Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» ПӘнінен мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



бет22/34
Дата14.05.2023
өлшемі306,08 Kb.
#93046
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
МЕК сұрақтары Қазақ тарихы 22.11.2022Жауаптары

Қазақ хандығының құрылуы.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.



  1. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді.


1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады.


1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.


Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуылынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.


Астана қаласындағы Жәнібек пен Керей мүсіні
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.

Қазақ хандығының құрылуы.


Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ, Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін үлкейтті. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.


Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.





  1. Мұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.

Керей өлген соң, 1474 жылы оның ұлы Мұрындық хан болды (1474-1511). Оның билігі тұсында мемлекеттік билікті орталықтандыру, хандықтың Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарында позициясын нығайту жолында едәуір шаралар жүргізілді.

80 жылдардың басынан Мұхаммед Шайбанимен Сырдария жағалауы қалалары үшін күрестің жаңа кезеңі басталды. Ферғана мен Сырдарияның орта ағысын иемденуге ұмтылған моғол хандарының араласуымен бұл күрес тіпті шиеленісіп кетті. 1482-1485 жылдары Жүніс хан Сайрам мен Ташкентке ие болып, Мұрындық Мұхаммед Шайбани иеліктеріне таяу келді. Соңғыға аз уақытқа Сығанақты иеленудің сәті келді. Қазақтар Отырарды, Түркістанды, Арқұқты қоршап, Шайбаниді бұл жолы Хорезмге қашуға мәжбүр етті. Сайрам мен Ташкентте билік еткен Моғол ханы Сұлтан Махмұд Түркістанда өзінің ықпалын кеңейтуге тырысты және осы мақсатпен 90 жылдардың басында Мұхаммед Шайбаниді одақтасы ретінде қолдап, Отырарды бағындырды. Бұл стратегиялық қатынаста маңызды қаланы иеленген Шайбани Сауран мен Түркістанды басып алды. Сауранда Мұхаммедтің бауыры Махмұд сұлтан отырғызылды.


Моғолдардың өзбектермен одақтасуына алаңдаған қазақ сұлтандары әскерлерін Сырдария алқабына тағы қозғады. Екі рет болған шайқаста моғолдар талқандалды, ал Сауран тұрғындары өзбек гарнизонына қарсы көтеріліс жасап, Махмұд сұлтанды серіктерімен қазақтарға ұстап берді. Мұрындық хан Отырарды бағындырғысы келгенімен, оның сәті түспеді, Отырар Түркістан сияқты Шайбанидың қолында қалды. Сонымен XV ғасырдың соңына таман Сырдария алқабы үш мемлекеттің – Өзбек, Қазақ және Моғол арасында бөлінді.

Қазақ хандары мен Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан арасындағы Сыр бойы қалалары үшін күрес XV ғ. 80-90-шы жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас нәтижесіне әмір Темір мұрагерлері мен Мағұлстан хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен, қазақ ханы Мұрындықтың (1474-1511ж. билік құрған) бұл соғысты XV ғ. соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Тынымсыз күрес нәтижесінде шайбанилар Отырар, Ясы (Түркістан), Арқұқ және Өзгеннен әмір Темір мұрагерлерін ығыстырады. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Арқұқ, Өзгеннен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446 ж.) Әбілқайыр ханның уақытша иемденгені болмаса, өзге қалаларды Мұхаммед Шайбанидың ата мұрасы санауға ешқандай да негізі жоқ-тын. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде Мағұлстан ханы Сұлтан Махмұд билік құрды.


Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдария төменгі ағысы өңіріп, Арал жағалауын иемденді.


XV ғ. соңғы он жылдықтарында шайбанилар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі қалалары үшін жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде бұл күрес белгілі дәрежеде Орталық және Оңтүстік Қазақстан далалы аймақтарын мекендеген халықтарды да өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары, осы аймақтарға жалғасып жатқан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан ары ұзап шыға алған жоқ.


Сонымен, XV ғ. соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысы бар маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілқайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы аумағында қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен, бұл тарихи мезгіл қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVI ғ. бас кезінде Мауреннахрды әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде Шығыс Түркістанды (Қашғария) билеген Мағұл хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларына орнығу міндетін алдына қойған Мұрындық хан Жетісу, Орталық және Оңтүстік соңынан біртіндеп Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі ру-тайпаларды хандық билігінің төңірегіне жұмылдыра білді. XVI ғ. алғашқы он жылдығы қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани хан қолдарының тегеурінді шабуылына топтарыс беру жағдайында өтті.





  1. Қазақ хандығы кезіндегі билер институты.

Қазақ қоғамына тән билер институты XVІІІ ғасырдағы ірі тұлғалары Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің тұсында барынша дамыса, уақыт өте келе билер институты заманына сай өзгеріске ұшырағаны белгілі. Бұл өзгерістердің туу себебі, әрине қазақ жеріне дендеп еніп, отаршылдықтың ойранын салған патша үкіметінің іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болды. Патша үкіметі билер институтын жою үшін алдымен өзгерістер енгізу керек еді. Ол үшін билер институты жайлы зерттеу жүргізуді мақсат етіп қойды. Билер жайлы ой-пікірлерін білдірген орыс авторлары отаршыл жүйеге қызмет ете тұра, нашар пікір айта алмаған. Билер институтын қоғамды артқа сүйреуші күш ретінде көрсеткісі келгенімен, қазақ даласындағы билер институты өзінің әділдігімен, туралығымен көзге түскен


Билер қызметінің маңыздылығына байланысты елдің жоғарғы билеушісі Ханның өзі олармен бірлесе әрекет етті. Жоғарыда айтылған ойды сабақтар болсақ: «Қазақтың билік құру дәстүрі Әз-Жәнібек ханның тұсында өркен жайып, Әз-Тәуке ханның кезінде биік шыңға көтерілсе керек. Атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің даңқы бүкіл қазақ даласына жайылды. Үш жүздің басын біріктіріп, Түркістан шаһарында хандық, билік ордасын құрған Тәуке ханның кезінде билер кеңесі құрылып, ол жыл сайын Түркістан, Сайрам шаһарлары маңындағы Битөбе, Мәртөбеде өтіп отырды. Осындай билер кеңесінде Тәуке ханның ордасындағы қазақтың әдет – ғұрып заңдарының жиынтығы “ Жеті жарғы” қабылданады.

“ Күлтөбенің басында күнде жиын” деп аталып кеткен сол жиынға Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Байдалы би, Қоқым би, Қара Шырын би, Сасық би сияқты т.б ірі,беделді билер қатысқан. [5.3,5б] Төле бидің ойшылдығын, зеректігін, ел арасындағы беделін құлай ұнатқан Тәуке хан онымен үнемі сырласып, кеңесіп отыруды әдетке айналдырады. Оны өз хандығының негізгі тірегі деп білген, Төле бидің: « Күш атасы – халықта, қарсы келген хан да, биде оңалмас»,- деген өсиетін басшылыққа алады.


Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге Қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды. Тәукенің Түркістан қаласын Қазақ хандығының орталығы (астанасы) етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бір тұтас Қазақ хандығын нығайтуды, жоңғар-ойрат шапқыншылықтарына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жаугершілік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатынасады. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығына қарсы жоңғар хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғынға, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді. Осындай қиын кезеңде Төле би басшыға тән қасиетін танытып, Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді.


Тарихымыздың қандай даму кезеңін қарайтын болсақ, билердің қазақ қоғамында жасаған еңбектері әлуметтік, саяси және рухани жағынан көрінетінін байқаймыз. Билер ең алдымен халық қамы мен мүддесі үшін күресті. Тәуелсіздік алған кезеңде билер институты жайында зерттеу жұмыстары жақсы жолға қойылды. Қазақ билеріне қатысты Қазақтың ата заңдары кітабында С.П Вареникова былай деп жазады: «Феномен казахского суда биев интересен особенностью, которая до настоящего времени не являлась предметом научных иследований. При ознакомлении с историческими, в частности, приведенными в книге «Древний мир права казахов», можно убедиться, что при рассмотрении судебных споров биями нередко применялись не только нормы обычного права, но и знания не общеизвестные, полученные в результате накопленного житейского и профессионального опыта, природной наблюдательности, способности к аналитическому мышлению. Подобного рода необщеизвестные знания значительно позже трансформировались в процессуальном законодательстве»
Қазақ қоғамымен біте кайнасып келе жатқан билер институты өз ерекшелігімен біздің тарихымызда аса маңызды орын алады. Шын мәнінде, біздің өткен тарихымыздағы үлкен мақтанышымыз. Тарихымыздағы билердің маңыздылығы жайлы іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізген ҚР ҰҒА академигі С.З. Зиманов бірнеше құнды ғылыми кітаптар жазған. Оның пікірлері өзінің құндылығымен ерекшеленеді. «Қазақ билері тек әділ сотты ғана жүргізді. Бидің қазақ жұртындағы көтерер жүгі ауыр еді. Би тарихи-құқықтық жағынан терең білімді болумен қатар қолданылып жүрген Дала құқығы жүйесін жетік меңгеруі тиіс еді».

  1. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы.

Kерей мен Жәнібек хандардан кейін Керейдің ұлы Бұрындык (1473/1474-1511ж) хан болған. Егер Жанiбек пен Керей хандар Казак хандыrынын, ipre тасын қалыптастырып, онын аумаrын ұлrайта бастағандығымен көрінсе, ал Бұрындық ханның аты Сырдария өзенi бойындағы калаларды Әбілқайыр ұрпағынан өздерiне карату жолында болған ұрыстардан көрінген. Алайда ханның ел iшiнде беделi болмағандықтан және қаталдығының нәтижесінде Самарқанға көшiп кеттi. Бұдан кейiн Бұрындықтың кезiнде оның әскери қолбасшысы болған Жанiбек ханның баласы Қасым сұлтанның ел iшiнде беделi күштi болған. i. Тiптi алыс жакын жаткан елдерге Қасымның аты айгiлi болып, қазақ хандығы куатты, iргелi елге айналған. MiHe сол Қасым 1411 жылы хан болды. Ал тарихшысы М.Х.Дулати Касымнын букiл Дештi Кыпшак даласына билiк жургiзгенiн, оның халкы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейiн бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. Хан өз мемлекетінің коғамдык өмiрiнде карама-карсы кайшылыктарды болдырмау үшiн түрлi заң шығарушы заңгер де болған. Онын шығарған заңдары "Касым ханның қасқа жолы" деген атаумен осы күнге дейiн ел аузында айтылып келедi. Бірақ ол жазбаша түрде сакталмаған. Осы заң арқылы ол елді мін шығармай басқарған. Хан өзінің заң жинағымен ел iшiндегi жағдайды бiраз түзеп, хандык өкіметін баскаруды күшейтiп алады. Қазақ хандығының нығаюына және бiр себеп ол Шайбаниліктердің Азияға карай бiржола ауып кетуімен және кетпей қалған ру-тайпалардың барлығы ендi қазақ хандығына өзiнiң жерiмен косылып халкының санының өсуіне, шекарасының кеңеюіне де үлкен үлес косқан. Қасым хан өзінің өмірінің сонгы кезiнде астанасы Сарайшык каласында билiк жүргiзген. Сарайшық сол кездегі ең маңызды қала қатарынан болған. Қасым хан тұсында Казак хандығынын нығаюы және оның күшеюi мемлекеттiң беделiн арттырып. сырткы саясатта айтарлыктай табыстарrа кол жеткiздi. Орта Азия хандарымен. Едiл бойындағы елдермен, Батыс Сiбiр хандығымен, Ресеймен сауда-саттық, жане дипломатиялык байланыстар жасаған.XVI ғасырдың басында қазақ ханы Касым ханның сырткы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы калаларды каратып алу жолындағы күрес болды. Бул күресте Қасым хан Мауереннахр билеушiсi Шайбани хан мен және оның ұрпактарымен токтаусыз күрес жургiздi. Сырдария бойындағы шурайлы жерлер мен калаларда билiк жургiзу үшiн күресін жалғастыра бердi. Өйткенi калалар қазақ хандығының экономикасын көтеруде жанды мәселелердің бiрi болды. Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейiн, хан ұрпақтары арасында хандык билiкке өзара талас басталды. Осы жаrдайды пайдаланған Касым хан шабуылға шыrғып, Сайрамды өзiне қаратты. Осыдан соң Ташкенттi билеп тұрган Шайбани ұрпағы Сүйiнiш қожаға қарсы аттанды. Бірақ Ташкент каласының түбiндегi ұрыс сәтсіз болып, хан кайта оралады. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерiнде 1518 жылы қайтыс болган. Алайда, орыс деректерiне қараганда Қасым хан 1521 жылы кыста Сарай каласында қаза болған.Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсiз, дербес мемлекет есебiнде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгiлi болды. XVI ғасыр Қазақ хандығының дәуiрлеу кезеңі болды. Жер көлемi ұлғайды. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалаларды косып алды. Онтустік шығыста Жетiсу жерінің басым бөлiгi Шу, Талас, Қаратал, Iле өзендерінің алкабы қарады. Солтүстік және солтүстiк шығыста Ұлытау мен Балкаш көлiнен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейiн жеттi. Солтүстiк батыста Жайык өзенiнің алабын қамтиды. Miнe Қасым ханның халкының саны да бiр миллионнан асқан. Сонымен қазақ хандығы көркейіп бүкіл әлемге танымал болды



  1. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі.

16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.

Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады.


Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті.


1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған».





  1. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты.

Шығай хан — қазақ хандығының 9-шы ханы (1580—1582 жж.) билік құрған.

Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.


1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді.


1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырады.


Тәуекел хан — 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай ханның ұлы. 1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.


XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.



  1. XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.

ХVІ-ХVІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген.

XVI ғасырда қазақ хандығы нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсті. Қасым ханның тұсында қазақ хандығында ішкі қайшылықтар жойылып, саяси және экономикалық жағынан күшейіп, шекара ұлғая бастады. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолы» жасалды. XVI ғасырдың екінші жартысында әлсірей бастаған хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі зор болды. Тәуекел ханның тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастар нығайып, Орта Азияның сауда орталықтарына шыға бастады.


XVII ғасырда Есім хан орталықтандырылған мемлекет құруға әрекет ете бастады. Есім ханның тұсында қазақ хандығының Оңтүстік шекаралары кеңейе бастады. «Есім ханның ескі жолы » деп аталатын заң пайда болды. XVII ғасырдың екінші жартысында Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717 жж.) халықтың бірлігі, ынтымағы арта түсті. Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары жазылды. Қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңы жасалды.


XVIIІ ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылғаны белгілі.


Әз Тәуке ханның өлімінен кейін (1718 ж.) елдің бірлігі бұзылды. «ХVІІІ ғасырдың бас кезі,-деп атап көрсетті академик Бартольд,- Азия мұсылмандары үшін саяси-экономикалық, мәдениет салаларында құлдырау жылдары болып табылады». ХVІІІ ғ. басында Ш.Уәлиханов айтқандай, «қазақ халқының басына күн туды». Әсіресе, жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына батты. Абылай ханның айтуынша, «ХVІІІ ғ. басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды».


Осы кезеңді пайдаланып қалмақтар қазақ жеріне шапқыншылық жорықтарын жүргізе бастады. 1710-1711 жж., 1717 ж., 1723-1725 жж., 1740-1742 жж. қазақ жеріне жоңғарлар бірнеше дүркін шабуыл жасады. Қалмақтарға күйрете соққы берген қазақ батырлары Жоңғар мемлекетін құлатты. Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалуда Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру қабілеті, дипломатиялық шеберлігі зор болды.


Қазақ қоғамының экономикалық-саяси өркендеуі ұсақ рулық дәрежеден аса алмады. Қазақ елін түгел қамтыған үлкен бір тұтас хандық мемлекет құрылуына мүмкіндік болмады. Қазақтың үш жүзі бір-бірімен өзара байланыссыз оқшау өмір сүруге тырысып бақты. Көрші елдер осы хандықтардың наразылықтарын пайдаланып, оларды біртіндеп бағындыруды көздеді.


Сыртқы жаулардың ішінде Қазақстанның ең қауіпті дұшпаны жоңғарлықтар еді. Жоңғарлар шабуылы қазақ хандығының тарихында ауыр кезең болды. Бұл - ел есінде «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» немесе «қайың сауған, ақ тышқан» жылы деп сақталған жұт жылы еді.


Қазақ хандығы төрт жүз жылға жуық өмір сүрді. Іргелі елдер қатарына қосылды. Алыс-жақын елдермен әкімшілік-саяси жағынан да, тарихи-руханияттық тұрғыдан да тұрақтылық пен байланыс орнықты. Алайда, Абылай өлімінен соң-ақ (1731ж.) Ресейдің отаршылдық саясаты күшейе түсті. Ресейдің басқыншылық-үстемдік әрекеттерінен Қазақ Ордасы құлады. Қазақ хандығы бұл тұста саяси-рухани тәуелсіздігінен айырыла бастады. Азаттық, теңдік тақырыбы күн тәртібіне өткір қойылды.



  1. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы.

1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған.

Оның тұсында ойрат-жоңғарлардың көсемі Батыр қоңтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылдарына қарсы күресті. Жәңгір хан тұсында ойрат-жоңғарлары арасында 3 ірі шайқас:


1.1635

2.1643

3.1652 жылдары болған.


1643 жылы 2 шайқаста Қазақтар жеңді. Осы жылдың қысында Батыр қоңтайшы Қазақ жерлеріне шабуыл жасайды. Ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20000 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Қоңтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып, 1652 жылы ол қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады. Бұл дәуірде Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арсында алауыздықтар мен бақталастық өршіді. Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1718жж тұсында Қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті. Ол бір орталыққа бағынаған Қазақ хандығын құруға күш жұмсады. Феодар шонжарларының өкілдері мен билерден құралған хандық кеңестің және билік кеңесінің рөлін арттырды. Жыл сайын ташкент қаласыны түбіндегі Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен Ұлыста арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде Төле, Әйтеке, Қазыбек билер арасында шешілді.



  1. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы.

Орбұлақ шайқасы 1643 жылдың көктемінде Қазақ хандығы мен жаңадан негізі қаланған Жоңғар хандығының арасында болды. Шапқыншылықтың басты себебі – жоңғар ақсүйектерінің қазақтардың құнарлы жайылым жерлеріне көз тігуі еді.
Жоңғар хандығының негізін қалаған Батыр қонтайшы 1643 жылы 50 мың әскерімен қазақтардың жеріне басып кіреді. Бұны естіген қазақ ханы Жәңгір уақыт оздырмай бар жоғы 600 жасағымен жауға қарсы аттанады.

Шайқас Жоңғар Алатауының етегіндегі Орбұлақ деген жерде (қазіргі Алматы облысы, Алтынемел асуы) болған. Мұндағы екі таудың ортасында қазақтар жоңғардың қалың қолына небәрі 600 әскермен 3 күндей төтеп береді. Шайқастың үшінші күні Самарқаннан Жалаңтөс батыр 20 мың қолымен көмекке келіп, жоңғарларды тас-талқан етіп жеңіске жетеді.


Қазақ тарихында аса ірі соғыс саналатын бұл шайқастың жеңіспен аяқталуының басты себебі Жәңгір ханның көрегендігі еді. Ол шайқас болатын жерге алдын ала келіп, барлау жүргізіп, әскерін шабуылдауға ыңғайлы болатындай екі таудың ортасындағы терең сайға орналастырады. Кейбір деректер бойынша бұл екі таудың биіктігі 200 метр, теңіз деңгейімен өлшегенде 2000 метрге дейін барады. Жоңғар әскерінің осы қос таудың ортасынан өтетінін білген Жәңгір хан алдын ала көшпелілердің соғыс тарихында бұрын болмаған ор қазып, бекіну тактикасын қолданады. Ол ор қазып, білтелі мылтықтары бар әскерлерін ор ішіне орналастырып, екі таудың шыңына мерген садақшылары мен тас атқыш жауынгерлерін отырғызады. Жоңғарлар еш алаңсыз екі таудың ортасына кіргенде қазақтар екі жақтан бас көтертпей тас жаудыра бастайды. Тас тау болып үйіліп, жоңғар әскерінің бір бөлігі қуыстың ішінде, екінші бөлігі сыртында қалады. Дәл осы кезде қазақтар ес жинауға мүмкіндік бермей, бірден оқ жаудырып, жоңғарлардың әскерін зор шығынға ұшыратады. Осылайша Жәңгір хан шайқас нәтижесі санда емес, сапада, өрлік пен намыста екенін дәлелдейді.


Жәңгір ханның тамаша жеңісі туралы дерек тарихнамада XVIII ғасырдан бастап жазылған. Орбұлақ шайқасы туралы алғаш мәлімет берген неміс тарихшы И.Э. Фишер болатын.


Орбұлақ шайқасын қазіргі заманның тарихшылары аты аңызға айналған Фермопил түбіндегі шайқаспен, ал Жәңгір ханды Спарта патшасы Леонидпен теңестіреді. Шын мәнінде осы екі оқиғаның бір-біріне ұқсас жерлері көп. Ежелгі гректерден келе жатқан аңыз бойынша Спарта патшасы Леонид өзінің 300 әскерімен бір жағы теңіз, екінші жағын тау қоршаған тар жерде Ксеркстің 80 мың әскеріне қарсы тұрады. Ал Жәңгір ханның 600 қолы жоңғардың 50 мың әскерін жанкештілікпен Орбұлақ тұсында тоқтатып, бестен бір бөлігін жойып жіберген.


Жәңгір хан шапқыншылық заманда ел басқарып және өз өмірін халқының қауіпсіздігіне арнады. Ол сыртқы саясатқа ерекше көңіл бөлді. Шығыс Түркістан, Орта Азия, қалмақ ұлыстарымен тығыз қарым-қатынас орнатты.


Бүгінде Орбұлақ шайқасы болған жерге ескерткіш орнатылған.





  1. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

Тәуке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.


Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.


1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.


Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.


Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.


Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.


Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.


Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.


XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады. «Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары).


XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі.


«Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Тегінде, «Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы правосын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.


«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде баянды етілді.


«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.


Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.


«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды: 1. Жер дауы заңы (земельный закон) 2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон) 3. Әскери заң (военый закон) 4. Сот заңы (судебный закон) 5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон) 6. Құн заңы (закон о Куне) 7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)


Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді .


Тәуке ханның сыртқы саясаты.


Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.


Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.


XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .


Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.


Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.


Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.


Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.


«Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Яғни қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса 200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны одан жеті есе көп;«Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». Сонымен қатар, қоғамдағы тұрмыстық және адамгершілік қатынастарды құқықтық тұрғыдан жетілдіре түскен.«Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек ат-тон айып тартады»«Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».«Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдыру керек»«Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі»«Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».Осы соңғы өзгерістермен қатар жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдет-ғұрып заңдары Жеті жарғыда көрініс тапты.





  1. XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті.

Қазақ халқының мәдениеті сонау ғасырлардан, біздің ата-бабаларымыздың нұсқауымен келе жатыр.

ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп , қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті және рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол заманға қарай жаңарып, өзгеріп отырды. Қазақ халқының мәдениеті – өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз атабабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөнінідегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі , бай әдеби мұралар, көркем өнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.


Қазақ халқы көшпелі мемлекет болғандықтан рухани мәдениеттің оның өмірінде Тәуелсіз Қазақстан халықтары бай рухани мәдениетті пайдалана отырып, ХХІ ғ рухани мәдениет Қазақ халқының қалыптасуымен қатар жүрді.
І.1. Түркілер дәуіріндегі рухани мәдениет.
Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер –Суға өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай ертедегі орта ғасырлардағы барлық түркі тілдес тайпалардың наным-сенімінде қасиетті осы сипатталған наным-сенімдер ежелгі түрік тайпаларына, оның ішінде оғыздарға,
Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралған, олардың ішінде
Алдыңғы орта ғасырларда будда дінінің негізгі миссионерлері рөлін соғдылар бұдан бұрын атап өтілгеніндей, VI ғасырдан бастап түріктер будда дініне көше бастады.
VII-VIII ғасырларда несториандық ілім Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында Ұлы Жібек жолының бойымен келесі бір дін — манихей діні
Манихей дінінің Жетісу мен Қдзақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте, отырықшы Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тұрғындары арасында тағы бір дүние жүзілік Б. з. б. ІІ-І мыңжылдықта Сібір мен Орталық Азиядағы Орта және Орталық Азияның ғұндардың (хунну) тайпалық одағы құрған.Алайда, Қазақстанның онтүстігі мен Жетісудың далалық өңіріндегі тілдік жағдай VІІІ-Х ғасырларда, алғашында Ертіс өңірінде көне түрік тілдес көлемді түрік тобының тілдерімен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда отырықшы-егіншілікпен айналысқан. Сонымен, біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың ортасы мен екінші жартысын Орта Азия мен Қазақстан аумағында тұрған халықтар ертедегі дәуірдің Алматы маңындағы сақ обасын қазған кезде табылған күміс тостағандағы VІ-VІІ ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген.
Деректемелерде түріктер «қажетті адамдардың, жылқының, алым-салық пен малдың санын» Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде, кеш дегенде VII ғасырдың ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында Iжартысында руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік Монғолияның негізінен Орта Азия мен Қазақстан аумағында руналық ескерткіштердің екі тобын бұл ескерткіштердің бәрі Батыс түрік кағанаты мен Қарлұқ мемлекетінде
Ертедегі түріктердің руна жазуы XI—XII ғасырлардан кейін қолданудан шығып түріктердің руналық жазуымен қатар Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда соғды Монғолия мен Енисейдің руналық текстері маңызы зор тарихи құжаттар екі жазудың да композициясы әбден ұқсас.

І.2. Моңғол жаулап алуларынан кейінгі құрылған мемлекеттердегі мәдениет.


Бұл кезеңнің рухани мәдениеті Дешті Қыпшақ аумағында ежелгі түрік,
Фольклор. Ауызекі халықтық-поэтикалық шығармашылық Алтын Орда халқының рухани мәдениетінің ол кезеңдегі фольклордың ең ертедегі үлгілері ғарыштық, тотемдік, этиологиялық құл иеленушілік мемлекеттерде алғашқы қауымдық мифтер циклдерге айналдырылып қана фольклор жанрлардың арасында әдет-ғұрыптық өлеңдер, ертегілер батырлық жырлар, мақалдар әдет-ғұрып өлеңдерінен айырмашылығы ертегілер тәрбиелік, көңіл көтеру мақсатында айтылды, халық арасында жалпы Шығыс ертегілері мен ғибратты-новелла сипаттағы мысал. Бұл кезенде Алпамыс, Қобыланды, Сайын, Қозы Көрпеш туралы ертеден , Қобыланды батыр туралы эпостың көне негіздері де VІІІ-ІХ ғасырларда,«Ер Сайын» эпосы да нақ осылайша қалыптасқан.



  1. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.

Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды".





  1. Жоңғар хандығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.

Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. 1723 жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.
Осы кездегі бар қалған қазақтың қасіретін «Елім-ай» әні баяндап дүниеге келеді. Өз күшіне бірте-бірте енген қазақтар мың жеті жүз жиырма алтыншы жылы үш жүз батырлары, қолбасшылары бірігіп, құрылтай өткізеті. Осы құрылтайда әр рудың басшылары жауға қарсы аттануға бел буып, шешім қабылдайды. Сол кезден бастап жоңғарларды бірте-бірте қазақ жерінен қуа бастайды.

Сол кездегі қазақ батырларының көрсеткен ерліктері, қазақ халқының бірлігі «Аңырақай» шайқасында жеңіске жетуге себеп болды. Бұл оқиға қазақ есінде мәңгі қалатын өшпес із болмақ. Болашақ ұрпаққа үлкен сабақ болмақ. Қазақтардың қайтпас қайсарлығы, еліміздің осындай бейбітшілік күнде өмір сүріп жатқанымыздың жемісі. Ақтабан шұбырынды оқиғасының мәңгі тарихта қалуы ұлы жеңіске жетуінің, ұлы дала болуының бейнесі ретінде есте сақталады.


Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасының басталуы мен аяқталуы туралы деректерді жинақтай келе Абылай ханның даналығының арқасында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтағанын көреміз. Жоңғар елінің ішкі алауыздығын тудыру арқылы, сыртқы қорғаныстарын әлсіретіп жаулап алған қазақ жерлерін қайтарып алды.


Жоңғар шеріктерінің негізгі күштері Цинь империясымен болған шайқастарда шыңдалды. «Жоңғар хандығының тарихы» атты еңбектің авторы И.Я. Зпаткиннің айтуынша, XVIII 20-жалдарына дейін жоңғарлар Шығыс Түркістан халықтарын, қырғыз, тува, алтайлықтарды өзіне бағындырды. 30-жылдарға қарай Жоңғария Еуразиядағы күшті көшпелі державалардың біріне айналды. Бұл кезеңдерде Жоңғар мемлекеті бір мезгілде Қытай, Қазақ хандығы және Орта Азия билеушілерімен соғыстар жүргізіп, Ресейдің солтүстік шекараларына қауіп төндірді. Олардың Сібір мен Алтайдағы бекіністеріне жиі шабуылдап отырды. Жойылып кетушілік қауіпі қазақ халқын біріктірді. Қазақ қоғамында ерекше бірігу рухы пайда болды. 1723-1724 жылдардағы ірі жеңілістерден соң асығыс түрде жер-жерде жасақтар құрыла бастады, оларды халық арасынан шыққан мықты батырлар басқарды. Осындай қиын кезеңде Абылай, Әбілқайыр хандардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, талантты қолбасшылар — Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары және Жәнібек батырлардың даңқы шықты.


Райымбек ойрат және қалмақ тайпаларын Қазақстанның оңтүстік-шығысынан түgкілікті қуып шығуда үлкен рөл атқарды. Оның белсенді араласуымен Теrtc және Қарқара езендері бойында шекара анықталды. Ол тұрғызған улкен «Қызыл оба» кейіннен Нарынқолда қазақ-қытай шекарасын анықтауда ескерткіш белгі болып қалды, Сол кезеңде қазіргі Алматының айналасындағы үлкен аумақ қалмақ билеушілері Ағанас пен Арысханның иелігінде болатын — Ұлы жүз қазақтарының әскери кеңесінде, Қалмақтар күшпен басып алған жерлерді жаудан азат ету жөнінде шешім қабылданды. Ағанастың шабуыл жасауға дайындалып жатқанын сенімді адамдары арқылы білген Райымбек дереу іске кірісіп, күтпеген соққы арқылы жауды кері қайтаруға шешім қабылдады. Өзі бастап сарбаздарымен жаудың қосына басып кіріп, оларды қашуға мәжбур етті. ¥рыс басында Райымбек Ағанасты өлтірді. Келесі алған қамалы Ағанастың ордасы болды. Бұл үзіліс қазақтарға да өте қажет еді.





  1. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.
Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол кезеңнің «Қазақ батырлығының алтын ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес.
Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе — қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең-байтақ Қазақстан аумағының барлық жерінде бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және ру-руға бөліну дегенді ұмытты, жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты. Қазақтың халық жырауы Тәті-қара үш жүздің өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ерлік көрсеткенін былай деп суреттейді: «Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы, Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.


Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт, жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде ер Жабайды айт».


Қазақ батырларының ерен ерлігін біздің заманымызға дейін өз шығармалары арқылы жеткізген жырау-ақындар Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Олардың көпшілігі сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен жалынды жау жүрек жауынгерлер де болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет