Оқу жылы Ғылыми жобаның мазмұны



бет3/8
Дата15.11.2022
өлшемі125 Kb.
#50241
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы жастарды патриотыққа, отансүйгіштікке, елін-жерін қорғауға үйретеді


Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.


Зерттеудің маңызы: Желтоқсан оқиғасы болашақ жастар үшін рухани өнеге мектебі


Кіріспе
Кезінде күллі әлемді дүр сілкіндірген, Кеңестер Одағындағы демократиялық қозғалыстардың көшбасшысы атанған 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне биыл 36-жыл толды. Желтоқсанның сол бір ызғарлы күндерінде дүниеге келген нәресте бүгінде 36 жасқа толған жігіт пен қыз.
Бірақ қанша уақыт өтсе де кезінде қыршын жастардың қанымен жазылған, ал болашақта тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қалатын осы бір көтеріліс халқымыздың есінен шықпайды және шықпақ та емес.
Енді сол кездегі БАҚ -ның осы көтеріліс жөнінде таратқан мәлімдемесіне көз жүгіртіп көрейік. Онда былай деп жазылған “1986 жылы Алматыда 16-17 желтоқсан күндері ұлтшыл элементтер арандатып салған қазақ жастары алаңға шықты. Бірнеше автокөліктер өртеліп, бірқатар сауда орындарына айтарлықтай нұқсан келді. Көтеріліске шыққандардың арасында маскүнемдер, нашақорлар болды”.
Осындай жаптым жала, жақтым күйе деген пиғылмен жасалған мәлімдемелер теледидар арқылы таратылып,, газет беттерінде жарияланды.
Шындығына келгенде бәрі қалай басталып еді, енді соған тоқталайық. Басты себеп 1986 жылғы 16 желтоқсан күні болған Қазақстан Компартиясының кезектен тыс пленумының шешімі. Онда 30 жылдай Қазақстанды басқарған Д.А. Қонаевты орнынан алып, оның орнына тіптен қазақ деген халықты білмейтін, көрмеген Кольбинді сайлауы еді.
Мұның себебін білу үшін алаңға шыққан жастарды мұздай қаруланған әскермен басып – жаныштады. Сол кездегі тоталитарлық жүйе өзі жіберген қателікті жасыру үшін ғасырлар бойы тату – тәтті қатар өмір сүріп келе жатқан қазақ пен орыс халқының арасына от тастап, бір – біріне қарсы қоюға күш салып бақты. Оның бір дәлелі алаңда ұсталған жастардың арасынан қазақтан өзге ұлт өкілдерінің көптеп табылуы еді.
Ғылыми жобада желтоқсан оқиғасында құрбан болған батыр ағаларымыз бен батыр апаларымыздың ерлігі жайында зерттейтін боламын, менімен бірге болыңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет