Оқу жылы Ғылыми жобаның мазмұны


Ғылыми жобаның өзектілігі



бет2/8
Дата15.11.2022
өлшемі125 Kb.
#50241
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

Ғылыми жобаның өзектілігі: Желтоқсан қаһармандарының ерлігін насихаттау мақсатында деректі фильм түсірілуде. Студент жастар арасында Халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековтің құрметіне бокстан, Е.Сыпатаевтың құрметіне қазақша күрестен турнир ұйымдастырылады. Қазақтың батыр қыздары Л.Асанованың, С.Мұхамеджанованың және К.Молданазарованың құрметіне өңірлерде оқушылар арасында шығармашылық патриоттық іс-шара өткізіледі. Жалпы елімізде Желтоқсан қаһармандарына арналған алаңдар ашу, ескерткіш, монументтер орнату бойынша жұмыс бюджеттің мүмкіндіктеріне сәйкес жүргізілуде», - деп жауап береді Ералы Тоғжанов. 
Вице-премьердің дерегінше, Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде Желтоқсан оқиғасы мен оның қатысушылары есімімен 111 нысан ашылды. Бұдан бөлек, ҚР Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы № 540 Жарлығына сәйкес елімізде желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылықтан босатылды. 
«1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, оқудан, жұмыстан шығып қалған азаматтардың «ақтау туралы» анықтаманы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің дәлелді құжаттарын жергілікті прокуратура органдарына ұсыну арқылы ала алады. Анықтама алу тәртібі барынша жеңілдетілген. 2020 жылы Алматы қаласында ақталған желтоқсандықтардың саны 400 адам болса, 2021 жылы 516 адамды құрады», - делінген жауапта. Еске сала кетейік, биылғы жылдың 20 шілдесінде “Ақ жол” партиясының Алматы қалалық филиалы офисінде Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Желтоқсан ардагерлері және тіл күрескерлерімен кездесу өткізген еді. Басты тақырып -Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығы және Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау мәселесі болды. Қыркүйек айында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Иса ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановқа Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған депутаттық сауал жасаған болатын. Онда "Желтоқсан көтерілісі – ұлт азаттық көтеріліс ретінде танылып, бағалануы қажет" екендігі айтылған еді. Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуы.


Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
-Желтоқсан көтерілісінің Қазақстан тарихынан алатын орны.
-Желтоқсан көтерілісіне берілген бағалар.
-Желтоқсан көтерілісін Отан тарихындағы бұған дейін болған көтерілістердің бірі ретінде қарастыру.
-Желтоқсан көтерілісінің тікелей көтеріліске қатысып, көзімен көрген куәгерлер деп алынған тың мәліметтермен айқындай түсу.
-Желтоқсан көтерілісі нәтижесіндегі тәуелсіздікке қол жеткізу.
-Сол желтоқсаншылар қазіргі таңда нендей тіршілік кешіп жатыр және олардың атқарып жатқан жұмыстары.
Бұл тақырыпты жазудағы менің басты мақсатым. Желтоқсан оқиғасының барысы мен тереңірек танысып, кеңес одағындағы дейін дерек көздерінен тәуелсіздік алғаннан кейінгі деректерді салыстыра отырып қарау, оны өз пікірінше саралау. Желтоқсан «оқиғасының» неге тек оқиға деп аталып келе жатқандығы оған неге қозғалыс тіптен көтеріліс деген тарихи атау берілмеген және сонымен қаатр желтоқсан көтерілісінің нәтижесі, желтоқсан құрбандарының қазіргі хал ахуалы және қандай қызмет атқарып жатқандығы .Ал сол кездегі жазалаушы отрядтар қызметкерлер әлі де сол орнында тапжылмай дәл сол тәртіппен ісін жалғастырып отыр ма, жоқ тиісті жазасын алды ма. Сонымен бірге сол кездегі жастардың бұрынғы және қазіргі жастардан қандай ерекшелігі бар екендігі. Сол жастардың отансүйгіштік қасиеттері аз екенін болашағы үшін алаңдауын білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет