Оқу жылы Ғылыми жобаның мазмұны



бет7/8
Дата15.11.2022
өлшемі125 Kb.
#50241
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

Қорытынды
Міржақып Дулатов «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты»—деген жоқ па еді. Әлі ояна алмағандай марғаумыз. Дүр сілкініп, бас көтеретін кез туды. Жасқаншақтықтан, бас сауғалаудан, су жүректіктен, өзара алауыздықтан көрген зардабымыз аз ба еді?
Ал Әлихан Бөкейхановтың «Ұлттық пен еркіндік" дамудың алғышарты — ұлттық мемлекеттік болуы»,— дегені де жол жоба. Иә, тәуелсіз мемлекет болмай ойлаған, жанды толғантқан арман-мақсатқа жете алармыз ба?
Сан ғасыр бойы айналадан анталаған басқыншы жаулардан ұлан-байтақ жерін, көсілген кең даласын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, сақтап келген ата-бабамыз не дер еді бүгін.
«Құт мекенімізді талан-таражға салдырып қойғандарың не?» дер ме-еді, қайтер еді. Ежелгі өз мекенінде тұрып қорғаншақтап, ынжықтық танытып, қысылып-қымтырылып, өз тілінде еркін сөйлей алмай жүрген ұрпағына олар риза бола қояр ма екен. Ақ көңіл, қонақжай, сыйластық қасиеттерімізді бағаламай, беттен алып, төске шабатындарға тойтарыс бере алмай келгенімізді құптай қоймас – ау.
Желтоқсан оқиғасы — халқымыздың бастан кешкегі тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалады, ұмытылмайды деп білеміз.
«Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламаны» көрдің, тар жол, тайғақ кешуді басыңнан өткіздің, нәубет тажалынан аттадың, етіңе ақ, таңдақ түсті, атыңа «ұлтшылдық» таңбасы басылды. Бәріне де төздің, шыдадың. Жаның әрең қалды. Сондықтан, құлағың түрік жүрсін, көзін қырағы, санаң сақ болсын, ездікке емес, ерлік іске бекем бол! Басқаны басыңа шығармай, өз еркіңді өзің биле, өз топырағыңа өзің ие бол! демеуші ме еді.
Елдігің мен өрлігінді жоғалтпа!—деу ләзім.
«Ағайын таласса, жатқа жем», «Бөлінгенді бәрі жейді» демей ме. Тиянақ-тұрағы жоқ, жалған жел сөзге ере бермей, арандату әрекеттеріне құлай бермей, елдікті, бірлікті сақтауға сақ болғай! «Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмайды» дегенді есте ұстау қажет-ақ. Міне, осындай ойларға жетелейтін кітапты қолдарыңызға тигізуге тырысып, шығаруда біршама қиындықарға тап болдық.
Ғылыми жобам бойынша қорытынды ұсынысым

  • Желтоқсан құрбандары туралы оқушыларға арналған танымдық бейнефильм түсірілсе

  • Желтоқсан оқиғасы бойынша тарихи кітап жарық көрсе

  • Мектебімізден құрбандарды еске алуға арналған конференция өткізілсе




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет