Оқу жылы Ғылыми жобаның мазмұны



бет6/8
Дата15.11.2022
өлшемі125 Kb.
#50241
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1 Желтоқсан құрбандары
Талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен "Құйын − 86" деген атпен желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпаймыз!
Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Желтоқсан − Қайрат, Ләззат пен Сәбира,
Құрбаны болған жаланың...
Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Алтынайқызы Асанованың 16 жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Ол Ақжүніс пен Құртқа, Әлия мен Мәншүк секілді қазақтың ер жүрек қыздарының ерлігін қайталады. Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастары көтерілген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
Қазақ ССР-ында 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары кезіндегі қылмыстық істері үшін сотталғандарға қолданылған шаралар» туралы республика прокуратурасының комиссияға берген ақпар-деректері бойынша 99 адамның тізімін кітапқа кіргізудің сәті түсті.
Әуелде олардың аты-жөндерін баспасөз беттерінен тірнектеп теріп жүрдім. Бірақ, қырық шақтысын кездестіріп, жазып алғаныммен көңіл толмады, тізім толық болмайтын сияқты.
Тарихи ақпараттар бойынша 2 азаматқа өлім жазасын беру туралы үкім шығарылған, 72-ін бас бостандығынан айырған, біреуі еңбек т Сөйтіп, 20 жас ару бас бостандығынан айрылған, 2-не еңбекпен түзеу жазасы берілген, біреуі қара жұмысқа жіберілген.
Зерделей келгенде нені байқаймыз: 99 адамның екеуіне –
Қ. Рысқұлбеков пен М. Әбдіқұловқа өлім жазасы беріліп еді, кейін олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырылды, әуелде бір адам - Т. Тәшенов - 15 жылға, екеуі - Ж. Тайжұмаев пен Қ. Күзембаев -14 жылға, екеуі - 8 жылға, үшеуі - 7 жылға, төртеуі - алты жылға, жиырма екі адам 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Ал "Жас алаш" газетінің 1992 жылғы 5 қыркүйекте шыққан санында сол тізім жарық көрді. Тізімде жоқ болғанмен төрт адамды бөлек айтпақпыз. Олар - Бөлеков Ғабиден (65-бап бойынша ақталып, оған 177-бап тағылады), Жолтышев Хамидолла (еркінен тыс емдеуге жіберіледі), Нұрмұхамбетов Қайрат (істі облыстық прокуратура жапқан), Сағыпаев Асқар (психикалық ауруға байланысты бөлек іске аударылған).
Сонымен іс қозғалып, сотты болғандар 99-да, 102-де, 103-емес, 110 болып отыр. Іздестірсе әлі де табылуы мүмкін.
Көпшілік қауымның талаптары ескеріліп олардың істері кайта қаралып, жаза мерзімдері қысқартыла келіп, кейбіреулері мерзімді уакыттарын өтеп, бәрі дерлік түрмеден босап шықты. Тек 1991 жылдың аяғына дейін түрмеден босатылмағаны екеу, олар Т. Тәшенов пен М. Әбдікұлов. Ал 38-і ақталмай жатты.
Ақиқаттың жолы қиын да қатерлі. Қалайда бас тіккен қауым соған қол жеткізді, сотты болған, әртүрлі жаза алған азаматтар түптің түбінде бес жылғы сергелдеңнен кейін ақталды. Савицкийді өлтірді деген кінә тағылған Қайрат Рысқұлбеков те ақталды. Әттең деп тіліңді тістейсің, кеш ақталғанына өкінесің. 1992 жылғы 21-ақпан күні өткен республика Жоғарғы Сотының құрбандарды ақтаған пленумы кеш қалды. "Ештен де кеш жақсы" демекші, бұл кезде Қайраттың жарық дүниеден кетіп қалғаны қабырғаға батса да, оның толық ақталғанына шүкіршілік етесің.
Ресми орынның ақпарат тізімінде сотталған 99 адамның ғана көрсетілуі күдік туғызатын сияқты. Сотты болып, жаза алғандар одан артық болуы керек. Олай деуімізге дәлеліміз мыпау: мысалы сол тізімде Қасымхан Майқанов деген азаматтың есімі жоқ, ал оның өзі былай дейді: "Мен де қаһарлы желтоқсан тұтқындарыпың бірімін. Маған таңылған "айып" негізінде Сібір өлкесінде бір жарым жыл кесімді жазамды өтеп қайттым. Рас, кейін ақталдым". ("Алматы Ақшамы", 17. 10. 1991). Қ. Майқанов "Желтоқсан" партиясының мүшесі, құрылысшы болып істеген. Ол 1991 жылдың қыркүйек айында Алматыдағы орталық әмбебап дүкенінің алдындағы алаңда аштық жариялап, республика үкімет басшыларына төмендегідей талаптар қойды:
-"1986 жылғы 17-18 желтоқсанның құрбандарын толық ақтап, олардың тартқан моральдық және материалдық шығындарының өтемі төленсін;
- Соларды жазалаған басшылар (партократия) жауапқа тартылсын".
Не керек, жазықсыз желтоқсан тұтқындарының қасыретін ойға алып, жазалаушыларды жауапқа тартатын шаралар колданатын жанашыр басшы шықпай отыр. Сондай-ақ, санатқа әдейі қосылмады ма, әлде басқа бір құпиялылық бар ма, кім білсін, Қ.Майқанов сияқты тар қапасқа отырғызылып, бірақ прокуратура тізімінен тыс қалғандар жоқ дегенге енді сене алар ма екенбіз. Өмірлерін ызғар қарып, үсік шалған, жас жандары жапа шегіп, адамдық арларына дақ түскен, кеудесін зіл батпан басып, көңілі жүдегендер, із жасыру мақсатында сотталғандар қатарынан өшіріліп тасталғандар әлі де табылатынына күмән етуіміз жарамас.
Қазақ ССР денсаулың сақтау министрлігінің дерегі бойынша желтоқсан оқиғасында жарақат алып ауруханаларға түскен адамдардың саны 83. Олардың 82-сі қазақ, біреуі башқұрт азаматы. Олар №2, №4, №5 қалалық клиникалық, денсаулық сақтау министрлігінің 4-ші Бас басқармасының Орталық жедел дәрігерлік жәрдем беру, орталық қалалық клиникалық, Алматы облыстық ауруханаларына, хирургия институтына жатқызылды. Қақтығыс кезінде 44 адам бас сүйегі мен миына жарақат алған екен. Бұл нені білдіреді? Әскерлер, милиция қызметкерлері, жасақшылар бар қаруын, негізінен, қорғансыз желтоқсаншылардың бастарыпан аяусыз ұрып, асқан қатыгездік істеген.
Ауруханаға түскендердің ішінде миы қозғалғандары, омыртқасы омырылғандары, жақ сүйектері, қабырғалары, аяқ-қолдары, бет-ауыздары жарақаттанғандары қаншама. Политехникалық институттың студенті Н. Садықовтың кеудесіне пышақпен көптеген жара салынған. Миы қозғалған 21 адамды өмір бойы мүгедек болып қалмайды деп кім айта алады.
Ауруханаларға жатпай амбулаториялық емдеу жолымен медициналық жәрдем көрсетілген адамдар саны 286. Олардың 281 қазақ, 5 басқа ұлт өкілдері - әртүрлі жарақат алғандар. Алғаш қорқып, қашқақтап жүрген, бара-келе жанына батқан, сөйтіп дәрігерлерге көрінген олардың ішіндегі 20 адамның мыйы қозғалған. Көпшілігі басынан жарақаттанған.
Сөйтіп, соққы жеген, изоляторларда отырған, сотталған, жұмыстан қуылған, оқудан шығарылған, партиядан, комсомолдан қуылған жастардың бәрі дүрбелең құрбандары. Әділетсіздіктің ащы дәмін татқан олар "басқа түссе баспақшыл" күй кешті, әуелде еш жерден, ешкімнен қорған таба алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет