Абай өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болған ойшыл. Өз заманының озық ойлы, орақ тілді, қоғамның рухани өмірінде өзгеріс жасауға ынта қойған ағартушы, қазақ қоғамында мәртбесі өте жоғары тұлға. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердібағындыраалмайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз»,-деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды». Абай қазақ даласына адам болмысының негізі ретінде білімді әкелді, оны даму принципімен байланыстырды. Халқының надандықтан құтылып, сауатсыз болмауын қалап,бар білгенімен дәріптегісі келді.Зердені дәріптей отырып, ол жаңа құндылықтық бағыттарды, өмірдің мәнін, адам бақытын жаңаша түсінуді қалыптасырды. Абай өсиеті, ақыл-ойы қазақтың алға дамуының сарқылмас қайнар көзі. Жас ұрпақтың сана-сезімін оятып, олардың бойында ар-ұят,адамгершілік және басқа да қасиеттердің қалыптасуына Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің қайсысын алсаңда жастардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ықпалы зор. Абай қоғам шындығын, қоғамдық ойды көркем бейнелеп, адамның өнегелік қасиеттері туралы ілімді кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Абай адамды философиялық, биологиялық-психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыда әр қырынан қарастырған. Себебі адам мәселесі оның дүниетанымының өзегі болды. Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық қағидасы-бұл «Адам бол!» деген үндеуі-ол ойшыл ақынның шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үндеуінің этикалық мәні- адамның өмірдегі міндеті мен рөлін жоғары бағалау. Адам -ақын көзқарасында ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махабаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн-аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер-таудың әшекейі, ал жердің сәні- адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!» деп жар салады. Ойшылдың адамды адам қылатын ақылдың жайы туралы айтқаны. Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек, Жылытқан тұла бойыды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, Бұл қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек…Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек. Абай ақыл, сана, психика заңдылығын терең түсінген. Бұл жолдардан тек ақылдың ғана құндылығы ғана емес, егер адам жүрегінде мейрімділік, ізгілік болмаса, таза интеллектің пайдасы жоқтығын көруге болады, Адамның өз ақылын дамытуда, ізгі және мейрімді болуы үшін өзін тәрбиелеуді орасан жігерді, қайратты талап етеді. Абай адам тұлғасын қалыптастыратын осы қасиеттерді өзара байланыста қарастырған. Сондай-ақ, ұлы ақынның «Адам өмірге ақылды болып келмейді- деп жазады, ол елді тыңдай отырып, олардың істерін көре отырып, еңбектеніп жүріп, жақсыны жаманнан ажырата бастайды, сөйтіп ақылды болмақ». Ендеше адамның ақылын тәрбиелеу, дамыту қажет. Өз ақылын бағындыру жігерліліктің, даналықтың белгісін білдіреді. Ойшыл имандылық және адамгершілік философиясын дамытты. Тұлғаның айрықша бір белгісі-оның адамгершілігі екендігін айтады. Абай-халқымыздың ұлттық мақтанышы. Оның ой-толғамдары терең адамгершілік мағынаға ие және тәрбиелік мәні жағынан баға жетпес құнды дүние.