалық маңыздылығын ұғынуы), түсінікті (дегенмен шамадан тыс жеңілдетілген түрде емес) формада мазмұндалып, проблемалық сұрақтар мен құбылыстарды қамтып, аталмыш ғылымның даму болашағын ашып көрсетуі қажет. Жалпы алғанда, барлығы студенттерде табиғат, қоғам, ойлау логикасы мен аталмыш ғылым саласын дамытуға деген көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпалын тигізуі керек.
5.4 Оқу басылымдарында (әсіресе, оқулықтарда) иллюстрацияларға қажетті назар аударылуы қажет. Иллюстрациялар әдістемелік тұрғыдан мақсатқа сай бағытталған, графикалық және көркем рәсімделуі бойынша әртүрлі болуы керек. Диаграммалар, графикалар, кестелер, сызбалар және карталар қарастырылатын құбылыстардың арасындағы сандық арақатынастар мен байланыстарды ашып көрсететін, жеңіл байқауға болатындай болуы қажет.
5.5 Әрбір кафедра бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттердің қоры тұрақты түрде жаңартылып, бекітілген пәндердің қамтамасыз етілуі 75%-дан төмен болмауы керек.
5.6 Оқулық сәйкес пән бойынша оқу материалының жүйелілігімен және толық дерлік мазмұндалуымен сипатталады. Оқулықта сәйкес ОӘБ бекіткен типтік оқу бағдарламасындағы сұрақтардың барлығы көрініс табуы қажет. Жоғары оқу орнындағы мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің мазмұнын сипаттамайтын оқулықтар мен оқу құралдары ескерілмейді. Оқулықтар ҚР БҒМ-нің сәйкес ұсынысы болған жағдайда баспадан шыға рылады.
5.6.1 Оқулық пән бойынша білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз етуі керек. Оқулық материалы білімді игерудің педагогикалық және психология лық заңдылықтарын ескеру негізінде зерделеуге ыңғайлы формада мазмұндалуы қажет. Материалды мазмұндау формасы тарихилық принципін ескеру негізінде білімнің әдіснамалық негіздерінің ашылуын қамтамасыз етуі керек. Оқулық үшін материалдарды іріктеуде кездейсоқ фактілерден аулақ болып, анағұрлым типтік құбылыстарды қарастыруы қажет. Мұнда негізгіні ерекшелеп, мәні зор оқу материалын енгізу, бастыны екінші дәрежеліден, жалпыны жекеден ажырату маңызды. Оқулыққа арналған материалды іріктеуде жүйелілікпен қатар білімнің іргелілігі, шынайылығы, инварианттылығы, біртұтастығы, кәсібилілігі сияқты дидактикалық принциптердің де қамтамасыз етілуі қажет.
Оқулық авторлары ішкі және пәнаралық байланыстарды, оқыту тәжірибесінде тек осы пән бойынша ғана емес, сонымен қатар мамандықтың барлық іргелі пәндері бойынша үздіксіз дайындықты жүзеге асыру мүмкіндігін ескеруі қажет.
Оқулық белгілі бір мамандықтың студенттеріне арналып, аталмыш пән игерілуі мүмкін әртүрлі жоғары оқу орындарында оның қолданылу мүмкіндігін қарастырады.
5.6.2 Оқулық әрбір параграфтың соңында білім алушылардың білімдерін өз бетінше тексеруге арналған бақылау сұрақтарын, өзіндік жұмысқа арналған үлгі- тапсырмаларды қамтуы қажет. Оқулықта қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі отандық және әлемдік әдебиеттерге сілтемелер болуы қажет.
5.6.3 Оқулықтың қолжазбасын жазудың алдында оның құрылымын (аннотация, мазмұны, алғы сөз, негізгі мәтіннің тараулары мен параграфтары, қорытынды, библиографиялық тізім, сызбалар және иллюстрациялар, қосымшалар, сілтемелер және т.б.) дайындау қажет.
5.6.4 Әдетте, оқулықты жазудың алдында аталмыш пәнді оқыту тәжірибесінің болуымен қатар, жеке оқу құралы ретінде шығарылуы мүмкін оның тарауларын, бөлімдерін сынақ ретінде баспадан шығару жүзеге асырылады. Мұндай басылымдардың мақсаты - оқулықтың проспектін, басылымның "ашылмаған тұстарын" және оған деген қажеттілікті, яғни жоспарды анағұрлым тиянақты дайындау.
5.6.5 Оқулық қолжазбасының көлемі, әдетте, мемлекеттік стандарт пен оқу жоспары аясында аталмыш пәнді (курсты) игеруге бөлінетін сағаттар санына байланысты, пәннің өзіне тән ерекшеліктерін, мамандарды даярлаудағы алатын орнын, рөлі мен маңызын ескере отырып анықталады. Қолжазба немесе дайын басылым данасының көлемі 5 б.т.-тан кем және 20 б.т.-тан артық болмауы қажет.
5.6.6 Оқулықтың кітап өнімін халықаралық стандарттау белгісі -ISBN-і және сәйкес нөмірі болуы керек. Баспа ісінде қабылданған ISBN белгісі, авторлық құқық белгісі © (copyright), библиотекалық жіктеме белгісі титулдық бетке қойылады.
5.6.7 Оқулықтың міндетті түрде "грифі" - пән бойынша білімдердің негізгі қайнар көзі ретінде жалпы мойындалған аталмыш басылымның ресми бекітілген мәртебесі болуы керек. Оқулық "грифі" тізімін министрлік бекітетін сәйкес ұсыныстар, рецензиялар және басқа құжаттардың ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Коллегиясы нақты оқу басылымына беріледі. Гриф титул парағында басылымның атауының астында министрліктің оны оқулық ретінде ұсынылуы немесе рұқсат берілуі туралы мәтін түрінде орналастырылады.
5.6.8 Оқулықтар, оқу құралдары ҚР БҒМ-нің грифін иеленуге “Болашақ” жоғары колледжінің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ұсынылады. Институттың Ғылыми кеңесінде оқулыққа гриф тағайындалуы жөніндегі мәселенің қарастырылуы үшін автор мынадай құжаттарды дайындауы керек:
-ректордың атына өтініш;
-жоғары мектептің оқу-әдістемелік кеңесінің аталмыш оқулық немесе оқу құралын баспадан шығару туралы оң шешімі (кафедраның қаулысын ескеру негізінде);
- институттың оқу-әдістемелік кеңесінің аталмыш оқулық немесе оқу құралын баспадан шығару туралы оң шешімі (секцияда оқу-әдістемелік әдебиеттің рецензиялануы мен жоспарлануын қарастырумен қатар);
- оқу құралы үшін сәйкес саладағы танымал мамандардың 3 рецензиясы: 1 ішкі және 2 сыртқы (3 рецензияның ең кемі 2-уін ғылым докторлары беруі керек);
- оқулық үшін сәйкес саладағы танымал мамандардың 4 рецензиясы: 1 ішкі және 3 сыртқы (4 рецензияның ең кемі 3-уін ғылым докторлары беруі керек);
- толығымен мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқулықтың макеті.
Басылымның қолжазбалары А4 форматында ұсынылып, келесі параметрлерге сәйкес келуі керек:

  1. парақтарды нөмірлеуді жұп және тақ парақтарды ескеру негізінде үшінші беттің ортасынан немесе жанынан бастау қажет;

  2. парақтарды нөмірлеу қолжазба терілген шрифтпен терілуі қажет;

  3. жиектері: жоғарғы, төменгі, оң, сол жақтары - 2 см;

  4. қатар аралық интервалы - 1;

  5. табуляция -1 см;

  6. негізгі шрифт Times New Roman қаріп түрімен, 14 кегльмен, ал қазақ және орыс тілдеріндегі қосалқы шрифт 12 кегльмен енгізіледі;

  7. тараулар мен бөлімдер бас әріптермен, ал бөлімдер мен параграфтар - кіші әріптермен теріледі, тақырыптар айшықты шрифтпен ерекшеленеді;

8) әрбір бөлімнен кейін бақылау үшін сұрақтар тізімін енгізу қажет (5-тен кем емес);
9) ұсынылатын әдебиет оқулықтың (оқу құралының) соңында беріледі, онда 5-тен артық емес негізгі және 10 қосымша әдебиеттер көрсетіледі (әдебиеттер әлеуметтік-гуманитарлық циклдағы мамандықтар үшін соңғы 5 жылда, техникалық және жаратылыстану бағытындағы мамандықтар үшін соңғы 10 жылда шыққан болуы керек);
10) оқулықтың (оқу құралының) атауы және негізгі тараулар (бөлімдер) монографиялық болмауы керек.
5.6.9 Оқу әдебиетін дайындаушы ҚР БҒМ құзыретті органына келесі құжаттарды ұсынады: 1) Колледждің бланкісінде ректордың (проректордың) қолы қойылып, ҚР БҒМ-нің грифін тағайындауға сұраныс туралы сүйемелдеу хаты; 2) оқулық немесе оқу құралы макетінің 4 данасы; 3) оң рецензиялар; 4) грифті тағайындау туралы институттың Ғылыми кеңесі мәжілісінен толық көшірме. Құзыретті орган ұсынылған материалдардың кешенділігін анықтайды. Материалдардың толық емес кешені ұсынылған жағдайда құзыретті орган дайындаушыға өтініші мен оған тіркелген құжаттар пакетін оның жетіспейтін материалдарының тізімін көрсетумен бірге қайтаруы мүмкін. Қайта ұсыну көрсетілген кемшіліктер мен ескертулер жойылғаннан соң жүзеге асырылады. Құзыретті орган ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының макетін эксперттердің қарауына жібереді. Оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауға байланысты шығындардың барлығын (мемлекеттік тапсырыстан бөлек) дайындаушының өзі көтереді. Құзыретті орган оқулықтардың, құралдардың экспертизасын ұйымдастырып, эксперттер тобын тағайындайды. Экспертизаны аталмыш оқу әдебиетінің профиліне сәйкес жоғары оқу орындары мен ұйымдардың жетекші ғалымдары мен тәжірибелі мамандарын тарту арқылы Республикалық ғылыми-практикалық "Оқулық" орталығы жүзеге асырады. Экспертиза материалдардың эксперттерге ұсынылу күнінен бастап 30 календарлық күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Эксперттер экспертизаны жүргізу барысында мыналарды жүзеге асыруы қажет: 1) оқулықтардың барлық параметрлері бойынша негізделген тұжырымдарды қамтитын объективті эксперттік қорытындыларды дайындайды; 2) ұсынылған материалдардың экспертизалық мәліметі туралы жариялап, көпшілік баға бермейді. Экспертиза соңында "Оқулық" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы құзыретті органға эксперттік қорытындыны ұсынады. Құзыретті орган авторды экспертизаның нәтижелері туралы хабардар етеді. Экспертиза нәтижелерінің негізінде құзыретті орган келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
- "білім беру ұйымдарында қолдануға ұсыну қажет";
-" білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынуға болмайды".
Теріс экспертизалық қорытындыға ие болған оқулықтар мен құралдар қайта экспертизаға қорытындыға ие болған күннен бастап 6 айдан кейін ғана ұсыныла алады. Білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған оқулықтар мен құралдар дайындаушының өз қаржысы есебінен (мемлекеттік тапсырыстан бөлек) баспадан шығарылады.
5.7 Оқу құралы пәннің сәйкес типтік оқу бағдарламасының жекелеген тарауларын жүйелі және толық дерлік мазмұндауымен сипатталады. Оқу құралы зерделенетін пәннің анағұрлым маңызды сұрақтарын меңгеруге көмектесу мақсатын көздейді. Оқу құралдарының ерекшелігі оларда бағдарламадан ауытқу болуы мүмкін. Олар студенттердің аудиториялық сабақтарда алған білімдерін бекітуге ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет