Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет119/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   127
Ата-аналарға арналған ісшаралар: ата-аналардың құқықтық жаппай оқуы, мектептің психологиялық қызметінің кеңесі, спорттық жарыстар, психолог және пән мұғалімдерімен бірге өткізілетін бейіндік іс-шаралар, дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу.

Алтыншы күнді (сенбі) ұйымдастыру барысында педагогтер білім алушылармен бос уақытты өткізу және дамыту қызметтері үшін қаланың, ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады.



Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің пән мұғалімдерімен және мектептегі өзін өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, мектептің алтыншы күнінің жоспарын әртоқсан сайын әзірлеп отырғандары жөн. Осы күннің барлық іс-шаралары педагог-ұйымдастырушы немесе сынып жетекшісі толтырып отыратын келіп кету журналының есебінде тіркеліп тұруы қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі. Алтыншы күннің (сенбі) қорытындысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін жиналыстарда апта сайын қарастырылуы қажет.

Осылайша, жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім беру ресурстарын қолдану біртұтас білім беру кеңістігі аясында білім алушылардың әлемді тұтас қабылдауын қалыптастыруға, тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.


239


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



14 МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ
Мектеп кітапханалары Қазақстанның кітапханалық жүйесінде ерекше орын алады. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде мектеп кітапханасы – оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы болып табылады. Сондықтан да жұмыс істеудің дәстүрлі түрлерімен қатар инновациялық формалары де енгізілуде. Мектеп кітапханаларының қызметі кітап қоры мен оқулықтар қорының маңайында ғана болатын. Білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу бұл жағдайды өзгертті. Мектеп кітапханасы білім алу және ақпараттарға негізделген , қазіргі қоғам өміріне ойдағыдай қатысу үшін ең маңызды болып табылатын, ақпараттарды алу және идеялармен танысуға мүмкіндік береді. Оқытуға байланысты қызмет көрсетіп, кітаптар мен материалдар, мектеп қоғамдастығының барлық мүшелеріне сыни тұрғыдан ойлауға, дағдылануға мүмкіндік береді және барлық тасымалдағыштар мен әртүрлі форматтағы ақпараттарды қолдануға тиімді болып табылады. Әр кітапхана өзінің даму стратегиясы мен тактикасын әзірлейді. Осыған байланысты кітапханашының да рөлі өзгереді: оқушыға жақсы кітапты ұсынушы және беруші, ақпараттық жаңа технологиялар саласындағы маман, оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімдермен бірлесіп жүйелі тәсіл әзірлеуші. Мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контингентімен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасай алуға мүмкіндігі бар. Балалармен жұмыс жасаудың басты бағыты – білім алушылардың тұлғалық әлеуметтенуі мен дамуы, рухани -адамгершілік мәдениеті, ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен деңгейлерін пайдалануға үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапхананы пайдалануға дағдыландыру.

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп кітапханасы жұмысының мақсаты алдыңғы қатарлы педагогикалық тәсілдерді, жаңа ақпараттық технологияларды қарқынды енгізу көрініс табады. Осы негізде мектеп кітапханасы:

– пайдаланушылардың ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсету: оқушылар мен педагогтерге қолда бар барлық оқу-әдістемелік және қосымша қолданыстағы немесе медиа ресурстармен тегін және еркін қолдану құқығын қамтамасыз етеді;

– жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде кітапхана ұсынған қызметтер номенклатурасын жетілдіру, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы оқу кітапханалық ортаны ұйымдастыру;


– экологиялық сауаттылық, азаматтық, гуманистік патриоттық сана-сезімге тәрбиелеу;

240


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

– қолданушының шығармашылық әлеуетін дамыту, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту;

– білім алушыларға жүйелі оқытуды ұйымдастыру, мәдени, жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып дамытуды іске асыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет