Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет15/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127
Ортақ тақырыптар

Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық


32


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан, мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.

1 сыныпта ортақ тақырыптар әр тоқсанға 2-еуден тең бөлінген, олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат саны қарастырылады. Мұғалім әрбір ортақ тақырып үшін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшелігіне байланысты өзі өзгертеді (2-кесте).

2-кесте – Ортақ тақырыптар

1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Барлығы мен туралы
Менің отбасым және
Саяхат
Тағамдар және

достарым


сусындар
Менің мектебім
Бізді қоршаған әлем
Салт-дәстүрлер және
Дені саудың - жаны

ауыз әдебиеті


сау!

Оқу жоспарлары
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттар жүйесін құра отырып, нақты оқу пәнінің оқыту мақсаттарында әрбір бөлім бойынша нақтыланады.

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларына қосымша берілген оқу жоспарлары ұсыныс сипатында болады. Оқытудың мақсаттар жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.).

Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды.

Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтиды.

Әдетте, орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың жүйелі сериясына құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді, сондай-ақ мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.

Орта мерзімді жоспарлар оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделе отырып, мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары, сондай-ақ ресурстар берілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.). Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім деңгейін ескере отырып, тапсырмалардың кейбір түрлерін өзгерту және түзетуі



33


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

мүмкін. Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын орта мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгіге сай өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ мақсаттарына анағұрлым тиімді қол жеткізуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.

Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;


сабақ мақсаттарын анық тұжырымдау (S.M.A.R.T. қағидасы бойынша), яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет