Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016 Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



бет2/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.


Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұл – командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT-біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар. Қазақстан ДЭФ-тің «XXI ғасыр дағдыларындағы ауытқуларды зерттеу» рейтингісінде мектеп оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейі төмен елдер тобында тұр. Құзыреттілік және жеке мінездемелер деңгейі базалық дағдылардан едәуір төмен.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.

76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына барлық бірінші сыныптар көшеді. Олар 2015-2016 оқу жылында 30 пилоттық мектепте апробациядан өткен жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқиды.

Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылды.

2016-2017 оқу жылында республиканың 5 өңірінде 63 пилоттық мектепте 10-11-сыныптарда жанбасына қаржыландыру апробациясы жалғастырылатын болады.

Үштілді білім беруге көшу шеңберінде Бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарында (бұдан әрі - ҮОЖ) ағылшын тілін оқытуға бөлінген сағат саны көбейтілген. ҮОЖ-ға сәйкес 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші сыныптарға ағылшын тіліне 2бөлінеді.

2016-2017 оқу жылында негізгі және жоғары сыныптарда үш тілде білім беруге көшу бойынша дайындық жұмыстары басталады . Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ағылшын тілін үйрену жоспарланған үш

3
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

тілде оқушыларға қосымша білім беру бағдарламасы және жоғары сынып пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын әзірледі. Барлық жұмыстар Академияның сайтына орналастырды.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2015ж.24.11 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ) бекітілді.

Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу, дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі.

БҒДМБ сәйкес оқыту сапасын арттыруда білім беру процесінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық қолдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет