Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері
Білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында мынадай
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
ұстанымдар мен тәсілдер қарастырылуы қажет:
тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтер, психологтар, ата-аналармен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл;
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамытудағы әрекеттік
тәсіл;
тәрбие мен оқытудың мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйретуші және дамытушы бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады.
Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінде көрінеді: мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы; мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету; - балалардың білім беру әрекетіне қатысуында.
Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы «Новые решения», «Алматыкітап» және «Арман-ПВ» баспаларымен әзірленген әдістемелік ұсынымдармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оқу және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіледі.
Мектепалды даярлық сыныптары педагогтерінің қызметін ұйымдастыру
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі білім беру процесін
ұйымдастыру үшін:
балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етеді;
топтағы білім беру әрекетін жоспарлайды;
денсаулықты сақтау шараларын жүргізеді;
білім беру салаларын кіріктіруді ескеріп, заттық-кеңістік дамытушы ортаны құрады;
балалармен жұмыста тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
жеткен нәтижелерді талдау негізінде бала мен сыныптың алдағы әрекетін жобалайды;
озат педагогикалық тәжірибені зерделейді, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданады;
балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді;
мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті тәрбиелеу мен оқыту үшін қажетті жағдайларды жасайды.
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі сыныптың күн тәртібіне сәйкес келесі әрекеттерді жүзеге асырады: сабақтарды жүргізу, балалармен қарым-қатынас, ойындар, ата-аналармен жұмыс және т.б.
Мемлекеттік, орыс, шет тілдерінің педагогтері:
үйретілетін тілдің ерекшелігін ескеріп, сабақтарды жоспарлайды және ұйымдастырады;
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
оқытудың әртүрлі формалары, әдістері, тәсілдері және құралдарын қолданады;
балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
баланың тілдерге жеке қабілеттерін байқайды және оны дамытуға жәрдемдеседі;
интерактивтік жабдықтар негізінде инновациялық технологияларды қолданады;
үш тілді оқытуд жүзеге асырады.
Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінің мұғалімдері ҮОЖ тілді мақсатқа бағыттап үйретуді жүзеге асырады.
Музыка мұғалімі:балалардың музыкалық дамуын жүзеге асырады; музыка сабақтарын, балалар мерекелері мен басқа да мәдени -бұқаралық ісшараларды ұйымдастырады және өткізеді; музыкаға дарынды балаларды анықтайды; балалармен жеке жұмыс жүргізеді; балаларды музыкаға тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес береді.
Дене шынықтыру мұғалімі:сабақтарды жоспарлайды және өткізеді; дене тәрбиесі бойынша озат педагогикалық тәжірибені зерделейді және инновациялық технологияларды қолданады.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |