Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» ПӘнінен мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



бет18/34
Дата14.05.2023
өлшемі306,08 Kb.
#93046
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
МЕК сұрақтары Қазақ тарихы 22.11.2022Жауаптары

Шаруашылығы

Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл , бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді.



  1. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.

Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.



  1. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.

Қарахан хандығы (942-1210 жылдар).
Саяси тарихы.
Қарахандықтар мемлекетінің калыптасуында Жетісуды мекендеген Қарлүқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарды. Қарахан әулетінің негізін салушы – Сатұқ Боғра хан (942 жыл). Мұса хан 960 жыл исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Қағанатка 990 жылы Тараз, Исфиджаб, 992 жылы - Хотан, Бұқара, 999 жылы - Саманилер мемлекеті қосылды.
XI—XII ғасырлардағы территориясы: Мәуереннахр-Қашғар аралығы. XI ғасырдың 30 жылдары мемлекет екіге бөлінді:
• Батыс хандық; астанасы- Бұхар, территориясы- Мәуереннахр.
• Шығыс хандық; астанасы- Баласағұн, территориясы - Жетісу, Қашғар аймағы, Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана.
1089 жыл - Қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті. 1102 Ж.Баласағүн мен Тараздың билеушісі Қаңырхан Жебірейіл Мәуереннахрды жаулап, Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. 1128 жыл - қарақытайлар Шығыс хандықты жаулап, Жетісуда Қарақытайлар билігі орнайды.
Сұлтан Санжар тұсында селжұқтардың Мәуереннахрға ықпалы артқан кезде қарахандықтардың саяси құлдырауы басталды.
Осыны пайдаланған қарақытайлар XII ғасырдың екінші ширегінде Шығыс Қарахандықтың қалған иеліктерін түгел басып алып, Батыс хандыққа шабуылдайды.
• 1141 жыл - қаратықайлар Қарахан мемлекетін түгелдей бағындырды.
• XIII ғасырдың басы - Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Мемлекеттік құрылымы.
Мемлекетті шығыл және яғма тайпалары басқарды. Билеуші титулы- хан. Ұсақ аймақтардың басшылары- илақ, тегін. Хандар өз туысқандары мен әскери қолбасшыларына белгілі бір аудан немесе қала халқынан салық жинау құқығын сыйлады. Бұл- икта, ал оны иемденуші-иктадар деп аталды.
Отырықшы- егіншілік қоныстарда шаруаларды қанаудың бірнеше түрі болды:
• ұлыскерлік- жерді шаруаға жалға беріп, өнімнің жартысын салық түрінде төлеу.
• қамкорлыққа алу- тұтас қауым өздерін және мал-мүлкін байлардың қамқорлығына өткізді және сол үшін алым жинады.
Х-ХІІ ғасырларда сәулет өнері дамыды: Бабаджахатун, Айша бибі, Қарахан, Аяққамыр, Алаша хан, Әулие ата, Сырлытам мырзалары, Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасы.
• 960 жылы ислам діні алғаш рет мемлекеттік дін болып жарияланды. Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы келді. Түркі тіліндегі мүсылман әдебиеті шыға бастады:
• Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік" шығармасы (1069 ж.).
• Махмут Қашғаридың "Диуани лүғат ат-түрік " шығармасы (1074 ж.).
Қарахандықтар кезеңі — саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.



  1. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.

Қыпшақ мемлекеті


(XI ғасырдың басы — 1219 жыл).
Қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 жылы көрсетіледі. Толық мәліметтер 760 жылы ежелгі түрік руна жазуларында кездеседі (кибчак, қыпчақ). Орыс жылнамашылары (ХІ-ХПІ г.)половецтер, сорочиндер; венгрлер-палоцылар, кундар; Батыс Еуропа саяхатшылары (XIII к.) - командар, кунандар деп атап.
Қыпшақ этникалық қауымдастығының дамуын 3 кезеңге бөлеміз:
• ҮІІ-ҮІП ғасырлар. VII ғасырдың ортасында Алтайдың солтүстігі мен Ертісті жайлаған қыпшақтар қалмақ бірлестігінің негізін құрады.
• ҮІП-ХІ ғасырлар. VIII ғасырда қыпшақтар этнос болып қалыптасып, Алтайдан Ертіске, Оңтүстік Орал тауларынан Еділге қоныстанды. Үш этно-саяси бірлестіктер - қимақтар, қыпшақтар, күмандар қимақ мемлекетінің билігінде болды.
• ХІ-ХІІІ ғааырлар. Қыпшақ хандарының билігінің күшеюі.
XI ғасырдың басында қимақ қағанаты құлаған соң әскери-саяси басымдық қыпшақ тайпасының қолына көшті. Қыпшақтар өзендерді Сырдарияның төменгі және орта ағысынан, Арал, Каспий маңы далаларынан ығыстырды. XI ғасырдың екінші ширегіңде "Оғыздар даласының" ("Мафазат әл-гуз") орнына "Дешті Қыпшақ" ("Сахра әл-кыпчак") атауы пайда болды. XI ғасырдың ортасы - қыпшақтар Еділден өтіп, 1054 жылы орыс жерін, одан әрі Дунай өзеніне дейін аралықта қоныстанды.
• Дешті-Қыпшақтың тарихи-географиялық аумағы - Ертістен Днепрге дейінгі жер.
• Қыпшақтың этникалық бірлестігі екіге бөлінді:
• Батыс Кыпшақ- половецтер даласы.
• Шығыс Қыпшақ- Дешті-Қыпшақ даласы (Қыпшақтың кең даласы).
Мемлекеттік құрылымы.
Билеушісі - хан. Билікке елбөрі руынан сайланды. Астанасы - Орда. Мемлекет екі қанатқа бөлінді:
• Оң канат-орталығы Жайық өзені бойындагы Сарайшық қаласының орны.
• Сол қанат- орталығы Сығанақ.
Теңсіздіктің негізі- малға жеке меншікке қол сұғу қатаң жазаланды: ұрланған ат 9 ат айыбымен қайтарылған. Бай ақсүйектің 10 мың жылқысы болған. Малдан айрылып кедей жатақ атанған. Құлдардың ешқандай құқы болмаған, оларды көбінесе сатқан, тек аз бөлігі жалпы малай ретінде пайдаланылған.
Қыпшақ тайпалары - ХІ-ХІІ ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа. Қыпшақтардың көші-қон жолдары туралы араб географы ол-Омари (XIV ғ.): "қыпшақтар қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары Орал тауының аймағында" - деп жазды. Қыпшақтардың қыстауы Арал мен Сырдария маңында, жайлаулары -Солтүстік, Орталық Қазақстанда.
Саяси тарихы.
Қыпшақтар оғыз, селжуқ, хорезмшах, қарахандықтар әулетімен соғысқан. 1065 жылы селжүқтар билеушісі Алп-Арыслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасап, қыпшақтардың бір бөлігін тәуелді етті. XI ғасырдың соңғы ширегінде қыпшақтар өз үстемдігін қайта орнатады. 1069 жылы қыпшақтар Хорезмге қарсы жорыққа шығады.
Қарахандықтар Қыпшақ хандығының шьнъіе шекарасына шабуылдады.
XI ғасырдың аяғы-ХІІ ғасырдың басында Жент, Янгикент, Сырдарияның төменгі жағындағы қалалар қыпшақтардың қолында болды. XII ғасырдың бірінші жартысында бұл жерлерде қыпшақ хандары мен Орта Азияның мұсылман әулеттері арасында күрес басталды. Хорезм шахы Атеиз исламды таратып жүрмін деп Жентті, Маңғыстауды жаулайды.
• 1133 жылы Атеиз Дешті Қыпшаққа ілгерілей еніп, қыпшақтарды жаулайды. Осы кезден бастап қыпшақ мемлекетінің ыдырау процесі басталды.
Ыдырау себептері:
• Қыпшақ ақсүйектерінің Хорезмге қарай бейімделуі. Қаңлылардың ірі бірлестігінің қүрылуы.
• Хандық билік үшін тартыстың күшеюі.
XII ғасырдың "екінші жартысында Хорезм шахы Текеш қыпшақ ақсүйектерін ен жақындасу саясатын жүргізді. Қыпшақ көсемдерін белді қызметтерге орналастырды. Қыпшақ ханы Жанкешінің қызы Теркенқатынды әйелдікке алды.
Хорезм билеушілері қыпшақтарды мұсылмандыққа енгізуді көздеді, алайда Жент пен Фарабтың арасын мекендеген қыпшақтар XII ғасырға дейін пұтка табынушылар болып қалды.
Хорезм билеушілері қыпшақ ақсүйектерінен өз талаптарын қолдайтын құпия әскери ұйым құрды. XIII ғасырдың басында Хорезм шахы Мұхаммед Сығанақ аймағын қосып алды.
• 1216 жылы Мұхаммед Қадыр ханға қарсы жорығы кезінде Торғай даласында Жошы бастаған моңғолдармен соқтығысып қалады. Бұл алғаш рет қазақ даласында моңғолдардың бой көрсетуі еді. 1219 жылғы моңғол шапқыншылығынан Қьшшақ мемлекеті құлап, оның жері моңғол ұлыстарының құрамына енді.
Қыпшақтардың бір бөлігі Шам мен Мысырға құл ретінде сатылып, әскери жасақ құрамына алынды. Мамлюктер (ақ құлдар) Мысырдағы өкімет билігін басып алды.
• 1250 жыл - Айбек Бейбарыс бастаған Бағдат әулетінің үстемдігі орнады. Қыпшақ мемлекеті этникалық, саяси жағынан біртұтас болмады.
• Қыпшақтар-еуропалық нәсілден моңғолдыққа өтудегі оңтүстік небір тобы.

  1. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.

(Х-ХІІ ғасырлар).
Наймандардың саяси тарихы.
Найман тайпалық одағы VIII ғасырдың ортасында Ертіс пен Орал өзендері бойында пайда болған.
• Одақ құрамында 8 тайпа болған (найман-моңголша сегіз). Наймандар: батыста-қаңлы мен қарлұқтар, солтүстікте Енисей қырғыздары, оңтүстікте- ұйғырлар, шығыста керейлермен шектеседі.
X ғасыр - найман мемлекеті құрылып, ол бірнеше ұлыстардан тұрды. Әр ұлыстың ханы болған. Билеушісі- хан. Салық жинаушы- герби. Ұлыс әскері ондық принципке негізделді. Наймандар мен керейлер мемлекетінде құқық нормалары қарапайым әдет-ғұрып жүйесіне негізделді. Іс қағаздары ұйғыр жазуында жүргізілді.
• 1007 жыл. - наймандар мен керейлер несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады.
• 1204 жыл - Шыңғыс хан наймандарды бағындырды. Найман ханы Күшлік өз адамдарымен Алтайға, Қара Ертіс алабына көшіп, сол жердегі найман, керей топтарына қосылды.
• 1211 жыл - наймандар Жетісудағы билікті қарақытайлардан тартып алды.
• 1218 жылы Жебе ноян шабуылынан Найман хандығы құлады.
Керейлердің саяси тарихы (Х-ХІІ ғасырлар).
Керейлер туралы алғашқы жазба дерекгер X ғасырда кездеседі. Керейлер батысында-наймандармен, солтүстігінде-меркіттермен, шығысында-татарлармен, оңтүстігінде- мәңгүрттермен көрші тұрды. Керей хандарының екі астанасы болды:
• Сотүстікте- Орхон өзені бойында Қатынбалық қаласы.
• Оңтүстікте- Хуанхэ өзені бойында.
XII ғасырдың екінші жартысындағы территориясы: Селенга-Хуанхэ өзендері, Хангай тауы-Халқын көлі аралығы. Керейлер билеушісі Тұғрыл хан (Еуропада Иоганн король атанған) ордасында болашақ, билеуішілер мен көсемдер саяси және елшілік істерге тәрбиеленген (Темучин, Жамүқа т.б.).
1203 жылы моңғолдар шапқыншылығынан Керей мемлекеті құлады. Халқы бірнеше аймаққа тарады:
• Моңғол мемлекетінің құрамына енді.
• Солтүстік Қазақстан мен Жетісуға көшті.
• Батыс Сібірге жылжып, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері бойында мемлекеттік бірлестік құрды.
Бұл мемлекеттік бірлестіктің негізін талушы - Тайбұға хан. Астанасы- Чимга — Тура (Тюмень маңы). Моңғол шапқыншылығнан кейін керейлер Жошы ұлысының қүрамына кіріп, қазақтардың Орта жүзінің тармағына енді.



  1. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет