21. Канцерогенез. Канцерогендік факторлар, жіктелуі, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі. Рак – кең таралған және қауіпті инфекциялық емес аурулардың бірі. Қалыпты жасушаның трансформацияланған жасушаға айналу үрдісі онкогенез немес канцерогенез деп аталады. Бұл өте күрделі, көп сатылы, жылдар бойы кейде ондаған жылдарды қамтитын ұзақ үрдіс.Рак полиэтиологиялық немесе көп факторлы ауруға жатады.Жасушаның ісіктік трансформациясына алып келетін факторларды - канцерогендік факторлар деп атайды. Олар жіктеледі:1. Физикалық канцерогендер: иондаушы сәулелер ультракүлгін сәулелері. Иондаушы сәулелердің канцерогендік фактор ретінде маңызы жылдан-жылға артуда. Адамдар иондаушы сәулені медицинада қолданудан бастап, атом электр станцияларындағы апаттар нәтижесінде алуы мүмкін.
3. Биологиялық канцерогендер: вирустар .Кейбір вирустардың геномында онкогендік белсенділігі бар гендер болады.Қатерлі жаңа түзілістер генетикалық өзгерген бір ғана жасушадан дамиды. ісікке қарсы супрессорлық гендердің және репарация жүйесінің гендерінің мутациясы да ісіктік трансформацияға алып келеді.Жасушаның ісікке айналуына алып келетін арнайы гендер топтары бар. Бұл гендер онкогендер деп аталады.
Қазіргі уақытта әдебиеттерде 100-ден астам вирустық онкогендер және соған сайкес протоонкогендер сипатталған.