«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту барысында үнемі «Мәңгілік Ел» идеясының жоғарыда аталған құндылықтарымен байлыныстырып отыру ұсынылады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – білім берудің басым мақсаттарының бірі. Оның нәтижесі оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуын қамтамасыз ететін тиімді әдістерді білім беру процесіне оңтайлы енгізу – мектеп пен ұстаз қауымына қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы.
Оқу процесі ҚР БҒМ 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілді) пәнінен оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей белгіленген:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізілетін жазба жұмыстарының нормалары (19-кесте).
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
19-кесте. Жазба жұмысына қойылатын талаптар (мазмұндама, шығарма)
Сыныптар
Жазба жұмыстар
Оқу тоқсандары
Барлығы
түрлері
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
5
Мазмұндама
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
6
Мазмұндама
2
2
-
-
4
Шығарма
-
-
2
2
4
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
7
Мазмұндама
2
2
-
-
4
Шығарма
-
-
2
2
4
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
8
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
9
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді (20, 21-кесте).
20-кесте. Мазмұндама мәтінінің көлемі
Сыныптар
Мәтін көлемі
5
100-150 сөз
6
150-200 сөз
7
200-250 сөз
8
250-300 сөз
9
300-350 сөз
21-кесте. Мазмұндама мәтінінің шартты белгілері
Шартты белгілер
Белгілер
Нені білдіреді?
/
емле қатесі белгіленеді
V
тыныс белгісінен кеткен қате
Z
абзац керек деген белгі
Z
артық қойылған абзац
?
екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі
?!
пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік
!
осы жерге ерекше көңіл аудар
~ ~
ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер
мен сөйлемдер
...
стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген
белгі
...
сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерін жүргізуге болады:
дайын мәтін бойынша мазмұндама;
сурет бойынша мазмұндама;
аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.
Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады:
мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;
мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру;
өз жанынан қосымша оқиға қосу;
- мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;
қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;
кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;
берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.
Шығарма мен мазмұндаманы бағалау. Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарстырылады:
мазмұндылығы мен идеялылығы;
ой-пікірдің жүйелілігі;
стилі;
грамматикалық сауаттылығы;
әдеби материалдарды пайдалануы.
Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы ; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады.
Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:
Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады. Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.
Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәптермен жұмысты ұйымдастыру. Дәптерлерді тексеру тәртібі. 5-9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына
1 рет тексерілуі қажет (22-кесте).
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
22-кесте. Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
Жұмыс дәптері
Жазба жұмыс дәптері
Барлығы
Қазақ әдебиеті
1
1
2
«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіп бойынша орындау ұсынылады:
дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;
көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.
қазақ әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге мазмұндама, шығарма, эссе, бақылау жұмыстары орындалады);
«Қазақ әдебиеті» пәнінен сөздікке арналған дәптері.
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;
сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
мәтін азат жолдан басталады;
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады ;
дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;
дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
«Қазақ әдебиеті » пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
4 қыркүйек - жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің туғанына 75 жыл (1942 ж.);
5 қыркүйек – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл (1872 -1937);
17 қыркүйек - ақын Сырбай Мәуленовтың туғанына 95 жыл (1922 -1993); 28 қыркүйек - Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл
(1932 ж);
15 қазан - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл (1936-2007);
2 қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889);
26 қараша - қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (1902-1958);
12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеуші,ғалым, филология ғылымының докторы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (1942- 2009 );
12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл (1927-2006);
22 наурыз - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы , мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл (1902 -1985);
15 сәуір - жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (1922 -2007);
көрнекті ақын, жырау Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802-1874);
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл (1847 -1920)
1867 жылы - қазақтың суырыпсалма ақыны Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл (1867- 1922);
9 шілде - ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 195 жыл
(1882-1939);
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;
http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар
сайты;
http://abai.kz-ақпараттық-танымдық сайт;
http://u-s.kz- ұстаздар сайты;
http://ustaz.kz -ашық сабақтар сайты;
http://sabak-сайт творческих учителей Казахстана;
http://ojarovaroza.ucoz.kz-қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің портфолиосы;
http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік
сайт;
http://bilimsite.kz/ustaz -білімділер сайты;
http://u-s.kz/publ/ -ұстаздар сайты;
http://sabaq.kz -ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;
http://ped.kz -ұстаздардың әлеуметтік порталы;
http://oqu-zaman.kz-ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді
сайт;
http://tarbie.org- ұстаздар сайты;
http://kazbilim-edu.kz-оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;
http://bilimtime.kz – ұстаздарға арналған сайт.
Достарыңызбен бөлісу: |