Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Заманауи мектеп кітапханаларының бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты



бет120/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   127
Заманауи мектеп кітапханаларының бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты:

1. Мектептің алдына қойылған және оның оқу бағдарламасымен бекітілген

білім беру мақсаттарын қолдау, нығайту.

Анықтамалық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету арқылы білім алушылар мен педагогтерге өздігінен білім алу мен оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету. Білім беру жобаларында білім алушылар мен оқушыларға көмек көрсету.


Оқырмандарға тәуелсіз кітапханалық пайдаланушы дағдысын қалыптастыру: кітапты және басқа да ақпараттық тасымалдағыштарды пайдалана білуге, іздеу, іріктеу, ақпаратқа сыни баға беруге үйрету.

Жаңа кітапханалық технологияны игеру және дәстүрлі технологияны жетілдіру. Құжаттарға неғұрлым толық және тез қол жеткізуге мүмкіндік жасау. Ақпараттарды алуда білім алушылар, ата-аналар, педагогтарға әдістемелік консультациялық көмек беру.

Оқушыларға шығармашылық ойлау, кітапхананы пайдалана білу, кітап оқу мәдениеті, кітапқұмарлық, ақпараттық мәдинетін дамытуға тәрбиелеу. Балаларға оқуға әдеттенуін қолдау және дамыту, оқу және одан қанағаттану. Өздігінен оқуына ықпал ету.
Барлық білім алушыларға коммуникацияның әртүрлі түрлерін қоса, тасымалдағыш немесе форматтары, формасына қарамай ақпараттарды қолдану мен дағдыларын практикада қолдану және иеленеуге қолдау білдіру.
Ақпаратты өңдеу мен жинақтау, жинау және оны пайдаланушыға жеткізу. Кітапханада бар ақпараттық деректер базасында кітапханалық іс-шаралар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізу.
Оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету мақсатында мектеп кітапханасының кітап қорын қалыптастыру;.
Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, пайдаланушылар арасында мазмұнды қарым-қатынастарын дамыту.

Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа халықтардың тілінде және мемлектеттік тілдегі әдебиеттерді насихаттау.

Кітап оқу қызығушылығын қалыптастыру.
Әлеуметтілік және мәдени қабілеттілік пен білгірлігін жетілдіруге мүмкіндік беру, іс-шараларды ұйымдастыру. Мектеп іс-шараларын өткізуде АКТ пайдалану болып табылады.

Бүгінгі таңдағы мектеп кітапханашысының қызметі мен болашақтағы мектеп кітапханасы рөлінің тәжірибесі мен педагогика ғылымындағы үш көзқарас, үш басты тәсілдер байқалды.



Бірінші тәсіл мектеп кітапханасы базасында жаңа медиатека-бөлімшесін жасау қажеттілігін негіздеу немесе мектептің кітапханалық медиаорталығына, кітапханашыға қосымша функция медиамаман міндетін атқару.

241


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



Екінші тәсіл кітапхана мектептің ақпараттық орталығы болуы керек, ал кітапханашы ақпар беруші функциясын өзіне алуы керек.
Үшінші тәсіл білім беру мекемелерінің өзіндік міндеттерімен педагогикалық құрылымдық бөлімшесі ретінде қарастыру керек.

Мектеп кітапханаларының айрықша белгілері – басқа әлеуметтік жүйелер аясында оны әлеуметтік жүйе ретінде жұмыс істету. Жаңартылған білім мазмұны контексінде білім беру ұйымдарын олардың алдына мынадай міндеттер қояды-оқушының шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау. Кітапхана оқу-тәрбие процесінде көмек беретін, шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін тиімді жандандыруға қабілетті және осы жерден барлық мектеп кітапханасының басты міндеті шығатын, білім беру ортасының элементі болып табылады.

Қазіргі заманғы кітапхана пайдаланушыларына барлық оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу бағдарламалары, әртүрлі баспа шығармалары, аудио, бейне материалдары, электрондық тасымалдағышта ақпараттар (сонын ішінде электрондық оқулықтар) кешендерін ұсынады. Сол арқылы ақпараттың барлық түрлерін тиімді қолдану мен сыни ойлауын дамытуға себептеседі.

Мектеп кітапханасын жаңғырту мектеп кітапханасы функциясын күрделендіру мен кеңейту, кітапханалық-ақпараттық қызметтерін өзгертумен бірге жүреді. Мектеп кітапханасы тек ағымдағы оқу процесін және оқушының кітап оқуына жетекшілігін қамтамасыз етпейді, енді ол жаңартылған білім мазмұнының ресурстық базасы, мұғалімдердің ақпараттық орталығы болып табылады. Кітапханашы пән мұғалімдерінің күрделі сауалдары мен ақпараттық ресурстар арасында делдал болады.

Кітапханашы мен мұғалімнің бірлестігі білім алушылардың сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік беріп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалана білуге дағдылану, есте сақтау, оқу дағдыларын, дамытуға көмектеседі. Оқу бағдарламаларына ақпараттық қолдау білім беру мекемелерінің құрамдас бөлігі ретінде мектеп кітапханасы үшін басымдық болып табылады. Кітапханаға ақпараттық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету жолымен мектептің оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Сонын ішінде кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын тиімді жүргізе отырып, кітапхана қорын сапалы жинақтау негізінде білім беру процесінің вариативті әртүрлі мазмұнын қамтамасыз ету т.б.

Қазіргі кезде кітапханалардың технологиялық қызметін жүзеге асыруға көмектесетін түрлі электронды бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалардың мүмкіндіктері (АБИС) кең, олардың жинағы Академия сайтында орналастырылған «Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханалары ресурстарын дамыту бойынша» атты әдістемелік ұсынымдарда берілген.


242


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет