Оқу жылы Қоректік заттардың қорытылуына жауап беретін органоид: лизасома


-билет Транскрипция анықтау сипаттау.Транскрипция



бет238/279
Дата13.07.2023
өлшемі2,98 Mb.
#104298
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   279
Байланысты:
Оқу жылы Қоректік заттардың қорытылуына жауап беретін органоид -emirsaba.org

11-билет Транскрипция анықтау сипаттау.Транскрипция – бұл ДНҚ –дан аРНҚ – ға генетикалық ақпаратты көшіру процессі, РНҚ-полимераза көмегімен ядрода өтеді. ДНҚ-ның екі тізбегі қызметіне байланысты ерекшеленеді. Бірінші тізбек – кодтаушы немесе мағыналы, екінші тізбек – матрицалық (ақпараттық). Тек матрицалық тізбек транскрипцияланады. ДНҚ транскрипциясы инициация, элонгация және терминации сатыларынан тұратын ДНҚ екі тізбегінің бірінен РНҚ молекуласы синтезделетін матрицалық үдеріс. Инициация - алғашқы нуклеотид аралық байланыс РНҚ-полимеразаның промоторымен байланысуынан басталады. Осы кезде белгібір жерден ДНҚ тізбегі тарқатылып транскрипциялық «көзше» пайда болады. Прокариоттарда РНҚ-полимераза Прибнов бокстың нуклеотидтер қатарындағы (сигма) – факторды таниды, соңынан оған екі  тізбегінен, (бета) (бета штрих) және  (омега) суббірлігінен тұратын кор-фермент қосылады. Элонгация - РНҚ тізбегінің ұзаруы, транскрипцияның басталу нүктесінен басталып және терминациялық сайтта униполярлы, консервативті және комплементарлы ұстаныммен аяқталатын үдеріс. Терминация- транскрипцияның аяқталуы, геннің терминациялық сайт қатарындағы ГЦ-ға бай бөлігінде бір тізбекті РНҚ молекуласының бөлініп шығуымен аяқталады. ДНҚ әрбір бөлігінде транскрипцияның аяқталуынан кейін екі тізбекті ДНҚ молекуласы бастапқы қалпына келеді.
  • Транскрипция процесі 5*→3* бағытында жүреді. Транскрипция процесінің көрінісі Геннің түрлі элементтері қамтылған транкрипция бірлігі.




  • 12-,билет a-РНҚ синтезінің матрицалық принципі, транскрипция мен репликация арасындағы айырмашылық. Транскрипцияның алғашқа өнімі немесе ядролық РНҚ, цитоплазмалық РНҚ қарағанда активті емес (жетілмеген) және одан әлде қайда ұзын болады. Жетілмеген ядролық РНҚ құрамында ақпараты бар, кодталатын қатарлардан (экзондардан) және ішінде ақпараты жоқ немесе кодталмайтын қатардан (интрондар) тұрады РепликацияАғзалар жасушалардың бөлінуі нəтижесінде өсіп, жетіледі. Микроспекирометрия əдісімен зерттегенде жасуша бөлігіндегі ДНҚ молекуласында екі есе көбейетінлігі дəлелденеді. ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі ДНҚ репликациясы деп аталады (лат. replicatio - «қайталау»). Ақпараттық РНҚ (а-РНК) жасушада барлық РНҚ ның 1% ден 10% дейін құрайды. а РНҚ ДНҚ молекуласының бөлігіне комплементарлы, белгілі ақуыз синтезі туралы ақпаратты тасымалдайды. Ақпаратты оқу барысында аРНҚ ұзындығы ДНҚ бөлігінің ұзындығына тәуелді. ақпаратты ДНҚ молекуласынан көшiрiп алып цитоплазмаға белок синтезделетiн жерге жеткiзедiю51---АУУГАУАЦАУУГУГЦ---3





  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   279




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет