Жауабы: гликокалликс 309. Екі глобулярлы актин ақуызының ширатылуы нәтижесінде түзілетін, эндомитозда, жасушаның формасының өзгеруіне қызметтеріне қатысатын жасушалық құрылым
Жауабы:микрофиламенттер 310. Ұрпақтан ұрпаққа ағзадағы протеин алмасуын реттеу арқылы тұқым қуалау қасиеттерін беріп отыратын,жасушаның негізгі бөлігі:
Жауабы: Ядро 311. Жануарлар жасушаларында пламалемма функцияларының бір бөлігі болып табылатын, сыртқы ортамен байланысты, сондай-ақ ұқсас жасушалардың өзара бірін-бірі тану қызметтеріне қамтамасыз ететін құрылым. Мысалы, жұмыртқа жасушасымен сперматозоид бір-бірін таниды. Плазмалемманың қандай құрылымымен осы үрдіс жүзеге асырылады?
Жауабы: Гликопротеин 312. Өсіп келе жатқан жасушада немесе жасушаны бөлінуі алдында ақуыз молекуласы интенсивті түрде синтезделеді, мұндай жасушаларды негізгі бояғыш заттармен бояу кезінде цитоплазмасы базофильді. Бұл құбылыс жасушадағы РНҚ және ақуыз синтезімен байланысты рибосоманың көптүрлілігін көрсетеді. Рибосома субъбірліктері қайда түзіледі?
Жауабы: ядрошықта(ядро) 313. Бұл хроматиннің ұйымдасу деңгейіне төрт гистонды ақуыздар қатысады: Н2А, Н2В, НЗ, Н4. Олар сегіз молекуладан тұратын (әр гистонды ақуызының екі молекуласынан) ақуыз денешігін құрайды. Қандай хроматиннің тығыздалу деңгейі туралы сөз болып отыр?
Жауабы: нуклеосомдық жіпше 314. Медициналық-генетикалық орталықта әр хромосоманың жұптарын анықтау үшін дәрігер дифференциалды бояудың Гимза әдісін қолданып, содан кейін барлық хромосомалар ақ және қара жолақтардың белгілі бір ретпен орналасуын анықтады. Қандай жіктелу туралы сөз болды?
Жауабы: Париждік наменклатура 315. Медициналық-генетикалық орталықта ауру баланың метафазалық пластинкасын зерттеу барысында сақиналы хромосоманы анықтады, ол 16-шы аутосомды хромосоманың 26-шы хромосоманың ұшындағы бөліктеріне қосылу нәтижесінде пайда болды. Бұл аномалияның себебі хромосоманың қандай құрылымына байланысты болады?